Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • ПӘН: Қазақ тілі

Бөлім: Тамақ және сусын.

  • ТАҚЫРЫБЫ: Жеміс – жидек және көкөністер – идеяларды есте сақтау.
  • МЕКТЕП: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Мұғалім: Бердібаева А.М., Кушерова Л.К.
  • СЫНЫП:
  • ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:
  • ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

Т5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

А4 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Жеміс- жидек, көкөніс атауларын ажырата алады. Жеміс-жидек пен көкөністерге сипаттама береді және атауларын жазады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Жемістер мен жидек, көкөністердің пайдасы мен зияны туралы ойын айта алады. Ертегінің кейіпкерлерін ажыратады және оларға сипаттама береді.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Дыбыстық-бейнелік материал бойынша өз ойын анық жеткізе алады. Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп ойнайды.

 Сөздік қор:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Асқабақ, көкөніс, қарбыз, қауын, жүзім, қияр, орамжапырақ, алма, шабдалы, алхоры, қызылша, картоп, бұрыш, пияз, шие, шалқан, т.б

Алдыңғы білімдер

Жемістер мен көкөністер –оқылым.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбер

Сабақтың ортасы

(Ө) Әр оқушының алдына ноутбук беру. Компьютерден сөздің айтылуын тыңдайды да, әріптерді орындарына қойып, сөздер құрастырады.

(Т) Плакатта пайдалы және зиянды жеміс-жидектердің суреттерін топтастырады және себебін түсіндіреді.

Үлгі: Жеміс-пайдалы тағам. Себебі жемістерде витамин көп. Күш береді.

Сергіту сәті

Қарбыздай дөңгелек боламыз,

(Екі қолын біріктіріп, дөңгелек шар жасайды)

Қиярдай сопақ боламыз,

(Екі қолын алдына қарай біріктіріп созады)

Өріктей кішкентай боламыз,

(Саусақтармымен кішкентайды көрсетеді)

Жүзімдей көп боламыз.

(Балалар бірігіп ортаға отыра қалады)

(Ұ) Оқушыларға «Алма» мультфильмін көрсету. Мұғалім кадрларды тоқтатып, ары қарай не болатынын болжатады. Толығымен көріп болған соң, оқушылар пікірлерін айтады.

  • Мультфильмде қандай жеміс бар?
  • Қандай кейіпкерлер бар?
  • Сендерге қай кейіпкер ұнады? Неге?
  • Мультфильм ұнады ма әлде ұнамады ма? Себебін түсіндір.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегідегі кейіпкерлердің бірін таңдап, суретін салады және сипаттама береді.

http://soyle.kz/

казахский язык для детей

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

1) Пайыздық көрсеткіш: 50% 75% 100%

2) Сабақ соңында оқушылар көңіл – күйді білдіретін жеміс – жидектің суреттерін іледі.

INCLUDEPICTURE "http://img-fotki.yandex.ru/get/6205/131624064.111/0_7e80c_61552bef_XL" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://img-fotki.yandex.ru/get/6205/131624064.111/0_7e80c_61552bef_XL" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://img-fotki.yandex.ru/get/6205/131624064.111/0_7e80c_61552bef_XL" \* MERGEFORMATINET

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралыұ байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

  • Қалыптастырушы бағалау: бақылау, өзін-өзі бағалау
  • Дене шынықтыру бойынша қозғалмалы жаттығулар орындау.
  • Компьютерде сөздер құрастыру, мультфильм көрсету арқылы АКТ пайдалану
  • Дүниетану сабағымен байланыстыру

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті кезең:

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуге септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу