Кіріктірілген функциялар. Информатика, 8 сынып, презентация.


Кіріктірілген функциялар

Оқу мақсаты:

электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану

MS Excel-де кіріктірілген функциялар - бұл күрделі есептеулерді оңай және тез орындауға мүмкіндік беретін арнайы, алдын-ала жасалған формулалар.

Миға шабуыл: Топтарын анықта

СРЗНАЧ

СЧЕТ

ИЛИ

СУММ

И

МАКС

СЧЕТЕСЛИ

ЕСЛИ

МИН

КОРЕНЬ

СТЕПЕНЬ

Топтық жұмыс

Статистикалық функциялар

Қолданылуы

Математикалық функциялар

Қолданылуы

Логикалық функциялар

Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение;значение_если_истина;значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы:

– лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек;

– значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады;

– значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса, онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады.

Мысалы

B1 ұяшыққа = ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И (логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ (логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы

Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы = ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады.

Функция ЕГЕР (ЕСЛИ) 

шарттың орындалуын тексереді және егер ол қанағаттандырылса, бір мәнді қайтарады және болмаса басқа мәнді береді.

ЕСЛИ (ЕГЕР) функциясының өте қарапайым синтаксисі:

ЕСЛИ(лог_өрнек;[егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])

иә

жоқ

Логикалық өрнек -дегеніміз АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мәнімен бағаланатын кез келген мән немесе өрнек болып табылады.

Бұл нені білдіреді? Егер өрнек ақиқат болса, өрнек АҚИҚАТ мәнін қабылдайды.

Мысалы:

=ЕСЛИ(А1=10; [егер_ақиқат_мағынасы];[егер_жалған_мағынасы])

егер А1 10 тең болса, А1=10 өрнегі АҚИҚАТ мағынаға ие болады, ал егер 10 тең емес болса, ЖАЛҒАН деген мәнге ие болады.

Басқа мысал:

=ЕСЛИ(А1>30; [егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])

егер А1 ұяшығының мәні 30 дан көп болса, А1>30 өрнегі АҚИҚАТ мағынаны, ал егер аз болса, ЖАЛҒАН мағынаны қайтарады.

Тағы бір мысал:

=ЕСЛИ(С1=”БАР”; [егер_ақиқат_мағынасы]; [егер_жалған_мағынасы])

егер C1 ұяшығының мәні “Бар” сөзіне ие болса, өрнек АҚИҚАТ мағынаны, егер жоқ болса, С1=”БАР” ЖАЛҒАН мағынаны қайтарады

Практикалық жұмыс

1-тапсырма. Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру қажет. Обьектілердің баланстық, қалдықтық және қайта қалыптастыру бағаларының мәнін, сонымен бірге тозу бағасын млн. теңгемен есептеу керек. Есептеу алгоритмі келесідей:

Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомост 1.6 суретте көрсетілген

Ведомость жасауға байланысты кеңестер:

а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;

ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз: Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ),Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).

Дескриптор: MS Excel бағдарламасында қажетті есептеулер үшін математикалық функцияларды пайдалана алады.

Электрондық кестедегі кіріктірілген функцияларды пайдалану арқылы қарапайым есептеулерді орындайды.

1.6-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосты

 

б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:

ҚҚ = БҚ - НЕ

ҚТҚ = БҚ * К

ҚҚҚ = ҚҚ * К,

мұндағы К - коэффициент мәні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 - егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 - егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.

Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:

D5 ұяшығына: = B5 - С5

E5 ұяшығына :

= В5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

F5 ұяшығына:

= В5*ЕСЛИ(В5< =650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

в) Барлыгы жолындағы мәндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз, немесе В12 ұяшығына

= СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.

Рефлексия

2 жұлдыз 1 тілек

Стикерге ұнаған сабақтың екі элементін жазыңыз.

Қиындықтар туғызған бір элементті жазыңыз.

Қолданылған сілтемелер

http://mirznanii.com/a/288409/obzor-vstroennykh-funktsiy-ms-excel

https://support.office.com/kk-kz/article/Excel

http://www.uniface.kz/index.php?post=article&id=10



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу