Көпжақтар және айналу денелерінің элементтері. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал.
Қосымша 2
№1.Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Келесілердің қайсысы көпжақтың элементі болмайды?
a) кесінді b) жазықтық c) нүкте d) сәуле
e) көпбұрыш f) көпжақ g) түзу i) трапеция
2) Призмада болуы мүмкін жақтар санының ең кішісін атаңыз.
3) Пирамидада болуы мүмкін қырлар санының ең кішісін атаңыз.
4) Дұрыс пирамиданың бүйір жағының биіктігі - ... деп аталады.
№2. Дұрыс жауаптарды белгілеңіздер:
1. Қиық пирамида дұрыс деп аталады, егер ...
а) оның табандары дұрыс көпбұрыштар болса;
b) ол дұрыс пирамиданы табан жазықтығына параллель жазықтықпен қиғаннан алынса;
c) оның бүйір жақтары трапециялар болса.
2. Пирамида қасиеті: еген оның бүйір қырлары табан жазықтығына бірдей бұрыш жасап көлбеген болса, онда олар тең және пирамида төбесінің проекциясы ... шеңбердің центріне сәйкес келеді.
а) табанына сырттай сызылған;
b) табанына іштей сызылған;
3. Дұрыс тұжырымды табыңыз:
а) қиық пирамиданың биіктігі оның табандарының ара қашықтығына тең;
b) пирамида дұрыс деп аталады, егер оның табаны дұрыс көрбұрыш болса;
c) қиық пирамиданың барлық бүйір қырлары тең.
4. Конустың остік қимасы - …
a) тең қабырғалы трапеция
b) тең қабырғалы тіктөртбұрыш
c) тең қабырғалы үшбұрыш
5. Қиық конус ... бір қабырғасынан айналдырғаннан шығады
a) тең бүйірлі үшбұрышты
b) тең бүйірлі трапецияны
c) тік бұрышты трапецияны
6. Шардың жазықтықпен қимасы:
a) сфера
b) шеңбер
c) дөңгелек
№3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Призманың бүйір жағы қандай фигура болады?
(параллелограмм)
2) Дұрыс пирамиданың бүйір жағы қандай фигура болады? (тең бүйірлі үшбұрыш)
3) Төртбұрышты призмада неше диагональ жүргізуге болады? (4)
4) Тікбұрышты параллелепипедтің үш өлшемі дегеніміз - ... ( бір төбеден шыққан қырлары)
№4. Конус элементтерінің атауларын жазыңыздар:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру