Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Туған өлкем

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1. шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұрыс қойып)/ рөлге бөліп оқу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды

Көптеген оқушылар: шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды

Кейбір оқушылар: шағын мәтінді түсініп, өздігінен мәнерлеп оқиды

Бағалау критерийлері

Мәтінді мәнерлеп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Неткен, қандай, сондай, сұлу, көркем, туған өлкем

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тиін туралы әңгімені мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Айырмашылығын тап!»

Оқушылар берілген сөйлемдерді салыстыру арқылы айырмашылығын табады.

  • Қызыл гүл әдемі.
  • Қызыл гүл неткен әдемі!
  • Қызыл гүл сондай әдемі!
  • Қызыл гүл қандай әдемі!

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

10 мин

) Суреттер сөйлейді. Оқушылар берілген суреттер бойынша лепті сөйлемдер құрастырып айтады.

Ықтимал жауаптар:

Неткен кішкентай құс!

Қандай әдемі гүл!

Қандай үлкен ағаш!

(Ө) «Поэзиялық сәт»

Берілген өлеңді дауыс ырғағын келтіріп мұғаліммен бірлесе оқиды. Тыныс белгілеріне назар аударады. Таныс емес сөздердің мағынасын ашып, сөздікке жазады.

Туған өлкем

Елінде күн нұрын төккен, 

Жерінде гүл жұпар сепкен, 

Неткен сұлу, неткен көркем 

Осы менің туған өлкем! 

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар,

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

Дескриптор:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Төл дыбыстарын дұрыс айтады.

(Ө) Мен білемін! Оқушылар өлеңнен заттың атын және сынын білдіретін сөздерді теріп жазады, жазған сөздерімен қандай? не? конструкциясы бойынша сөз тіркестерін құрастырып айтады.

Қандай?

Не?

Дифференциация. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастырып айтады.

Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу