Дайындаманың соңғы өңдеу жұмыстары. Бұйымды құрастыру. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Дайындаманың соңғы өңдеу жұмыстары. Бұйымды құрастыру» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің бесінші тақырыбы.Өткен сабақта оқушылар өз бұйымдарының алғашқы өңдеу жұмыстарын орындаған болатын. Бүгінгі сабақта оқушылар соңғы өңдеу және құрастыру жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының орындалу технологиялары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ алдыңғы білімдерін қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен бірге электр және қол құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы нұсқама жүргізу ұсынылады және жоба жұмысын дайындауға таңдаған материалдары мен құралдары әңгімелесіңіз. Бүгінгі сабақта оқушылар тәжірбиелік жұмыстың соңғы кезеңдері туралы әңгімелесіңіз.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады.

Оқушылар өз беттерінше үстел үсті тақтайымен аяқтарының соңғы өңдеу жұмыстарын орындайды. Оқушылар өткен сабақта қазақтың ұлттық дөңгелек үстінің бөлшектерін кесіп алып, алғашқы өңдеу жұмыстарын орындаған болатын. Бүгінгі тапсырмада оқушылар сол бөлшектерді техникалық құжат пен нобайларына сүйеніп, бөлшектерді біріктіру жұмыстарын орындайтын болады.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс орындау ұсынылады.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама:

  • Электр қылараны мұғалімнің рұқсатынсыз іске қоспау.
  • Кескіштерді сенімді бекіту.
  • Дайындаманың бүтіндігін тексеру.
  • Жұмыс басталардың алдында барлық заттарды орналастыру, оң қолмен алатындарды - өзінен оңға қарай, ал жиірек пайдаланатын заттарды сирегірек пайданылатын заттарға қарағанда өзімізге жақынырақ қоямыз.
  • Жұмыс құралын тексеру.
  • Киімді ретке келтіру, барлық түймелерді түймелеу, ұзын шаштарды береттің (бас киімінің) астына жасыру.
  • Жұмыс кезінде еш нәрсеге көңіл бөлмеу.
  • Кескішті қысқыға жақын апармау.
  • Электр қылараның жүзің қолмен ұстамау.
  • Электр қылараның ақаулығы туралы мұғалімге баяндау.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу