Есептерді шешуде векторларды қолдану. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Жазықтықтағы векторлар

Күні: .

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Есептерді шешуде векторларды қолдану

Практикалық сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.19 векторды есептер шығаруда қолдану;

 Сабақтың мақсаттары

Векторлаоды есептерді шығаруда қолдану

 Бағалау критерийлері

  • Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиеттерін қорытып шығаруда векторларды қолданады;
  • Векторларға амалдар қолданады;
  • Қорытқы жылдамдық ережесін біледі және қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • бөлімдегі лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады;
  • векторларға қолданылатын амалдарды түсіндіреді;
  • скаляр көбейтінді формуласын қолданып бұрышты анықтау жолын түсіндіреді;

есептің шешілу жолын түсіндіреді.

Пәндік лексика мен терминология

  • вектор;
  • бірлік вектор;
  • нөлдік вектор;
  • коллинеар векторлар;
  • бірдей бағытталған векторлар;
  • қарама-қарсы бағытталған векторлар;
  • тең векторлар;
  • қарама-қарсы векторлар;
  • үшбұрыш/параллелелограмм ережесі;
  • векторлардың скаляр көбейтіндісі;
  • радиус-вектор;
  • вектор координатасы;
  • вектордың координаттық өстердегі проекциясы;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • векторды коллинеар емес екі вектор арқылы жіктейміз;
  • а векторының соңынан b векторын саламыз;
  • А нүктесінен берілген векторға тең болатын вектор саламыз;
  • ….болса, берілген векторлар тең болады;
  • ....болса, берілген векторлар қарама-қарсы бағытталған векторлар болады;

 Саралау түрі

Жасырын және көпдеңгейлі саралау тәсілі

 Құндылықтар

Оқушылардың бойында сыйластық, ынтымақтастық, өмір бойы оқу құндылықтарды дарыту. Осы құндылықтар арқылы бір-бірін тыңдау, ой пікірін еркін айта алу және т.б.іс әрекеттерін дамыту.

 Пәнаралық байланыс

физика

 АКТ дағдылары

http://izotovmi.chat.ru/Fizika/Mehanika/zkine190.htm

http://teachology.xyz/mathhealth/almanach/kin3.html

https://www.kursoteka.ru/course/2659/lesson/8670/unit/22220

 Осыған дейін меңгерілген білім

Вектор ұғымы. Векторларға амалдар қолдану

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-7

І. Сәлемдесу;

ІІ. Психологиялық ахуал құру;

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Жылан» стратегиясы арқылы сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Әрбір оқушының арқасына бір парақ қағаз жабыстырылады, ал оқушылар онда бір -бірлеріне жайлы сын есімнен құралған 1-2 сөзден жазады. Кейін әрбір оқушы парақ қағазды алып, өздері жайлы жазылған сын есемдерді оқиды.

ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу. Үш деңгейден тұратын сұрақтары арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Сұрақтар деңгейлі екенін білдіртпей жасырын түрде үш түске бөліп тастау керек. Мысалы, егер оқушы төменгі деңгейдегі сұраққа жауап берсе, оған сары түсті карточка беріледі, ал егер ортаңғы деңгейдейгі сұраққа жауап берсе, онда жасыл түсті карточка беріледі. Жоғары деңгейлі сұраққа жауап берсе, қызыл карточка беріледі. Соңында, қай түс басым болса, оқушылар бірігіп, топ құрайды. Осылайшы жасырын саралау тәсілін қолданып, оқушыларды деңгей бойынша топқа бөлдік.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

8-19

20-25

26-30

31-37

Қалыптастырушы бағалау: Теориялық материалды «Бағдаршам» стратегиясы арқылы тексеруБұл стратегияның тиімділігі оқушылар теориялық материалды қайталап, формулаларды естеріңе түсіріп, және кері байланысты қолма-қол алады. Мұғалім оқушыларға алдын-ала бағдаршамдарды таратады. Тақтада тапсырманың жауабына қай түс келеді, оқушылар соны көтеріп жауап береді.

Бекіту. Оқушылар классикалық жағдайларды, мысалы, ағыс векторына қатысты өзенді жүзіп өту, ұшақтың ұшқан жолын векторлармен бейнелеп, оның берілген бағытта желге қатысты ұшу секілді есептерді қарастырып, зерттеу қажет.

Топтық жұмыс.

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, мұғалім міндетті түрде қорытынды жасап, кері байланысты беру керек. Не үшін бұл тапсырманы орындадық? Қандай қиындықтар болды? Нені есімізге сақтау керек? Есеп шығаруда қолданылған қасиеттерді, формулаларды жазып алу.

Тапсырмаларды орындау кезде егер оқушылар қиналатын болса, дескрипторлар ұсынылады.

Кері байланыс. Тақтаға тапсырманың дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз-өздерін бағалайды.

І тапсырма.

ІІ тапсырма.

ІІІ тапсырма.

Слайд

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

39-40

Сабақтың соңында оқушылар өздерін бағалайды. Өз түсініктері бойынша бағдаршамның түсін көтеріп көрсетеді.

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Тапсырмалар түрлі деңгейлі тапсырмалар (Блум бойынша) ұйымдастырылады. Оқушылар өз деңгейлерін өздері таңдап, сәйкес түске тапсырмаларды орындайды.

Сабақтың басында өткен материалды қайталау формативтік бағалау қолданылды.

Сабақтың ортасында мұғалімнің бағалауы болды. Ал практикалық тапсырмаларды орындау барысында өзара бағалау болды.

Топпен жұмыс ұйымдастырылғандықтан оқушылар орындарын ауысытырып қозғалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

ОМ барлық оқушылар жетті ме?

Егер жетпесе, онда неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?

Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу