Есептер шығару “Іштей сызылған үшбұрыштын ауданы". Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.
«Үшбұрыштарды шешу» бөлімібойынша формативті бағалау | |
Оқу мақсаты | 9.1.3.8 іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( S=abc/4R, мұндағы a,b,c– үшбұрыштың қабырғалары, R– сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының ( S=pr, мұндағы r – іштей сызылған шеңбер радиусы, р - көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану; |
Бағалау криитерийі | Оқушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары денгей дағдылары |
Тапсырма 1 Теңбүйірлі үшбұрыштың биіктігі 2 см, ал табанының бүйір қабырғасына қатынасы 4:3. Іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңдар. Дескриптор: Оқушы - Пифагор теоремасын үшбұрыштың қабырғасын табуға қолданады; - сырттай сызылған үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын қолданады; - үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табады. | |
Тапсырма 2 АВС үшбұрышында іштей сызылған шеңбер радиусы 1-ге және оның ортасынан С төбесіне дейінгі ара қашықтығы –ке, ал АС мен ВС қабырғалардың қосындысы 8-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңдар. Дескриптор: Оқушы - сызбаны салады; - Пифагор теоремасын үшбұрыштың қабырғасын табуға қолданады; - сырттай сызылған үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын қолданады; - сырттай сызылған үшбұрыштың ауданын табады. | |
Тапсырма 3 Радиусы 3-ке тең шенберді сырттай сызылған көпбұрыштың периметрі 20. Оның ауданын табыңдар. Дескриптор: Оқушы - сырттай сызылған көпбұрыштың ауданын есептеу формуласын қолданады; - сырттай сызылған көпбұрыштың ауданын табады. | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру