Кіріктірілген функциялар. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


 1-тапсырма. Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру қажет. Обьектілердің баланстық, қалдықтық және қайта қалыптастыру бағаларының мәнін, сонымен бірге тозу бағасын млн. теңгемен есептеу керек. Есептеу алгоритмі келесідей:

 Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомост 1-суретте көрсетілген

 Ведомость жасауға байланысты кеңестер:

 а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;

 ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз: Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ),Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).

 1-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосты

 б)Есептеулер жасауға арналған формулалар:

 ҚҚ = БҚ - НЕ

 ҚТҚ = БҚ * К

 ҚҚҚ = ҚҚ * К,

 мұндағы К - коэффициент мәні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 - егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 - егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.

 Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:

 D5 ұяшығына: = B5 - С5

 E5ұяшығына : = В5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

 F5 ұяшығына:

 = В5*ЕСЛИ(В5< =650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000);4,2;5,1))

 в)Барлығы жолындағы мәндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз, немесе В12 ұяшығына

 = СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу