Фигураның ауданы және оның қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 4, 1 сабақ.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Фигураның ауданы және оның қасиеттері»
Оқу мақсаттары:
8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу
8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу;
Сабақ мақсаттары
- фигуралардың ауданы ұғымы және анықтамаларын білу;
- тең шамалы, тең құрамды фигуралардың анықтамаларын білу, оларды ажырата алу;
- тең шамалы, тең құрамды фигуралардың анықтамаларын есептер шығаруда қолдану.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
біледі:
- төпбұрыштың ауданының анықтамасын және қасиеттерін;
- тең шамалы және тең құрамды фигуралардың аықтамаларын.
қолдана алады:
- аудан ұғымын және тең шамалы, тең құрамды фигуралардың анықтамаларын есеп шығаруда.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
Ұйымдастыру сәті. Сабақты белсендендіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Төрбұрыштар» тақырын ауызша қайталау:
- Қандай төртбұрышты параллеограмм дейміз?
- Қандай төртбұрышты ромб дейміз?
- Қандай төртбұрышты тіктөртбұрыш дейміз?
- Параллелограммның қасиетін сипаттаңыз.
- Ромбтың қасиеттерін айтыңыз?
- Тіктөртбұрышты қасиетін айтыңыз.
- Аудандарды өлшеудің бірліктері, өлшембірліктер арасындағы қатынас.
- «Қосымша 1» үлестірмесін оқушылар өздері толтырсын.
Оқушылармен бірлесе отырып, оқу мақсатын құру.
Сабақтың ортасы
Сыныппен жұмыс (Қосымша 2)
- Қайталауға есептер шығару. Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпты меңгеруге септігін тигізетін мысалдар. Есеп шарттары бойынша әріптік өрнектерді құрастырып, бастапқы және нәтижелік мәліметтерге есептеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
- Жаңа тақыыпты енгізу.
Сергіту сәті
Осы тақырып жайлы не білемін? | Не білгім келеді? | Ой қорыту сәті. |
Осы тақырып жайлы не білемін?
Оқушылар бұл сұрақтың жауабын жұптарымен талқылайды. Талдау нәтижелерін параққа түсіреді.
Не білгім келеді? (Болжалды жауаптар)
Не үшін бұл тақырып өтіледі? Қайда қолданылады? Геометриялық фигуралардың аудандарын есептеудің басқа да жолдары бар ма? Не үшін оқимыз? Қай мамандыққа бұл тақырыптың маңызы зор? (мұғалім аталған сұрақтарға мысал келтіріп, жауа береді)
Ұжымдық жұмыс (Қосымша 3; «Геометрия 8» оқу құралы )
Қарапайым геометриялық фигуралардың адандарын қарастыру арқылы оқушылардың өздігінен білім алу дағдаларын қалыптастыруға үйрету. Оқушыларға аудан есептеуге қарапайым тапсырмалар таратпалар арқылы ұсынылады. Тор көзді парақта аудан есептеу барысында бізге фигураның кескіні мен кейбір қарапайым мағлұматтар қажет болады:
-тіктөртбұрыштың ауданы екі іргелес қабырғаларының көбейтіндісіне тең;
-тікбұрышты үшбұрыштың ауданы екі катетінің көбейтіндісінің жартысына тең;
-фигуралар тікбұрышты үшбұрыштарға, шаршыларға және тіктөртбұрыштарға ажыратылады.
Тақырыпты көрнек етіп көрсету үшін презентацияны қолдану.
Топтық жұмыс. (Қосымша 4)
Ой қорыту сәті: Аудандардың қасиеттерін қорытып шығару
Кітаппен жұмыс.
Сынып шағын топтарға бөлінеді. Әр топ өз талдауларын жасайды: жаңа терминдерді, анықтамаларды, қасиеттерді, нақты мысалдарды дәптерлеріне жазады. Жауаптарын достарының жауаптарымен салыстырады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарының сапасына назар аударып, сырттай бақылау жасайды. Әр топтың мүшлері өздерінің жауаптарын тақтада қорғайды. Мұғаліпм әрбір шыққан оқушыны қоkпаштап, оған жағымды кері байланыс береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру