Ортогоналды проекция ауданы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Даулетов К.С.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3C бөлім: Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні: 28.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Нурланова Альбина Нурлановна

Сынып: 10 а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ортогоналды проекция ауданы

Оқу мақсаттары

10.3.3.6 ортогоналды проекция ауданының формуласын қорытып шығарады

Сабақ мақсаттары

Фигура және оның проекциясы макетін жасап, қажетті есептеулерді орындап ортогоналды проекция ауданының формуласын қорыту. Ортогоналды проекция ауданы, фигура және оның проекциясы арасындағы бұрышқа тәуелді екенін программалық жасақтаманың көмегімен анықтау

Бағалау критерийлері

  • ортогоналды проекция ауданының формуласын қорытады;
  • ортогоналды проекция ауданының бұрышқа тәуелділігін анықтайды;
  • формуланы қорыту, тәуелділікті анықтау барысында тиімді программалық жасақтамаларды қолданады

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша лексика және терминология:жазықтық; кеңістік; кеңістіктегі параллелдік; кеңістіктегі перпендикулярлық; кеңістіктегі бұрыш; екіжақты бұрыш; фигуралардың параллель және ортогональ проекциялары..

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда ол....; берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп...; екі жазықтық арасындағы бұрыш деп...; фигураның берілген жазықтыққа ортогональ проекциясы деп…

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды топта орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Психология (тақырыпқа өту барысында), өнер (макет құрастыру барысында), информатика (https://www.geogebra.org/classic?lang=ru бағдарламасында жұмыстану)

АКТ қолдану дағдылары

https://b.socrative.com/teacher/#launch бағдарлмасы арқылы алдынғы сабақтағы білімін тексеру

https://www.geogebra.org/classic?lang=ru бағдарламасын ортогоналды проекцияны салу үшін қолдну

https://www.desmos.com/calculator бағдарламасын сабақтың сонында рефлексия жүргізу барысында қолдану

https://web.whatsapp.com/ бағдарламасын үй жұмысын беру барысында атап айту

Бастапқы білім

Стереометрия аксиомалары, геометриялық фигуралар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ө

5 минут

Ұ және М

4 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аударамын. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.

2. https://b.socrative.com/teacher/#launch бағдарлмасын қолданып алдынғы сабақтағы білімін тексеру мақсатында өздік жұмыс жүргіземін. Өздік жұмыстың нәтижесін интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, қателік жіберген оқушыға кері байланыс бере отырып тексеремін.

Өздік жұмыстың нәтижесі және мектеп психологтарының жүргізген зерттеулері бойынша пайда болған «Оқу үрдісіндегі дифференциация картасын» ескере отырып сыныпты үш топқа топтастырамын.

3. Оқушылардан көздерін жұмып, көз алдарына жаз мезгілін, Каспий теңізінің жағалауын елестетуін сұраймын. Қандай әрекеттер көз алдарыңызға келеді? (интербелсенді тақтада өмірмен байланысты сурет көрсетіледі, саралаудың проблемалық оқыту қағидасы). Алдыңғы өткен оқу мақсатымен қандай байланыс байқап тұрмыз? Проекцияның қандай түрлерін білесіздер? Ортогональ проекция дегеніміз не? Кез келген фигураның ортогональ проекциясы не болып келеді? Фигурадан нені есептеуге болады? Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ортогоналды проекция ауданы». Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылаймын.

1 слайд

https://b.socrative.com/teacher/#launch

https://www.youtube.com/watch?v=UCd1qY2wl1k&app=desktop#

2 – 3 слайд

Сабақтың ортасы

Т

10 минут

Т

14 минут

Білу және түсіну

Әр топқа пластилин, таяқшалар, геометриялық фигуралар және іс-әрекеттер алгоритмі беріледі.

Топтық жұмыстың бағалау критерийі:

  • ортогоналды проекцияның ауданының формуласын қорытып шығару.

Дескриптор:

  • фигура және сол фигураның проекциясының макетін жасайды;
  • берілген фигураның ауданын есептейді;
  • проекцияның ауданын есептейді;
  • фигура және проекция арасындағы бұрышты анықтайды;
  • пайда болған бұрыштың косинусын инженерлі калькуляторды қолданып есептейді;
  • есептеулерді қолдана отырып теңдігін дәлелдейді.

Ұсынылған алгоритмді орындап болған соң, әр топ жұмысын басқа топтарға баяндайды. Бірінші топты екінші топ, екінші топты үшінші топ, ал үшінші топты бірінші топ дескриптор бойынша бағалайды.

Жалпы топтық жұмысқа кері байланыс беремін.

Қолдану. Оқушылар өз топтарында жұмысты жалғастырады. Топтық жұмысты компьютерде бір оқушы орындап, орындау алгоритмін баяндайды (мақсаты: дарынды балалардың академиялық тілде сөйлеу және АКТ-ды қолдану дағдыларын дамыту), екі оқушы мұқият тындап отырады.

https://www.geogebra.org/classic?lang=ru бағдарламасымен кез келген фигура (тіктөртбұрыш, үшбұрыш, трапеция) және оның проекциясын енгізе отырып, бағдарлама көмегімен фигураның, ортогоналды проекциясының аудандарын анықтайды. Екі жазықтық арасындағы бұрышты бағдарламаның көмегімен өзгерте отырып, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы ортогоналды проекция ауданының қалай өзгергенін байқайды (бұрыштың өлшемі кішірейген сайын ортогоналды проекция ауданы өседі). Интербелсенді тақтадан сабақ басындағы көрсетілген суретке назар аудартып, оқушылардың тұжырымдаған қорытындылары дұрыс екенін айтамын.

Бағалау

  • баяндаушыларды орындықтарының артына стикер жабыстыру арқылы бағалаймын (стикер жабыстырылса толық қанағаттанамын, жабыстырылмаса толықтыруды қажет етеді)

Әр топ орындаушыларына өзге топ тындаушылары топтық жұмыстарын баяндайды (тындаушылардың академиялық тілде сөйлеу дағдыларын дамыту).

Бағалау

  • баяндаушы өзге топ тындаушыларын стикер беру арқылы бағалайды (берсе – толық түсіндім, бермесе –толықтыруларды қажет етеді)

Пластилин, таяқшалар, геометриялық фигуралар

№ 1 дидадктикалық материал

4 слайд

https://www.geogebra.org/classic?lang=ru

5 слайд

Стикерлер

Сабақтың соңы

М

3 минут

Ө

4 минут

Қаңтар айында өтілген мониторинг қорытындысы бойынша оқушылардың функциялардың (шеңбер, квадраттық функция) аналитикалық түрін және графигін көз алдарына елестету мақсатында https://www.desmos.com/calculator бағдарламасын қолданамын. Оқушыларға функциялар беріледі. Осы функциялардың графиктерін бейнелеу нәтижесінде смайл пайда болады. Егер сіздің қазіргі кездегі көңіл-күйлеріңіз осы смайлмен сәйкес деп ойласаңыздар ортаға шығып естелік суретке түсуге шақырамын.

https://web.whatsapp.com/

https://www.desmos.com/calculator

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тақырыпты ашу барысында жүргізіледі (проблемалық оқыту қағидасы), сыныпты топтастыру барысында оқушылардың қабілеттерін ескеру, үй тапсырмасын беру барысында (жеделдету қағидасы).

Қабілеті жоғары оқушылардан академиялық тілде сөйллеу дағдысын дамыту және топтық жұмыста программалық жасақтаманы қолданып, тындаушыларға нақты түсіндіруін жоспарлаймын.

Өздік жұмыс нәтижесін программалық жасақтаманың көмегімен бағалаймын. Топтық жұмысты оқушылар бірін-бірі дескриптор бойнша бағалайды. Қабілеті жоғары оқушыларды бағалаймын, сол оқушылар өздерінің сыныптастарын бағалайды. Рефлексия кезеңінде өздік жұмыс нәтижесін программалық жасақтаманың көмегімен бағалаймын.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Макетті жасау және ноутбуктерді қолдануда қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу