Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау№2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау

1.1.3.1 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы,мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады. Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Көбі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Әдеби жанрларды біледі және мәтіннің әңгіме/өлең немесе ән екенін анықтай алады.

Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ерте ерте ертеде, шалқан, шал, кемпір, немере, күшік, мысық,тышқан.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты жас кезінен шыңықтыруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Оқушылар шеңберде тұрып, тізбекпен бір-бір сөйлемнен «Шалқан» ертегісін мазмұндайды.

Ерте ерте ертеде... бір кемпір мен шал болыпты. Олардың қызы, иті, мысығы және тышқаны болыпты. Бірде шал шалқан отырғызады. Күн шығады. Жаңбыр жауады.. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды тарта алмайды.Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды жұлып алады.  Соңында, шал, оның кемпірі, қызы, иті мысығы және тышқан шалқаннан жасалған дәмді сорпаны ішеді.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(Т,қ) Мұғалімнің әңгімені мазмұндау схемасының көмегімен оқушылар шағын топтарда бір-біріне ертегіні мазмұндайды. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалау:

  • әңгімені ауызша баяндауы;
  • іс-қимылды қосымша пайдалана алуы;
  • мұғалімнің ұсынған мазмұндау үлгісін қолдану.

(Ұ, қ) Әрбір топ ертегіні сынып оқушыларына мазмұндап береді. Басқа оқушылар тыңдайды, бірін-бірі бағалайды, пікір айтады.

(ҚБ) Іс-қимылдың мысалдары (оқушылар көбіне іс-қимылдарды тез қабылдайды):

  • ерте, ерте, ертеде: алақаныңызды кітап ашылғандай етіп жайыңыз;
  • бір күні: сұқ саусағыңызды жоғары нұсқаңыз;
  • шалқан өсті: қолыңызды құлаштап жайыңыз;
  • мысық: 2 саусағыңызды төбеңізге құлақ етіп қойыңыз;
  • ит: қолыңызды иттің құйрығы секілді бұлғаңдатыңыз;
  • тышқан: мұрттарын көрсетіңіз.

Мұғалім осы қимылдардың барлығын оқушылармен бірге жоспарлау.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Күніміз жарық болсын,Аспанымыз ашық болсын.Деніміз сау болсын,Елімізде тыныштық болсын.

Жетістік критерийі:

  • Әдеби жанрларды біледі және мәтіннің әңгіме/өлең немесе ән екенін анықтай алады.
  • Берілген материалдағы мәселені анық, түсінікті сөйлеуі арқылы жеткізе алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен мұғалімнің мазмұндау схемасын пайдаланып, ертегіні мазмұндайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: басқа оқушылардың іс-әрекет, қимылдарын қайталап, үлгідегі негізгі сөздерді пайдаланады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Мен ... үйрендім.

Мен ... білдім.

Маған ... қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу