![]() |
|
![]() |
Дайындаманың соңғы өңдеу жұмыстары. Бұйымды құрастыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Бұрандалы шегені бұрағышты қалай дұрыс қолдану керек?
Кез келген уақытта тұрмыста немесе жөңдеу жұмыстарында бұрандалы шегені бұрағыш (шуруповерт) қажет болуы мүмкін. Бұл элкетрлі қол құралы кез-келген бекіткіш бөлшектерді (бұрандалы шегелер) бекітуге немесе босатуға арналған.
Схема устройства шуруповерта
Бұрандалы шегені бұрағыш тұрмыста қатты қажет болғанымен, (шуруповерт) кез- келген адам дұрыс жұмыс жасауды біле бермейді. Бірақ бұл құралмен жұмыс жасаудың ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ нәтижелі жұмыс орындау үшін бірнеше ережеге сүйенген жөн.
Құрал- сайман түрлері мен ерекшеліктері
Бұрандалы шегені бұрағыш аккумулятормен немесе тоқ көзімен жұмыс жасайтын түрлері бар. Құралдың жұмыс типтері әр түрлі болуы мүмкін:
- Бұрғы- бұрандалы шегені бұрағыш (дрель-шуруповерт);
- Сомын бұрағыш (гайковерт);
- Аккумуляторлы бұрағыш;
- Қарапайым бұрандалы шегені бұрағыш.
Барлық құралдардың жұмыс қызметтері ұқсас, айырмашылығы олардың атқаратын міндеттеріне қарай бөлінеді.
Бұрғы- бұрандалы шегені бұрағыш- көмегімен тесіктер тесу үшін және бекіткіш элементтермен жұмыс жасауға бағытталған.
Сомын бұрағыш- бұранда мен сомындармен жұмыс жасауға арналған. Ал, аккумуляторлы бұрағыш көмегімен кірес тәрізді бекіткіш элементерін бекітуге және босатуға арналған. Бұл соңғы құрылғы басқа құрылғыларға қарағанда қуаты өте төмен.
Бұрандалы шегені бұрағыш көп мөлшерде бұрамалы шегелерді бекіту кезіңде таптырмайтын құрал. Бұл құралдың арқасында жұмысты жеңілдетуге болады.
Құрылғының баптаулары және құрылымының ерекшелігі.
Құралдың құрылымы айтарлықтай қарапайым. Сыртқы корпусы пластиктен, ішінің артқы бөлігінде қозғалтқыш және алтықырлы (шестереночный) механизм көмегімен бұйымды іске қосады. Құрылымында қосу/өшіру басқышы, бағытты ауыстырып қосқыш және қозғалыс жылдамдығы, диодтың жарығы, айналу реттегіші бар. Құралдың құрылымы тәрізді оны қолдануда жеңіл. Қозғалтқыш пен бәсендеткіш, білік көмегі арқылы патронға бекітілген саптаманы (насадка) қозғалысқа еңгізеді. Жұмысқа кіріспес бұрын бұрандалы шеге бұрағыш аккумуляторы қуатталған ба және қажетті саптама қондырылған тексеру керек. Қажетті саптаманы таңдау үшін бекітетін элементтің қандай саптамаға сай келетін және патронның магнитті ұстағышты (держатель) салыңыз. Ол үшін құрылғыдан патрон мен жалғастырғышты (муфта) шешіп алыңыз. Қажетті заттарды бекітіп болғаннан кейін патронды қайтадан құрылғының корпусына бекітіледі. Одан әрі құрылғыдан қажетті деген айналу жылдамдығын орнатамыз. Оны арнайы реттеуіш көмегімен орнатамыз. Қажетті режим құрылғыны қолданылмас бұрын орнатамыз. Қозғалу бағытын ауыстырып отыруға болады.
Бұрандалы шеге бұрағышты қолданар алдыңда бекіткіш элементтің орау тереңдігін реттеу керек. Уақыт келе патрондағы магнитті ұстағышты ауыстыруға тура келеді. Магнитті ұстағышты ауыстыру үшін патрон мен жалғастырғышты (муфта), содан кейін магнитті ұстағыш шешіп алып, орнына басқасын ауыстырамыз. Осыдан кейін патрон мен жалғастырғыш бұрандалы шеге бұрағыштың корпусына қайта бекітіледі.
Бұрандалы шеге бұрағышты қолданудағы қауіпсіздік ережесі.
Құралды жан- жақты күйге келтіріп барып қолданыңыз. Жұмысты бастау үшін тоқ көзіне немесе аккумулятор жалғаңыз. Осыдан кейін бұрандалы шеге бұрағышты іске қосып атқаратын жұмысына байланысты бекіткіш элементтерге (бұрау, тесу, шешу) пайдалануға болады. Қолдану нұсқаулығы ережелерін ескеріп пайдаланылса құрал ұзақ, әрі сапалы қызмет етеді.
Бұрандалы шеге бұрағышпен жұмыс жасау барысында оны күйге келтіруге қатаң тыйым салынады. Құралға және оның корпусының ішіне сүйық зат құйылып кетпеуін қадағалау керек. Құралды жеткілікті жарық бар жерде қолдану ұсынылады. Егерде құрылғы электрлі болса, онда электр тоғының қуаттылығы ойнамалы болмайтын тоқ көзімен жұмыс жасау ұсынылады.
Пайданылған ресурстар: https://1poderevu.ru/instrumenty/kak-polzovatsya-shurupovertom.html
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023