Трапеция ауданы. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 3 сабақ.
Қосымша 1
Бірінші топ тапсырмасы
- Табандары 12 см және 16 см, ал биіктігі 15 см трапецияның ауданын табыңыз.
- Трапеция биіктігі 20 см –ге, ауданы - 400 см2 . Трапецияның орта сызығын табыңыз.
- Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышы 135о, ал осы доғал бұрыштан жүргізген биіктігі үлкен табанын 1,4 см және 3,4 см кесінділерге бөледі. Трапеция ауданын табыңыз.
- Тең бүйірлі трапецияның диагональі доғал бұрышын тең екіге бөледі. Трапецияның кіші табаны 3, периметрі 42. Трапеция ауданын табыңыз.
Екінші топ тапсырмасы
- Трапеция табаны 26 см, биіктігі 10 см, ал ауданы 200 см2. Трапецияның екінші табанын табыңыз.
- Трапеция ауданы 36 см2, биіктігі 2 см. Егер трапеция табандары 4:5 қатынаста болса, табандарын табыңыз.
- Орта сызығы 10 см, ал 6 см –ге тең бүйір қабырғасы бір табанымен 150о бұрыш жасайтын трапецияның ауданын табыңыз.
- Тік бұрышты трапецияның бүйір қабырғалары 6 және 6,25. Сүйір бұрышы төбесінен жүргізген диагональ биссектрисасы болып табылады. Трапеция ауданын және осы диагональді табыңыз.
Үшінші топ тапсырмасы
- Табандары 3 см және 1 см, ал бүйір қабырғасы табанымен 45о бұрыш жасайтын тік бұрышты трапецияның ауданын табыңыз.
- Трапецияның табандары 36 см және 12 см. 7 см – ге тең бүйір қабырғасы табанының біреуімен 150° бұрыш жасайды. Трапеция ауданын табыңыз.
- Трапеция ауданы 80, табандары 1:3 қатынаста. Орта сызығы трапецияны екі трапецияға бөледі. Олардың аудандарын табыңыз.
- Тең бүйірлі трапецияның бүйір қабырғаларын қамтитын түзулер тік бұрыш жасап қиылысады. Егер трапеция ауданы 12-ге тең, ал биіктігі 2-ге тең болса, трапеция қабырғаларын табыңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру