Параллелограмм. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
8.1А бөлім | Павлодар қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сатыбалдина Д.С. | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Параллелограмм | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.3 параллелограммның анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Параллелограмм анықтамасы, элементтерін, қасиеттерін білу | ||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: - төртбұрыштардың әр түрінің қасиеттерін қорытып шығару жолын дәлелдеп, түсіндіреді; - есеп шығаруды дәйектейді; - кесіндіні тең (пропорционал) кесінділерге бөлу жолын түсіндіреді; - бөлім бойынша лексика мен терминологияны есеп шығаруда қолданады. Пәндік лексика мен терминология - параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, трапеция; - трапецияныңтабандары және бүйір қабырғалары; - тікбұрышты трапеция; - теңбүйірлі трапеция; - диагональ; - пропорционал кесінділер; - үшбұрыштың орта сызығы; - трапецияның орта сызығы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - төртбұрыштың диагональдары өзара перпендикуляр болады,егер ... ; - параллелограмның қарама-қарсы бұрыштары ... ; - | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу, ынтымақтастық және ашықтық. Тәрбиелеу құндылықтар топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу сабағы | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация - интербелсенді тақтаны қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдік белгілерін білу; теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін білу; түзулердің параллельдік белгілері мен түзулер мен қиюшы арасындағы бұрыштардың қасиеттерін білу.Үшбұрыштардың теңдігін және түзулердің параллельдігін дәлелдей білу. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Амандасу. «Жылан» стратегиясы арқылы сыныпта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру. Әрбір оқушының арқасына бір парақ қағаз жабыстырылады, ал оқушылар онда бір -бірлеріне жайлы сын есімнен құралған 1-2 сөз жазады. Кейін әрбір оқушы парақ қағазды алып, өздері жайлы жазылған сын есемдерді оқиды. | ||||||||||
Тақырыпқа шығу 5 мин
| Бейне жазба көру «Сәйкес бұрыштар» https://bilimland.kz/kk/#lesson=11184 Оқушылар параллель түзулердің қасиеттерін және екі параллель түзулерді үшінші түзу қиғанда пайда болатын бұрыштарды қайталап шығады. Практикалық тапсырма №1
Тақырыпқа шығу: Осы түзулермен шектелген қандай фигура пайда болды? Төртбұрыштың бірі түрі – Параллелограмм Анықтама. Қарама –қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыштар параллелограмм деп аталады. Практикалық тапсырма арқылы оқушылар біріншіден, тақырыпқа өздері шығады, екіншіден, параллелограммды дұрыс сызуға үйренеді және түсінеді. Анықтаманы өздері айта алады. Ал мұғалім түпнұсқасын презентацияға шығарып көрсетеді. | Слайд 1 Қосымша 1 | |||||||||
Жаңа тақырып 15мин Топтық жұмыс «Мозайка» Рефлексия 8мин | «Мозайка» стратегиясы бойынша оқушылар үш топқа бөлінеді: «қызыл», «жасыл», «көк» түсті Бейне жазба көру Параллеограммның қасиеттерін қорытып шығару мақсатқа жету үшін келесі бейнетаспаны көрсету: https://bilimland.kz/kk/#lesson=11562 «Үшбұрыштардың теңдігінің ІІ белгісі» Тақтаға келесі тапсырма көрсетіледі осы сызба бойынша параллелограммның қасиеттерін қорытып, дәлелдеңіздер: кілтті сөздер
Бұл стратегия бойынша әр топ өз тапсырмаларын орындап болған соң, әр топтан бір оқушы басқа топқа барып, өз тапсырманың жауабын түсіндіреді. Соңында топтар әр түрлі түстер боп араласады. 1-қасиет. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғалары тең және қарама-қарсы бұрыштары тең. 2-қасиет. Параллелограмның диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. Оқушылардың қорытып шығарған қасиеттеріне түзету жасап, дәлелдеу жолдарын толықтырп, түпнұсқасын тақтада көрсету. | Слайд 7 Қосымша 2 | |||||||||
Бекіту 8мин | Дифференциация Оқушыларға сары және қызғылт түсті карточкалар ұсынылады. Сары түсті карточкалардың тапсырмалары күрделі, ал қызғылт түсті карточкалардың тапсырмалары оңай боп екі деңгейге бөлінген. Оқушылар өздері карточкаларлынды таңдап, түс бойынша екі топқа бөлінеді.
Бағалау критерийлері
| Қосымша 3 | |||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Рефлексия Неге жеттік? Нені қайталау керек? Қандай қиындық болды? Қалай оны өзгертеміз? Үйге тапсырма тең екенін дәлелдеңіздер | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру