Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.

1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

2.4 Диалогке қатысу.

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетуге тырысады.

Көбі: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді және диалогқа қатыса алады.

Жетістік критерийлері

Берілген сөйлемдерді немесе өлең жолдарын дауыстап, дұрыс оқи алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көңілсіз, көңілді, қуанышты. Мен мектепке келдім. Мен өте қуаныштымын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ертеңгілік шеңбері

  • Ең бірінші балалар мен мұғалім бір – бірімен амандасады.

(МК) Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып өлеңді дауыстап оқиды.

Мен мектепке барамын,

Мен оқушы боламын.

Қолға қалам аламын,

Жазуды да жазамын.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

өлең

Сабақтың ортасы

10 минут

8 минут

2 минут

8 минут

(ҚБ) Оқушылар өлеңді тыңдайды.Өлеңді тыңдаған кезде менің көңіл-күйім кандай болды? деген сұраққа жауап береді.

Алақай –ау, алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай!

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым бүгін мектепке

Оқушымын мен енді.

  • Берілген сөйлемдерді немесе өлең жолдарын дауыстап, дұрыс оқи алады.

(Ж) Оқушылар мектепке келген алғашқы күнгі көңіл-күйлерін жұпта ойнап көрсетеді.

Балалар бір - бірлеріннен көңіл – күйлерін сұрайды.

Мысалы:

Миша, сен көңілдісің бе?

Иә, мен көңілдімін.

Саша сен қуаныштысың ба?

Жоқ, мен көңілсізбін.

(Ө) Оқушылар өздерінің мектепке келген күні туралы сурет салады.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

Салған суреттері бойынша өздерінің көңіл-күйлерін айтады.

Таныстырылымдағы берілген сурет бойынша баланың көңіл-күйі туралы айтады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар өз сезімдері жайлы қысқа сөйлем/сөз орамдарын айтады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар өз сезімдері жайлы қысқа сөйлем/сөз орамдарын бергілген үлгі бойынша айтады.

Слайд№5

Слайд№6-10

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар өз сезімдері жайлы қысқа сөйлем/сөз орамдарын айтады.

Оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып өлеңді дауыстап оқиды. Өлеңді оқыған кезде менің көңіл-күйім кандай болды?деген сұраққа жауап береді.

Ана тілі

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу