Сәндік қолданбалы өнер. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сәндікқолданбалыөнер

Сабақтың тақырыбы

Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар

Бастапқы білім

Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдары жәйлі ақпараттарды біледі

Оқыту мақсаттары

9.1.2.1 мәденижәнетарихижәдігерлер, қолөнер мен дизайн салаларышығармаларыныңматериалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау

Сабақтың мақсаттары

Әртүрлі мәдениеттердегі заманауи интерьер бұйымдарын салыстырмалы талдау

Бағалау критерийлері

- Бірнеше елдердің интерьер бұйымдарына салыстырмалы талдау жүргізеді;

- Талдау нәтижесі бойынша таныстырылым өнімін даярлайды.

Тілдік мақсаттар

Қазақтың интерьер бұйымдарына ... жатады. Олар ... материалдардан жасалынған.

Қазақ интерьеріне сәйкес бұйымды жасау барысында ... қиыншылықтар кездеседі. Себебі, ... .

Біздің тобымызға берілген бұйым атаулары ... . ... бұйымның ерекшелігі ... .

Екі бұйымының ... ұқсастықтарын анықтадық.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар алдағы өнер пәні бойынша нәтиже мен білімінің қалыптасуына жауапкершілікпен қарауды, сабақтың барысында мұғалімді және сыныптастарын сыйлауды, практикалық жұмысты орындауда ұқыптылық пен қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету арқылы денсаулық және сыныптасына көмек қолын созу арқылы серіктестікті дарытамыз.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Қазақстан тарихы

Дүние жүзі тарихы

Кезең

Тапсырманы орындау барысында оқушылар мәдениет бойынша тарих сабақтарынан алған білімдері қажет болады.

Дифференциация

Күтілетін нәтиже бойынша дифференциация:

Оқушылардың барлығына бір тапсырма беріледі.Бірақ оқушылар тапсырманың жауабын әртүрлі түрде даярлап, оны әртүрлі деңгейде мағынасын ашуы мүмкін.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта АКТ дағдыларын дамыту қарастырылмаған

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылар тоқсанның басында өткен қауіпсіздік ережелерін сақтаулары тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен аманадасып,сыныпты түгендеп аламын. Сабақтың тақырыбына шығу үшін оларға әртүрлі интерьерлердің бұйымдарын жинақтап, оқушыларға көрсетемін. Сұрақтар:

  • Оқушылар сіздердің алдыларыңызда мен бірнеше бұйымдарды дайындап қойдым. Олардың әрқайсысы туралы не білесіздер?
  • Бұл заттардың арасында қандай ортақ байланыс бар деп ойлайсыз?
  • Бүгінгі сабағымыздың қандай болады деп ойлайсыздар?

Оқушылардың сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін отандық интерьер дизайнері Елзат Мұқашевтің сұхбатын қараймыз. Кейін сұрақтар қойылады:

  • Елзат Мұқашевті неліктен қазақ стиліндегі интерьер дизайнымен айналыса бастады?
  • Қазақ интерьерін жасау барысында қандай қиыншылықтар туындады?
  • Бейнероликтегі интерьерде қандай қызық немесе ерекше қазақи бұйымдарды көрдіңіздер?
  • Бұл бейнебаян бойынша қандай түйін жасауға болады?

Яғни, қазақ стиліндегі интерьер дизайны енді аяққа тұрып жатқан стиль болып табылады. Қазақ стилінде дәстүрлі әшекейлердің және жарқын элементтердің (бау, басқұрлар) болуы, табиғи жылы түстердің реңктерді (текемет, сырмақ, терілер, кілем) пайдаланумен сипатталады. Сондай-ақ, бұл интерьерде табиғи немесе боялған ағаш (кереге, шаңырақ, есік, кеудеше, ожау), түрлі-түсті маталар (перделер, жастықтар, құрақ көрпе) және асыл металдар - күміс, қола және мыстардың (зергерлік бұйымдар, қару-жарақтар, ыдыстар) болуы шарт.

Оқушыларды шағын 4 топқа бөліп аламын. Және оларға материал атауларына сай екі елдің бұйымдары туралы жазылған парақшаларды таратып шығамын.

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Таңдалған бұйымы материал бойынша ақпаратпен танысыңыз. Және ақпараттағы екі елдің бұйымын Венн диаграммасында салыстырыңыз.Оқушылармен тапсырма бойынша дескрипторларды құрастырып аламын:

  • Таратылған ақпаратпен мұқият танысты;
  • Екі бұйымның ерешеліктерін дұрыс анықтады;
  • Екі бұйымның ұқсастықтарын дұрысанықтады;
  • Өз талдауымен сыныпты таныстырды.

https://www.youtube.com/watch?v=izN6A-nHjKw

https://krisha.kz/content/articles/2017/inter-er-po-kazahski-v-chyom-osobennost

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B

https://rukodelielux.ru/kvilting-i-pechvork

Сабақтың соңы

15 минут

Уақыт аяқталған кейін оқушылар кезекпен сыныптың алдына шығып өздерінің венн диаграммаларымен таныстырады. Таныстырылым аяқталып болғаннан кейін олардан кейінгі шығатын оқушылар, бұл топты дескрипторлар бойынша бағалап, өз ұсыныс пен пікірлерін жеткізеді.

Барлық оқушылар өз жұмыстарын таныстырып болғаннан кейін, әр топ оқушыларына кері байланыс беремін. Оқушыларға сабақтағы жақсы ақпаратты түсіндірген жұпты немесе топты, венн диаграммасынқызықты түрде рәсімдеген, тапсырманы барлық дескрипторларға сай орындаған оқушыларды таңдауды ұсынамын.Сабақты қорытындылау үшін сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылардың мақсатына қаншалықты жете алғандары бойынша кері байланыс беріп аяқтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу