Трапеция. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал.
ТРАПЕЦИЯ
Анықтама. Трапеция деп екі қарама-қарсы қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты айтады.
Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары, ал параллель емес қабырғалары – бүйір қабырғалары деп аталады (1а-сурет).
Трапецияның биіктігі деп табандарының ортақ перпендикулярын айтады, яғни бір табанының нүктесінен екінші табаны жататын түзуге жүргізілген перпендикуляр.
1-қасиет. Трапеция дөңес төртбұрыш болады.
2-қасиет. Трапецияның бүйір қабырғасына іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 180-қа тең.
Егер трапецияның бүйір қабырғалары тең болса, онда трапеция теңбүйірлі деп аталады (1а-сурет). Егер трапецияның бүйір қабырғасы оның табанына перпендикуляр болса, онда трапеция тікбұрышты деп аталады (1ә-сурет).
Анықтама: Тең бүйірлі трапеция
Бүйір қабырғалары тең трапеция теңбүйірлі деп аталады
Теорема (теңбүйірлі трапецияның симметриясы туралы). Теңбүйірлі трапеция табандарының орталары арқылы өтетін түзу, осы трапецияның симметрия осі болып табылады.
Теңбүйірлі трапецияның қасиеттері:
1. Теңбүйірлі трапецияның әр табандарына іргелес жатқан бұрыштары өзара тең болады.
2. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары өзара тең болады.
Теңбүйірлі трапецияның белгілері:
1. Егер трапецияның табанындағы бұрыштары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі.
2. Егертрапециядиагональдары тең болса, онда бұл трапеция – тең бүйірлі.
Анықтама: Тікбұрышты трапеция
Бір бұрышы тік болатын трапеция тікбұрышты трапеция деп аталады
Анықтама:
Трапецияның орта сызығы деп бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесіндіні айтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру