Екі түзудің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ
10.1А Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы. | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Екі түзудің өзара орналасуы (2-і сабақ) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.3 кеңістікте параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және есеп шығару барысында қолдану. | |||||
Жетістік критерийлері | - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін біледі. - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат: математикалық терминдерді дұрыс қолданады және стереометрия аксиомаларын сипаттайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Нүкте, түзу, жазықтық, кеңістік, параллель түзулер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Бұл стереометрияның ұйғарымы, кейде/әрқашан/ешқашан, дұрыс болады, өйткені… Нүкте жазықтыққа тиісті… Екі түзу бір жазықтыққа тиісті… | |||||
Құндылықтарды дарыту | Денсаулық, сыйластық және өзара сыйластық, бірігіп жұмыс жасауда түсінушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ (презентация РРТ), физика, архитектура, құрылыс, геодезия | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Жаңа тақырыпты меңгеруде интернет-ресурстарды іздеп табу және қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Жазықтықта екі түзудің өзара орналасуы | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
1 сабақ Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға сұрақтар:1. Кеңістікте параллель түзулердің анықтамасын беріңіздер. 2. Сызбада параллель түзулерді көрсетіңіз. Мұғалім оқушылардың жауаптарын жеке тексеріп, бағалайды. | Презентация «Кеңістікте параллель түзулер» 1-слайд | ||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 10 мин 10 мин | Жаңа тақырып түсіндіру Жұмыс дәптерде түзулердің параллельдік белгілерін жазайық және сызбада көрсетейік. Теорема. Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге параллель болатын бір және тек қана бір түзу жүргізуге болады.
Теорема. Үшінші түзуге параллель болатын екі түзу, өзара параллель болады. Егер a||b, b||c болса, онда a||c Тақырыпты бекіту Тақырыпты бекіту үшін жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақтарға жауап берейік. Ауызша жұмыс Оқушылар слайдтағы суреттер бойынша есептің шартын оқып, жауабын түсіндіреді. Карточкалармен жұптық жұмыс. 2 нұскада Оқушылар карточкалар бойынша жұпта жұмыс жасайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім слайдтан дұрыс жауаптар нұсқасын көрсетеді, ал оқушылар қателерін түзете отыра өз жұмыстарын бағалайды. Даралау саралау жұмыс Карточка А (орта деңгей) Карточка В (жоғары деңгей) Жұмысты аяқтағаннан кейін мұғалім слайдтан дұрыс жауаптар нұсқасын көрсетеді, ал оқушылар қателерін түзете отыра өз жұмыстарын бағалайды. | Қосымша 1 2-8 слайдтар Қосымша 2 9-12 слайдтар Қосымша 3 13-16 слайдтар | ||||
Сабақтың соңы 2 мин | Үй жұмысын карточкамен беру Рефлексия Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді - Не білдің және неге үйрендің? - Не түсініксіз болды? - Немен жұмыс жасау қажет? | Қосымша 4 17-19 слайдтар | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Осы сабақта оқушылар қандай АКТ дағдыларын дамыта алатынын көрсетіңіз | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру