Параллелограмм. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

8. бөлім

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Н.С.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Параллелограмм

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.3 параллелограммның анықтамасын білу;

8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану.

 Сабақ

 мақсаты

Параллелограмм ұғымымен, элементтерімен таныстыру;

Параллелограммның қасиеттерін білу.

 Бағалау

 критерийлері

  • параллелограмның анықтамасын біледі;
  • параллелограмның қасиеттерін қорытып шығарады;
  • параллелограмның қасиеттерін қолдана алады;

 Тілдік

 мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

- төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді;

- есеп шығаруды дәйектейді;

- бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады.

Пәндік лексика мен терминология

- параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, трапеция;

- диагональ;

- пропорционал кесінділер;

- үшбұрыштың орта сызығы..

Диалогқа / жазылымға қажетті тіркестер

- параллелограмм диагональдары ..., қиылысу нүктесінде ... ;

- параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ;

 Құндылықтарды

 дарыту

Жұппен, топпен жұмыс арқылы өзгенің пікірін тыңдауға үйрету. Бірін бірі бағалу арқылы сыни ойлаулары мен өз білімдерін бағалай алушылық қасиеттерін дамыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Сызу сабағы

 АКТ қолдану

 дағдылары

Презентация - интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу.Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдей білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру сәті. Тақырыппен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

«Жылан» стратегиясы бойынша сынып атмосферасын жайландыру

Слайд

1-3

Сабақтың ортасы

7 мин

Тақырыпқа шығу

Бейне жазба көру «Сәйкес бұрыштар»

Оқушылар параллель түзулердің қасиеттерін және екі параллель түзулерді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды қайталап шығады.

Практикалық тапсырма 1

  • Екі параллель түзу сызыңдар;
  • Осы түзулерді қиятын және пайда болатын сәйкес бұрышы сүйір болатындай үшінші түзуді сызыңдар;
  • Қиюшы түзуге параллель түзу сызыңдар;

Тақырыпқа шығу:

Осы түзулермен шектелген қандай фигура пайда болды?

Төртбұрыштың түрі – Параллелограмм

Анықтама. Қарама–қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыштар параллелограмм деп аталады. Параллеограммның суретін көрсету.

Слайд 4

Қосымша 1

Слайд 6

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

5 мин

Жаңа тақырып

Теориялық бөлім.

Параллеограммның қасиеттерін қорытып шығару мақсатқа жету үшін келесі бейнетаспаны көрсету. Видеодәрісті мұқият көру керек. Себебі осы видеосабақ негізінде сынып оқушылары дәлелдеу жұмысын қайтадан жасайды.

Топтық жұмыс.

«Туған айлары» бойынша топқа бөлініп, параллеограммның анықтамасын және қасиеттерін оқушылар өздері дәлелдеп, басқа топқа түсіндіреді.

Тапсырма (қосымша 2)

Видеодәрістен түсінгендері бойынша сызбамен жұмыс жасайды. Сызба бойынша параллелограммның қасиеттерін қорытып, дәлелдеңіздер.

Әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, әр топтан бір оқушы басқа топқа барып, өз тапсырманың жауабын түсіндіреді.

Жұппен жұмыс.

Тақырып бойынша «қарапайым тапсырмаларды» бүкіл сыныппен орындау. Есептер шығару.

Видео материал (5 мин): https://www.youtube.com/watch?v=329UFJ0-y3U

Қосымша 2

Слайд 7

Қосымша 3

Слайд 8, 9, 10

Бекіту

8мин

Дифференциация

Оқушыларға сары және қызғылт түсті карточкалар ұсынылады. Сары түсті карточкалардың тапсырмалары күрделі, ал қызғылт түсті карточкалардың тапсырмалары оңай боп екі деңгейге бөлінген. Оқушылар өздері карточкаларды таңдап, түс бойынша екі топқа бөлінеді.

Қосымша 4

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Неге жеттік?

Нені қайталау керек?

Қандай қиындық болды?

Қалай оны өзгертеміз?

Үйге тапсырма

тең екенін дәлелдеңіздер

Үй тапсырмасы ретінде Ресурстардағы онлайн оқулықтан 7-10 беттерді оқып келіңіздер.

Қосымша 4

Геометрия 8-сынып.

И.Бекбоев, А. Абдиев, Ж. Қайдасов, Г. Хабарова.

Алматы: "Рауан"

2008 ж.

104 бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу