Есептерді шешуде векторларды қолдану. Геометрия, 9 сынып, қосымша материал 2.


Сары карточка

Аружан О нүктесі үйден шығып, шығысқа қарай 2км жол жүріп А нүктеге келіп, оңтүстікке қарай тағы 3км жол жүріп В нүктеге келеді.

  • Аружанның жүрген жолын табыңдар;
  • Аружанның орын ауыстыруын есептеңдер;
  • Аружан бастапқы О нүктеден В нүктесіне ауытқуын табыңдар.

Дескриптор:

  • Оңтүстік, солтүстік, шығыс және бастыс бағыттары география пәнінен өзара перпендикуляр екенін біліп, есеп шартына қатысты схеманы сызады;
  • Жүрген жол вектордың қосындысы екенін біледі;
  • Орын ауыстыруы ұзындығы екенін анықтайды;
  • О нүктеден В нүктесіне дейінгі ауытқу ВОА сүйір бұрышы екенін анықтайды;
  • ВОА бұрышын дұрыс есептейді.

Жасыл карточка

Қайық ағысқа 900 жасап меншікті жылдамдығы 4км/сағ жүзіп келеді. Өзен ағысының жылдамдығы 1км/сағ тең. Жерге қатысты қайықтың қорытқы жылдамдығын және ауытқу бұрышын табыңыздар.

Дескриптор:

  • есептің шартын координаталар жазықтыққа орналастырып, ағыстың және қайықтың меншікті жылдамдықтарының бағытын көрсетеді;
  • тікбұрышты үшбұрышты анықтайды;
  • қорытқы жылдамдық үшбұрыштың гипотенузасы екенін анықтайды;
  • қорытқы жылдамдығын табады.

Қызыл карточка

Тікұшақ солтүстікке қарай 20м/с жылдамдықпен ұшып келеді. 10м/с жылдамдықпен батыс жақтан жел соғып, тікұшақ қандай бұрышпен және жылдамдықпен меридианға қарай ұшады.

Дескриптор:

  • есеп шартына сәйкес схеманы сызады;
  • батыс жақтан соққан жел шығысқа қарай бағытталғаннын біліп, тікұшақтың бағытын және ауытқу бұрышын дұрыс көрсетеді;
  • қорытқы жылдамдықты дұрыс анықтайды;
  • ауытқу бұрышын дұрыс табады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу