Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 8.2 А бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастар | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- тегі : | ||||||||||||||
Сынып : | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.2 тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі; | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
| ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді; - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді; - дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды; - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады. Бөлім бойынша лексика және терминология: - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; - бұрышқа іргелес жатқан катет; - бұрышқа қарсы жатқан катет; | ||||||||||||||
Құндылықтарды дардамыту | Топпен, жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке, академиялық шынайлықа тәрбиелеу | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстары | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин
Сабақтың ортасы 5 мин
6 мин
3 мин | 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу ,түгендеу Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. 2.Жаңа материалды меңгерту Лабораториялық жұмыс жүргізіледі, онда оқушылар қабырғаралары кестеде берілген тікбұрышты үшбұрыштарды қарастырады.
Лабораториялық жұмыстың нәтижесін басқа оқушылармен талдаңыз. Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасыңыз. Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың α бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі деп аталады. Тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамалары беріледі. Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп аталады. Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады. Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі деп аталады. sin α, cos α және tg α анықтамаларынан мынадай ережелер шығады:
5.Топтық жұмыс Есептерді шешу. Оқушыларды шағын топтарға топтастыру. Топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Оқушылар топта есептерді өзара өздері бөледі. Теорема Тригонометриялық функциялардың мәндері үшбұрыштың өлшемдеріне тәуелді емес 6.Есептер шығару ( Жеке жұмыс ) Жұптық жұмыс. Оқу құралы. Зерттелетін тақырып бойынша оқулықтың есептерін шешу, тақырып бойынша алынған негізгі білімдерді қайталау, оларды талаптарға сай ету рәсімдеу. Өзара бағалау: оқушылар өзара оқытуда түсіндірудің қолжетімділігін бағалайды. Жауаптарды өзара тексеру. | Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Геометрия 8. Шыныбеков Ә.Н.Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық. 2- басылымы. – Алматы: Атамұра, 2011. – 128 бет. ISBN 978-601-282-320-2 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | 8.Үй жүмысы АВС –тікбұрышты үшбұрыш , 1) ВС = 8, АВ = 17, АС = 15; 2) ВС=21, АС= 20, АВ = 29; 3) АС = 24, АВ = 25, СВ = 7 А және В бұрыштарының синусын, косинусын және тангенсін табыңдар. 9.Рефлексия Оқушылар стикерлерге өз ойларын қалдырып жазып қалдырып кетеді Мен түсіндім… Мен білемін… Мен үшін әлі қиын… Әсіресе маған ұнағаны… | Қосымша 6 Қосымша 7 | |||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. | Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін жеке жұмыс жасайды. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру