Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді

Жоспар бөлімі: 10.3А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық.

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Раисова Б.Т.

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Екі жазықтық арасындағы бұрыш

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

10.3.3 екі жазықтық арасындағы бұрышты табады және бейнелейді; жазықтықтар арасындағы бұрыштарды есептейді;

Сабақ

мақсаттары

Кеңістіктегі жазықтықтар арасындағы бұрышты табуға есептер шығаруды ұйымдастыру; куб, призма, пирамида модельдері арқылы екі жазықтық арасындағы бұрышты табуды бекіту.

Бағалау

критерийлері

Қалыптастырушы бағалау жұмысы бақылау, оқушылардың өзара бағалауы арқылы жүзеге асады, критерийлерді бірлесіп құрады.

Тілдік

мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Оқушылар: математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттайды, теоремаларды дәлелдей алады

Пәндік лексика және терминология:

Түзу – прямая – line,

Жазықтық – плоскость – plane

Кеңістік – пространство – space

Үш өлшемді кеңістік – трехмерное пространство – 3 dimential space

Параллель түзулер – параллельные прямые – parallel lines

Перпендикуляр түзулер – перпендикулярные прямые – perpendicular lines

Айқас түзулер – скрещивающиеся прямые – skew lines

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері :

Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... .

Нүкте ..... жазықтықта жатыр.

Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр.

Құндылықтарды

дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек.

Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық

байланыстар

Оқушылар үш өлшемді кеңістіктегі түзулермен және жазықтықтармен жұмыс жасап, оларды сипаттай алады. Стереометрия аксиомаларын біледі.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация: «Екіжақты бұрыш-2»

Бастапқы білім

Жазықтықтағы нүктелер мен түзулер геометриясы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

2 минут

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою.

Сабақтың

ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

10 минут

Өткен материалды қайталау:

  • Екі жазықтық арасындағы бұрыш деп нені айтамыз?
  • Екіжақты бұрыш деп қандай фигураны айтады?
  • Екіжақты бұрыштың жақтары деген не?
  • Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп қандай бұрышты айтамыз?
  • Есептер қарастыру.
  • Презентациядағы есептерді шығару.

2.Практикум/Жұппен жұмыс/қосымша№1

А деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында ABC1 және ABC жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.

В деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында ABC және ACD1жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.

С деңгейі.ABCDA1B1C1D1 кубында BA1C1және BA1D1 жазықтықтары арасындағы бұрышты табыңыз.

Өздік жұмыс. Қосымша№2

ABCDA1B1C1D1 кубында М нүктесі - D1C1 қырының ортасы. Кестені толтырыңыз:

Жазықтықтар

Жазықтықтар арасындағы бұрыш

1

А1ВА және D1CD

2

A1B1C1және DD1C

3

A1BD және B1D1C

4

B1AC және ADC

5

A1BD және C1DB

6

A1BD және CC1A

7

AB1C1және ADC

8

A1MA және B1C1C

9

A1MA және BB1D

10

MA1D және СА1D

Сабақтың соңы

3 минут

Сабаққа қорытынды/

Рефлексия «5 жолды өлең» (Екіжақты бұрыш)

Үйге тапсырма /қайталау,

Оқулық Шыныбеков А. Геометрия 10/ №4,7,8 57-бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылар математикалық мәтінмен жұмыс жасайды. Өзара бірлескен оқу жүзеге асырылады.

Сабақ өз күшіне сенімсіз оқушыларды күшті оқушылармен жұпта жұмыс істеп, көбірек білетін түрде ұйымдастырылған.

Өздігінен жұмыс істеген кезде Сіз жекелеген оқушыларға сұрақтар беру арқылы көмектесе аласыз.

Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Ауызша және жазбаша жұмыстар

Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу