Презентацияға арналған ақпарат. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 Бөлім: Презентацияны безендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Презентацияға арналған ақпарат

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.1.2.2 компьютерлік программада файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

 3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;

 3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентация жасау;

 3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуларды пайдалан;

 3.2.3.3 презентацияны безендіру үшін дайын дизайнды пайдалану;

 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану .

Сабақ мақсаттары

Белгілі бір тақырыптағы суреттерді пайдаланады

Бағалау критерийлері;

Оқушылар…

- мәтінге сурет қосады және өшіреді;

- суреттерді өңдейді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар …

Суреттерді қосады және алгоритмі түсіндіре алады.

Диалог / жазу үшін қажетті тіркестер:

  • қию, көшіру,қою, өзгерту;

 Құндылықтарды дарыту

Академиялық құндылық, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыстар

Өнер, Әлемді тану(Су – өмір көзі және т.б.)

Бастапқы білім

Оқушылар мәтіндік редакторда, компьютерде жұмыс жасай алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 мин

  1. Білімнің өзектілігі.

 Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / оқу мақсаттарын анықтау.

 Бүгін ерекше сабақ: біз өзімізді сыныпта емес, презентацияға арналған түрлі кітаптарды дайындайтын баспаханадамыз деп елестетіп көрейік. Осы кітаптардың суретшілерінің рөлінде боламыз. Біздің адал досымыз және көмекшіміз компьютер сондай-ақ информатика туралы білімдеріміз бізге көмектеседі. Сіз MS Word программасы арқылы бетті безендіру және бояулы жазулар жасайтын әрекеттерді қалай орындау керектігін білесіз және бүгін біздің мақсатымыз - презентацияға сурет салу әдістерін үйрену.

 Біздің сабақтың тақырыбы «Презентацияға суреттер қою». Жаңа материалды зерделеуге кіріспей тұрып, бетті жобалау үшін қажет негізгі қадамдарды есте түсірейік:

 1.Презентация безендіру үшін нені білу керекпіз? (Беттің параметрлерін, фонын орнатып, жақтауды жасауыңыз керек.)

 2.Слайдтағы фонды қалай өзгертеміз?

 4.Ал слайдқа жақтауды қалай қоямыз?

 5. Презентацияны қарау үшін және түрлі әріптер жасау үшін қандай түймелер қолданылады?

 Сонымен, біз презентацияны қалай жасау керектігін және безендіру жолдарын қайталап шықтық.

 Ал, енді, презентацияға суретті қалай қоятынын білейік.

Сабақтың ортасы

6-15 мин

16-30 мин

30-35 мин

  2. Жаңа материалды зерттеу.

 Сызбалармен жұмыс істеу кезінде оқушыларға функцияларды көрсету (мәтіндегі позиция, қию). Суретті қою үшін келесі тізбектелген әрекеттерді (алгоритм) орындау қажет: интерактивті тақтаны немесе презентацияны пайдалану арқылы көрсетіледі.

 1. Қою -> Сурет-> файлдан.

 2. Пайда болған терезеден қойылатын сурет сақталған буманы таңдау.

 3. Қажет суретті таңдап, үстің шертіп, Қою түймесін басу.

 Суреттермен жұмыс істегенде, кейде оларды жылжытуға, айналдыруға және өзгертуге тура келеді.

 Суретті жылжыту, айналдыру немесе өлшемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау керек (алгоритм):

 1. Суретті тышқанмен басу арқылы таңдаңыз

 2. Пайда болған Суретті реттеу тақтасында Мәтінді орау (doggy) пәрменін таңдаңыз.

 3. Пайда болған жасыл маркер арқылы суретті бұруға, ал ақ маркер алқылы өлшемін өзгертуге болады.

 

 3. Практикалық жұмыс

  «Су – өмір көзі» тақырыбындағы суреттермен презентациялар жасау

 

 Дифференциация

 Қабілетті оқушыларға экраннан скриншот арқылы алынған суретті қоюды тапсырыңыз.

 

 Жұмысты бағалаған кезде, сабақтың басында жасалған бағалау критерийлерін еске алыңыз. Оқушыларды бағалаған кезде, оқушыны көршісіне (бағалау бойынша) бағалауға кеңес беріңіз.

презентация

Сабақтың соңы

36-40 мин

 4. Рефлексия

 Оқушыларға сабаққандай тапсырмалар орындағанын еске түсіруді сұраңыз.Жауап түрлері:

  •  Сурет қоюды үйрендік
  •  Қай тапсырма қиын болғанын және келесі сабақта не нәрсеге көп көңіл бөлу керектігін талдаңыз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырма:

1. Тәжірибелік жұмыста суретке мәтін қосу туралы тапсырманы қиындатады

  • Суретке мәтін қосады
  • Суретті өңдейді

 Денсаулық сақтау технологиясы

 Физминутка және белсенді іс-әрекеттер қолдану.

 Бұл сабақтың қауіпсіздік ережелерінен қолданылатын элементтер

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

 Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу