Сәндік қолданбалы өнер. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісі: _____________________(қолы) _______

 

Пән:Өнер

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Cәндік қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы

Интерьердің сәндік заттарын дайындау және безендіру.

Бастапқы білім

Оқушылар шығармашылық жұмыстарды жасау кезінде, қауіпсіздікті сақтау шараларын біледі. Әртүрлі әдістерді біріктіре отырып, өнер материалдарын өз бетімен анықтай алады.

Оқыту мақсаттары

9.2.1.1 мазмұнды, ерекше туындыны орындау үшін өз бетінше және сенімділікпен өнердің көркем құралдарын қолдану.

9.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну

9.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

 Сабақтың мақсаттары

Жоспарлап қойған идеяларын жүзеге асыру үшін келесі кезең бойынша орындауды, жалғастыру.

Бағалау критерийлері

  • топта өздері жоспарлаған сағаттарының дизайнын кезеңі бойынша жалғастырады ;
  • безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес көркем құралдарды қолданады;
  • бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;
  • жобалық шығармашылық жұмысын жетілдіреді;

 Тілдік мақсаттар

 

Біз экспериментті ұнататындықтан, ........... әдісін таңдадық. Жасаған......... интерьерде ...... стильді беріп тұрады.

 Құндылықтарды

 дарыту

Сабақта оқушылар біріге жұмыс істей отыра серіктестікті, ноутбуктермен жұмыс істей отырып, кабинетте өзін-өзі ұстау ережесін ұстану арқылы қауіпсіздік, тапсырманы орындау арқылы жауапкершілік құндылықтары дарытылады.

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Тарих

Кезең

Оқушылар қазақ ою-өрнектерін қолдану кезінде, тапсырманы орындауда қолданады.

 Дифференциация

Техникалармен жұмыс жасау кезінде, әр оқушының деңгейіне байланысты материалдармен жұмыс жасайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар АКТ-ны пайдаланып шығармашылық, креативті идеяларды дамыта алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қауыпсіздік техникасының тармақтары бойынша , өнер кабинетінің ішінде жүгіруге, кескіш бұйымдармен ойнауға, ноутбуктармен ұқыпсыз, мақсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

.

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин.

Ынтымақтастық атмосфераны орнату үшін бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді және күннің сәтті өтуін тілейді.

Оқушылармен біріге өтілген сабақты талқылаймыз.Сабақ тақырыбына шығу үшін оқушыларға сұрақ қоямын:

  • Оқушылар бүгінгі сабақта не жасаймыз?
  • Келесі кезеңге көшеміз.
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Интерьердің сәндік заттарын дайындау және безендіру». Сабақ мақсаттарын , бағалау критерилерін презентациямен таныстырамын.

Сабақтың презентациясы.

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

Оқушылармен біріге үй интерьеріндегі сәндеуге арналған бұйымдардың бірі, сағатты қарастырамыз.

Оқушыларға идеяларын жетілдіру үшін ноутбуктарды әр топты қамтамасыз ету.

Оқушылар алдыңғы сабақта бөлінген шағын топтарда жұмыс жасайды.

Тапсырма.

Әр топ өздері жоспарлаған парағына сәйкес, материалдармен жұмыс жасауды жалғастыру, келесі кезеңдерге көшу.

Дескрипторлар:

  • Жоспарлаған техникада жұмыс жасау кезінде заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданады.
  • өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсынады.
  • шығармашылық жұмысты жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады.

Әр топқа 2минут уақыт беріледі, өздерінің жұмыстарымен кезекпен шығып, таныстырады. Дескриптор бойынша өздерін бағалайды.

Сағат жасау әдістері: декупаж ✿ Часы ✿ Decoupage ✿ Wall clock ✿ Мастер-класс Татьяны Чимбирь

Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылар жұмыстарын қорғау кезінде өзін-өзі дескриптор бойынша бағалайды.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Екі жақсы жағы және бір тілек немесе ұсыныстарын айтады.

Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс береді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

1 .«Киіз үйдің» атауы неліктен ойлайсыздар?

2.Киіз үйдің формасы неліктен шеңбер тәріздес деп ойлайсыздар?

3.Киіз үй интерьерінің ерекшелігін атаңыз. - Киіз үй бұйымдары қандай дәстүрлі қолөнер түріне жатады?

4.Бұйымды қазақ ұлттық стиліне тән ететін не? Қандай интерьер бұйымдары болды?

5.Басқа мәдениеттерде бұл дәстүрлі қолөнер бұйымның аналогтары бар ма?

6.Табиғи ресурстар мен географикалық орналасуы өнерге әсер тигізе ме? Себебі неде?

1 .«Киіз үйдің» атауы неліктен ойлайсыздар?

2.Киіз үйдің формасы неліктен шеңбер тәріздес деп ойлайсыздар?

3.Киіз үй интерьерінің ерекшелігін атаңыз. - Киіз үй бұйымдары қандай дәстүрлі қолөнер түріне жатады?

4.Бұйымды қазақ ұлттық стиліне тән ететін не? Қандай интерьер бұйымдары болды?

5.Басқа мәдениеттерде бұл дәстүрлі қолөнер бұйымның аналогтары бар ма?

6.Табиғи ресурстар мен географикалық орналасуы өнерге әсер тигізе ме? Себебі неде?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу