Көпжақтар және айналу денелерінің элементтері. Геометрия, 11 сынып, презентация.
Көпжақтар және
айналу денелерінің элементтеріОқу мақсаттары
11.3.3 - көпжақтардың элементтерін табуға есептер шығару;
11.3.5 - айналу денелерінің (цилиндр, конус, қиық конус, шар) элементтерін табуға есептер шығару
Бағалау критерийлері
Оқушы
көпжақ және айналу денелерінің элементтерін табады
№1. Кестені толтырыңыздар
№2. Қажеттісін таңдау арқылы тест тапсырмасын орындаңыздар:
1. Дұрыс тұжырымды табыңыз:
а) параллелепипед алты үшбұрыштан тұрады;
b) параллелепипед қарама-қарсы жақтарының ортақ бір нүктесі бар;
c) параллелепипед диагоналдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.
2. Көпжақ диагоналі бұл ... екі төбесін қосатын кесінді.
а) көпжақтың кез келген;
b) бір жаққа тиісті емес;
c) бір жаққа тиісті;
3. Дұрыс тұжырымды табыңыз:
а) қиық пирамиданың бүйір бетінің ауданы оның барлық жақтарының аудандарының қосындысына тең;
b) пирамида деп үшбұрыштардан құралған көпжақты айтамыз;
c) егер пирамиданың бір жағы табан жазықтығына перпендткуляр болса, онда осы жақтың биіктігі пирамиданың биіктігі болып табылады.
№2. Қажеттісін таңдау арқылы тест тапсырмасын орындаңыздар:
4. Егер қиюшы жазықтық цилиндрдің осі арқылы өтсе, онда қима - …
a) трапеция
b) үшбұрыш
c) тіктөртбұрыш
5. Цилиндрдің жасаушысы цилиндрдің ... деп аталады.
a) цилиндрдің төбесі
b) цилиндрдің биіктігі
c) цилиндрдің радиусы
6. Шар бетінің нүктесін шар центрімен қосатын кесінді ... деп аталады.
a) радиус
b) центр
c) диаметр
№3. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1) Дұрыс үшбұрышты призманың табаны қандай фигура болады? (тең қабырғалы үшбұрыш)
2) Тік призманың бүйір жағы қандай фигура болады? (тіктөртбұрыш)
3) Тік төртбұрышты призманың бүйір қырлары арқылы өтетін қима қандай фигура болады? (параллелограмм)
4) Пирамида биіктігі - бұл .. (төбесінен табанына дейінгі ара қашықтық)
№4. Цилиндр элементтерінің атауларын жазыңыздар:
№1.Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Жазықтық, сәуле, көпжақ, түзу көпжақтың элементі болмайды
2) Призмада болуы мүмкін жақтар санының ең кішісін атаңыз -5
3) Пирамидада болуы мүмкін қырлар санының ең кішісін атаңыз -6
4) Дұрыс пирамиданың бүйір жағының биіктігі – апофема деп аталады.
№2. Дұрыс жауаптарды белгілеңіздер:
1. Қиық пирамида дұрыс деп аталады, егер ...
а) оның табандары дұрыс көпбұрыштар болса;
b) ол дұрыс пирамиданы табан жазықтығына параллель жазықтықпен қиғаннан алынса;
c) оның бүйір жақтары трапециялар болса.
2. Пирамида қасиеті: еген оның бүйір қырлары табан жазықтығына бірдей бұрыш жасап көлбеген болса, онда олар тең және пирамида төбесінің проекциясы ... шеңбердің центріне сәйкес келеді.
а) табанына сырттай сызылған;
b) табанына іштей сызылған;
3. Дұрыс тұжырымды табыңыз:
а) қиық пирамиданың биіктігі оның табандарының ара қашықтығына тең;
b) пирамида дұрыс деп аталады, егер оның табаны дұрыс көрбұрыш болса;
c) қиық пирамиданың барлық бүйір қырлары тең.
№2. Дұрыс жауаптарды белгілеңіздер:
4. Конустың остік қимасы - …
a) тең қабырғалы трапеция
b) тең қабырғалы тіктөртбұрыш
c) тең қабырғалы үшбұрыш
5. Қиық конус ... бір қабырғасынан айналдырғаннан шығады
a) тең бүйірлі үшбұрышты
b) тең бүйірлі трапецияны
c) тік бұрышты трапецияны
6. Шардың жазықтықпен қимасы:
a) сфера
b) шеңбер
c) дөңгелек
№3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Призманың бүйір жағы қандай фигура болады? (параллелограмм)
2) Дұрыс пирамиданың бүйір жағы қандай фигура болады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
3) Төртбұрышты призмада неше диагональ жүргізуге болады? (4)
4) Тікбұрышты параллелепипедтің үш өлшемі дегеніміз - ... ( бір төбеден шыққан қырлары)
№4. Конус элементтерінің атауларын жазыңыздар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру