Центрлік және іштей сызылған бұрыштар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

9.3А Шеңбермен байланысты бұрыштар

Химия-биология бағытындағы НЗМ Атырау қаласы

Күні: 11.01. 2018ж

Сынып: 9

Қатысқандар саны: 9

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

№ 3-4

Центрлік және іштей сызылған бұрыштар

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.5 шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;

 Бағалау

 критерийлері

Шеңберге байланысты бұрыштарды анықтайды

Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығын, жанаманың қасиеттерін қолданып, есептерді шешеді

 Тілдік мақсат

Оқушылар:

- шеңбермен байланысты бұрыштарды табады;

- шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады;

- шеңбердегі пропорционал кесінділер туралы теореманы дәлелдейді және қолданады.

Оқытудың тілдік мақсаты

  • дәлелдеу жолын сипаттайды;
  • есептің шешімін дәйектейді;
  • есеп шығаруда тараудың лексика мен терминологиясын пайдаланады.

Пәндік лексика мен терминология

  • центрлік бұрыш, іштей сызылған бұрыш;
  • доғаның градустық өлшемі;
  • іштей сызылған төртбұрыш, сырттай сызылған төртбұрыш;
  • хорда мен жанама арасындағы бұрыш, екі хорда арасындағы бұрыш, екі қюшы арасындағы бұрыш, қюшы мен жанама арасындағы бұрыш, жанамалар арасындағы бұрыш;

шеңбердегі пропорционал кесінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • доғаға тірелген бұрыш;
  • бұрыштың ... қабырғалары шеңбер бойындағы екі нүкте арқылы өтеді;
  • ... бұрыштың төбелері түзудің бір жағында жатады;
  • ... бұрыштың қабырғалары диаметрдің ұштары арқылы өтеді;
  • хорда доғаны кереді.

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

 Пәнаралық

 байланыстар

Информатика,

 АКТ қолдану

 дағдылары

Activinspier тақтасымен жұмыс жасау.

Бастапқы білім

Шеңбер, шеңбер элементтері, шеңбер ұзындығы, доға ұзындығы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

І. Ұйымдастыру.

Амандасу

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Миға шабуыл:

  • Центрлік бұрыш дегеніміз не?
  • Шеңберге іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?
  • Белгісіз бұрыштарды табыңыз?

Ортасы

9.3.2.5 шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;

Жаңа тақырыпты ашу:

Салдар 1. Жанама мен хорданың арасындағы бұрыш : осы хордаға керілген доғаның жартысымен өлшенеді.

Салдар 2. Төбесі шеңбердің ішкі нүктесінде орналасқан вертикаль бұрыштар жұбының әрқайсысы: шеңбердің осы бұрыштар қабырғаларымен шектелген доғаларының жарым қосындысымен өлшенеді.

Салдар 3. Шеңберден тысқары қиылысатын екі қиюшының арасындағы бұрыш: осы бұрыш қабырғаларының арасындағы доғалардың жарым айырмасының абсолют шамасымен өлшенеді.

Жанама мен қиюшы арасындағы бұрыш – жанама мен қиюшы жасайтын шеңбер доғаларының айырмасының жартысына тең. 

Екі жанама арасындағы бұрыш – өздері тірелетін доғалардың

айырмасының жартысына тең

Бекіту тапсырмалары (сыныптық жұмыс):

№1. Шеңберден тысқары жатқан В нүктесі арқылы екі қиюшы жүргізілген. Сызбасын салыңыз.

a) Екі қиюшының арасындағы бұрыш 46°-қа тең. Екі қиюшы арасындағы ең үлкен доғаның бұрыштық шамасы 120°. Кіші доғаны табыңыз.

№2. Шеңберге АВ және АС хордалары жүргізілген. АС хордасына керілген доғаның бұрыштық шамасы 1250, ал хордалар арасындағы бұрыш 790. АВ доғасының градустық өлшемін анықтаңыз.

№3. АВ хордасына керілген доғаның бұрыштық шамасы 104°. Берілген хордамен В нүктесі арқылы жүргізілген жанаманың арасындағы ABC бұрышын табыңыз?

№4. Егер СА түзуі шеңберді А нүктесінде қиып өтеді, О нүктесі – шеңбердің центрі, шеңбердің AD доғасы ACO бұрышының ішінде орналасқан және 128° - қа тең болса, ACO бұрышын табыңыз.

№5 Шеңберден тысқары орналасқан С нүктесінде қиылысатын екі қиюшы ВМ және AK хордалары арқылы өтеді. Егер AMB және MAK іштей сызылған бұрыштардың градустық өлшемдері сәйкесінше 106° және 42°градусқа тең болса, онда ACB бұрышын табыңыз.

Бағалау: Оқушылар тапсырманы тақтада орындайды, отырған оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып тексереді және өздерінде де түсінік қалыптасады.

Жұптық жұмыс:

Бағалау: Жұптар дәптерлерін алмастырып бірін – бірі бағалайды

Жеке жұмыс:

№1. Шеңберден тысқары нүктеден өзара 400 бұрыш жасайтын екі қиюшы жүргізілген. Шеңбердің осы қиюшылардың арасындағы үлкен доғасы 1200-қа тең. Кіші доғасы нешеге тең?

№2. Егер қиюшылар арасындағы шеңбер доғалары сәйкесінше 2000 және 200 болса, онда бұл қиюшылар өзара перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.

Бағалау: Өздерін – өздері бағалайды

Қосымша тапсырма:

https://urokimatematiki.ru/prezentaciya-zhanama-men-hordani-arasindai-brish-2981.html

https://math-helper.ru/elementarnaya-matematika/uglyi-svyazannyie-s-okruzhnostyu-zadachi-gotovimsya-k-ege-po-matematike-geometriya-urok-15

БалаянГЕОМЕТРИЯ. Задачи на готовых чертежах для подготовки к гиа и егэ. 7—9 классы.

Сабақтың соңы

3 – минут

Үйге тапсырма:

IX.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу