Екі жазықтық арасындағы бұрыш. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді Жоспар бөлімі: 10.3А Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық. | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Раисова Б.Т. |
Сынып:10 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Екі жазықтық арасындағы бұрыш. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.3.3 екі жазықтық арасындағы (екіжақты) бұрыштың анықтамасын біледі; екі жазықтық арасындағы бұрышты табады және бейнелейді; |
Сабақ мақсаттары | Кеңістіктегі жазықтықтар арасындағы бұрыш ұғымын енгізу; куб, призма, пирамида модельдері арқылы осы ұғымдарды бекіту. |
Бағалау критерийлері | Қалыптастырушы бағалау жұмысы бақылау, оқушылардың өзара бағалауы арқылы жүзеге асады, критерийлерді бірлесіп құрады. |
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Оқушылар: математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын сипаттайды, теоремаларды дәлелдей алады Пәндік лексика және терминология: Түзу – прямая – line, Жазықтық – плоскость – plane Кеңістік – пространство – space Үш өлшемді кеңістік – трехмерное пространство – 3 dimential space Параллель түзулер – параллельные прямые – parallel lines Перпендикуляр түзулер – перпендикулярные прямые – perpendicular lines Айқас түзулер – скрещивающиеся прямые – skew lines Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : Бұл стереометрия туралы пікір кейде/әрқашанда/ешқашан дұрыс болмайды, себебі ... . Нүкте ..... жазықтықта жатыр. Екі түзу ........ бір жазықтықта жатыр. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға есептер шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. |
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар үш өлшемді кеңістіктегі түзулермен және жазықтықтармен жұмыс жасап, оларды сипаттай алады. Стереометрия аксиомаларын біледі. |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация: «Екіжақты бұрыш-1» |
Бастапқы білім | Жазықтықтағы нүктелер мен түзулер геометриясы. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Сабақтың басы 2 минут | Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою. |
Сабақтың ортасы 5 минут Стратегия: «Ойлан-жұптас-пікірлес» әдісі 15 минут 15 минут | №1. Өткен материалды қайталау. Қосымша 1
№2.Теориялық бөлім./ Презентация
Екіжақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады. Жарты жазықтықтары – екіжақты бұрыштың жақтары деп, ал оларды шектейтін түзуді қыры деп атайды. Жақтары α және β, қыры a болатын екіжақты бұрышты αаβ деп белгілейді. Ескерту. Кейде αаβ екіжақты бұрышы а ортақ шекаралық түзуге ие болатын α және β екі жарты жазықтығынан құралған деп те айтады. Бір кітаптың екі бетімен жасалған, кубтың екі көршілес жақтарымен жасалған фигуралар – екіжақты бұрыш моделі. Екіжақты бұрышты өлшеу үшін оның сызықтық бұрышы ұғымын енгіземіз. αаβ екіжақты бұрышының а қырына кездейсоқ О нүктесін белгілейміз және α мен β жақтарында О нүктесінен а қырына перпендикуляр ОА және ОВ сәулелерін жүргіземіз. Осы сәулелерден құралған АОВ бұрышы αаβекіжақты бұрышының сызықтық бұрышы деп аталады. және болғандықтан, АОВ жазықтығы а түзуіне перпендикуляр. Бұл екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы берілген екіжақты бұрыш пен оның қырына перпендикуляр жазықтықтың қиылысуы дегенді білдіреді. Анықтама. Екіжақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады. Екіжақты бұрыш сүйір, тік және доғал болады, егер оның сызықтық бұрышы сәйкесінше сүйір, тік немесе доғал болса. Анықтама. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады. Мысал. Ұзындығы 3,2 тең DM кесіндісі ABCD ромб жазықтығына (∠ADC - доғал) перпендикуляр. Ромб диагональдары 12 және 16 тең. Келесі жазықтықтар арасындығ бұрышты табыңыз: а) АВС және МВС; б) AMD және CMD. Есептер шығару. Презентация. |
Сабақтың соңы 3 минут | Сабаққа қорытынды/ Рефлексия «Бес саусақ» Үйге тапсырма /қайталау, Оқулық Шыныбеков А. Геометрия 10/ №120 |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |
Оқушылар математикалық мәтінмен жұмыс жасайды. Өзара бірлескен оқу жүзеге асырылады. Сабақ өз күшіне сенімсіз оқушыларды күшті оқушылармен жұпта жұмыс істеп, көбірек білетін түрде ұйымдастырылған. Өздігінен жұмыс істеген кезде Сіз жекелеген оқушыларға сұрақтар беру арқылы көмектесе аласыз. | Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау Ауызша және жазбаша жұмыстар Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады. | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру