Программалық қамтамасыз етуді жіктеу. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютерлік жүйелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Программалық қамтамасыз етуді жіктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1 қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу  

10.1.2.2  түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ата

 Сабақ мақсаты

  • Типі бойынша қолданбалы программалық қамтамасыз етуді жіктеу.
  • Таратылу тәсілі бойынша қолданбалы программалық қамтамасыз етуді жіктеу.  
  • Операциялық жүйенің әр түрлі типтерімен таныстыру
  • Әр түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.
  • Формативті бағалау жүргізу.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • қолданбалы бағдарламалардың түрлерін біледі және мысал келтіре алады;
  • қолданбалы бағдарламаларды қолданылу мақсатына сәйкес жіктей алады және мысал келтіреді;
  • операциялық жүйенің әр түрлерін біледі;
  • әр түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар бағдарламалық жабдықтаманың типі және таратылу тәсілі бойынша жіктелуін түсіндіре алады, әр түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіре алады.

Лексика және терминология:

Жүйелік бағдарламалық жабдықтама, қолданбалы бағдарламалық жабдықтама, Shareware, Trial, Adware, Donationware, Careware, Demo, Cardware, операциялық жүйе.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Типі бойынша бағдарламалық жабдықтарды жіктеуге болады…,

Таратылу тәсілі бойынша бағдарламалық жабдықтарды жіктеуге болады...,

Windows (Linux, Mac) операциялық жүйелердің артықшылықтары…,

Windows (Linux, Mac) операциялық жүйелердің кемшіліктері…

Құндылықтарды

 дарыту

Басқа оқушылардың ой-пікірін тыңдай білу, толеранттық, басқа оқушының ой-пікірін сыйлау, адалдық, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Операциялық жүйемен, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы.

Талдауға арналған сұрақтар арқылы оқушылардың назарын аудару.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин.)

Сабақтың басында мұғалім оқушылардан өздері білетін және қолданатын бағдарламалардың түрлерін атауды сұрайды. Осы айтылған бағдарлама атауларын мұғалім тақтаға жазады. Мұғалім қосымша тағы басқа бағдарлама атауларымен толықтыруына болады. Мұғалім оқушыларға қолданылатын бағдарламалардың саны өте көп екендігін және осы бағдарламалардың қолданылу мақсатына сәйкес жіктелуі қажет екендігін түсіндіреді. Осы арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

тақта,

презентация (1-2 слайдтар).

Сабақтың ортасы

Мұғалім оқушылардан осы барлық бағдарламаларды қандай белгілері бойынша екі топқа жіктеуге болатынын сұрайды. Мұғалімнің көмегімен оқушылар барлық бағдарламаларды жүйелік және қолданбалы бағдарламалр тобына жіктеулері қажет.

Оқушылар анықтаманы дәптерлеріне жазып алады.

Қолданбалы бағдарлама (Прикладная программа; application program) — пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа, оған мәтіндік процессорды, мәліметтер базасынэлектрондық кестені және т.б. жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағ дарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағ дарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері:

  • операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux;
  • сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар);
  • желілік бағдарламалық құралдар.

Жүйелік бағдарламалардың қолданбалы бағдарламалардан айырмашылығы олар нақты бір мәселені шешпейді, тек қана басқа бағдарламалардың жұмысын қамтамасыз етеді.

Мұғалім қолданбалы бағдарламаның үш топқа бөлінетінін түсіндіреді: жалпы мақсаттағы, мәселелік бағытталған және кәсіби деңгейдегі бағдарламалар.

Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

  • мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
  • графикалық редакторлар;
  • электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;
  • мәліметтер қорын басқару жүйелері;
  • электрондық презентациялар және т.с.с.

Мәселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар  -  белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

  • жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);
  • таңбаларды айыру жүйелері;
  • статистикалық, қаржылық–аналитикалық жүйелер;
  • ғылыми зерттеулер жүйелері және т.с.с. жатады.

Презентация (Слайд3).

Кәсіби деңгейдегі бағадарламалар маманның кәсіби тапсырмаларын шешуге арналған. Бұл классқа ұйымның қаржылық шаруашылық қызметін талдау бағдарламалары, бухгалтерлік есепті және банктік қызметті автоматтандыру бағдарламалары, өнімді өндіру технологиясын қамтамасыз ететін бағдарламалар және т.б.

Мұғалім оқушыларға жалпы мақсаттағы, мәселелік бағытталған және кәсіби деңгейдегі бағдарламаларға мысал келтірулерін ұсынады.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

Тағы қандай белгілері бойынша бағдарламаларды жіктеуге болады? Таратылу тәсілі бойынша топтау ұсынылады:

Мұғалім бағдарламаның әр түріне сипаттама береді:

Shareware – шартты-тегін бағдарлама, белгілі бір уақыт кезеңі өткен соң, төлемақы қажет болады (мысалы, WinRAR)

Trial - бағдарламаның жұмыс уақыты шектеулі, әдетте - 30 күн, функционалдылықта шектелуі мүмкін.

Adware – бағдарламаның өзімен байланысты емес қосымша жарнамалық сипаттағы модульдермен қамтылған тегін бағдарлама.

Donationware (ағылшын.donation – «қайырымдылық») - пайдаланушыға толыққанды бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынылады және әзірлеушіге өз еркімен қайырымдылық ұсына алады.

Careware (ағылшын тілінен күтім), синоним - «chaaritywware». Бұл шартты тегін бағдарламаның авторы белгілі бір қоғамдық қорға қайырымдылық жарнасын төлеуді ұсынады. Мұндай бағдарламалық қамтамасыз етудің мысалы - Vim мәтіндік редакторы. Ақшаның бір бөлігі Угандада ЖИТС құрбандарына көмекке жұмсалады.

Demo-бағдарламаның нұсқасы функционалдылықтағы шектеулері бар, әдетте, функциялардың саны немесе пайдаланушылардың саны қысқартылады; кейде шектеулер мұндай нұсқаны пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Crippleware–коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз ету, толық нұсқасын әлеуетті сатып алушыларға (Demo сияқты) сату үшін функционалды мүмкіндіктері әдейі қысқартылған бағдарлама.

Cardware – тегін бағдарлама, бағдарлама авторы пайдаланушыдан ашықхат, - Emailware (E-Mail жіберіңіз) модификациялауды сұрайды. Кейде бағдарлама сынақ режимінде таратылып, автор ашықхат алғаннан кейін ғана (E-Mail), пайдаланушы бағдарламадан толықтай пайдалана алады.

Презентация (Слайд 4)

Сұрақ: Қарастырылған бағдарламалардың қайсысы ең маңызды болып табылады?

Мұғалім операциялық жүйе ұғымын қарастыруға көшеді. Мұғалім операциялық жүйе анықтамасын түсіндіреді және оқушылардан қандай операциялық жүйелерді білетіндерін сұрайды.

Операциялық жүйе, ОЖ (ағыл. operating system, OS) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск-жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. 

Оқушылар топта операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды. Операциялық жүйелерді салыстыру үшін мынандай критерийдерді қолданады: жүйелік талаптар, қауіпсіздік, орнату процессі, тұрақтылығы, ыңғайлылығы.

Әр түрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу тәжірибелері болмағандықтан, оқушылар интертет желісін қолдануларына болады.

Презентация (Слайд 5)

http://suhorukov.com/news_akademy/sravnenie-operacionnyh-sistem-mac-os-linux-i-windows

2 қосымша

Сабақтың соңы

Оқушылар топта бағдарламалардың логотиптерін жүйелік және қолданбалы екі топқа жіктейді.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білді, нені үйренді

- не түсініксіз қалды

- қандай жұмыс жүргізу қажет

1 қосымша

Презентация (Слайд 6)

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауәпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. Құндылықтардағы байланыс

Кейбір оқушылар бағдарламалардың көп түрлерін біледі және өз бетімен бағдарламаларды жүйелік және қолданбалы топқа жіктей алады.

Топтық жұмыс кезінде көшбасшы бола алады және басқа оқушыларға көмек көрсете алады.

Бағалау топтық жұмыс кезінде оқушыларды бақылау арқылы, оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы, формативті бағалау және рефлексия көмегімен бағалау жүзеге асырылады.

Топпен жұмыс, көзге, денеге қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу