Идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Сәндік қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы

Идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау

Бастапқы білім

Интерьерге арналған сағаттарды жасаудың бірнеше жолдарын біледі.

Оқыту мақсаттары

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойыншабілімдерді жалпылау

Сабақтың мақсаттары

Игерген білімдерінің негізінде интерьер сағаттарының дизайнның жасау.

Бағалау критерийлері

Интерьер сағатының түрлерімен танысады;

Бөлме интерьеріне арналған сағат нобайын әзірлейді.

Тілдік мақсаттар

Мен интерьер сағатына ... пішінді таңдадым. Сағаттын бетіне көркемдеу үшін ... ою-өрнек (суретті) түрін таңдадым. Сағатқа ... түстерді бердім.Бұл сағат үйдің ... бөлмесіне арнайылап салынған.

Барлық суреттердің ішінен ... суреті барлық дескрипторларға сай орындалған. Менің ойымша бұл нобайда ... тұстартын әлде де жетілдіру қажет.

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар алдағы өнер пәні бойынша нәтиже мен білімінің қалыптасуына жауапкершілікпен қарауды, сабақтың барысында мұғалімді және сыныптастарын сыйлауды, практикалық жұмысты орындауда ұқыптылық пен қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету арқылы денсаулық және сыныптасына көмек қолын созу арқылы серіктестікті дарытамыз.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Сызу, геометрия

Кезең

Интерьерге арналған сағаттың пішімін салу кезінде геометрия мен сызудан игерген білімдерін қолданады.

Дифференциация

Тапсырма қиындығы бойынша дифференциация:

  • Жасау дағдысы жоғары оқушылар сағатты геометриялық пішінде ғана емес, ою-өрнектің контуры бойынша немесе өзі ойластырған суреттің идеясын нобайға түсіреді;
  • Жасау дағдысы орташа оқушы өзі таңдаған геометриялық фигураның ішіне сай келетін ою-өрнекті таңдап орындайды;
  • Жасау дағдысы төмен оқушыға дайын сағат пішіні ұсынылып, оған дайын ою-өрнектердің ішінен таңдау ұсынылады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта АКТ қолдану мүмкіндігі болса, оқушыларға ою-өрнектердің түрлерін қарап, танысады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында оқушылар тоқсанның басында өткен қауіпсіздік ережелерін сақтаулары тиіс.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен аманадасып,сыныпты түгендеп аламын. Сабақтың тақырыбына шығу үшін слайд арқылы әртүрлі суреттерді көрсетемін. Оқушылар әр суреттеге мұқият қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаулары қажет. Кейін оқушыларға бағыттаушы сұрақтарды қоямын:

  • Қалай ойлайсыздар бүгінгі сабағымызда қандай интерьер бұйымын қарастырамыз ?

Оқушылардың сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысырамын.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Оқушыларға әртүрлі дизайндегі интерьер сағаттары көрсетіліп, сұрақтар қойылады:

  • Бұл сағатты үйдің қай бөлігіне үйлеседі деп ойлайсыз?
  • Үйге сағатты таңдаған кезінде қандай сәттерді ескеру қажет деп ойлайсыз?

Оқушыларға олардың тоқсандық шығармашылық жұмыстарының интерьерлік сағатты қазақтың дәстүрлі стилінде жасайтының айтамын.

Оқушыларға қазақ ою-өрнектерінің түрлерімен сәйкестендіру арқылы таныстырамын. Слайд арқылы әртүрлі ою-өрнек түрлері көрсетіліп, оқушыларға сұрақ қоямын:

  • Оқушылар сіздерге көрсетіліп тұрған ою-өрнектерінің ішінен қайсысы сізге таныс?
  • Бұл ою-өрнектерінің атауларын білесіздер ме? Қандай?
  • Бұл ою-өрнектерді қандай түрлерге топтастыруға болады?

Талқы барысында оқушыларды дұрыс арнаға бағыттап тұру қажет.Және оқушылардың жауаптарының негізінде, дұрыс жауапты түсіндіремін.

Ұлттық  ою – өрнектер    төрт  топқа  бөлінеді:

– Зооморфтық –  жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

– Өсімдік бейнелі –  жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

–Космогониялық – ай, күн,  жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

–Геометриялық – ромбылар,  иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Қазақ ұлттық стиліндегі сағаттың нобайын орындаңыз.

Оқушыларға әртүрлі мәдениетке байланысты сағат үлгілерін көрсетіп сұрақтар қоямын:

  • Бұл сағаттарға қарап олардың қандай мәдениетпен байланыстыруға болады?
  • Оны қандай визуалды элементтерінен білдіңіздер?
  • Сағаттардың дизайнына қарап, олардың өзара қандай айырмашылық бар деп ойлайсыз?

Сағат циферблатына салынатын сурет ою-өрнек немесе сол мәдениетке қатысты сурет түрінде бейнеленуі мүмкін.

Дескрипторлар:

  • Интерьер сағатының пішінің таңдады;
  • Интерьер сағатына пішініне, қазақ мәдениетіне сай суретті орындады;
  • Нобайға үйлесімді түстер берді;
  • Нобайдағы суретті ұқыпты орындады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%8E-%D3%A9%D1%80%D0%BD%D0%B5%D0%BA

https://www.youtube.com/watch?v=3PF0tjDBs9s

Сабақтың соңы

15 минут

Оқушылардың барлық жұмыстары бір партаның немесе еден бетіне жиналып шағын көрме ұйымдастырылады.Көрмеде мынадай сұрақтар қойылады:

  • Оқушылар мына суреттердің ішінен барлық дескрипторларға сай орындалған суреттер қайсысы?
  • Қай суреттерді әлде де жетілдіру қажет?
  • Суреттердің ішінен қай сурет креативті орындалған?

Соныңда оқушылармен сабақ мақсатына қайта оралып, оны қаншалықты орындай алғанымыз бойынша кері байланыс беріп, аяқтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрыс қойылғанба?

Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткізді ме?Жеткізбесе,неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталды ма?

Сабақжоспарынанқандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу