Роботты дайындау. Нобай. Материалдарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал 2.


Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Роботты дайындау. Нобай.

Сабақ мақсаты:

6.1.5.1 композицияның негізгі заңдылықта-рын сақтай отырып, әр-түрлі нысан-дардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

6.1.6.1

материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиетте-рін, олардың қолданылу аясын анықтау және сипаттау

Сабақ қажетті материалдар

Нобай, эскиз (фр. esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба. Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды. Нобай еркін әрі жылдам салынады. Ежелгі суретшілер, сәулетшілер әр алуан қимыл-қозғалыстағы денелердің қайталанбас сәтін дәл бейнелеп, долбар суреттерді, сызбаларды көптеп салған (Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де Нобай қолданылады. Нобай суреттер қас-қағым сәтте қайталанбас көріністі беруде таптырмас тәсіл. Осындай суреттерді Ш.Уәлиханов көп салған (“Ұйғырдың бейнесі” 1856, “Қоғадай мен Тоғалдай” 1856, “Мырзалар” 1863, т.б.). М.Кенбаев, Қ.Телжанов, т.б. Қазақстан суретшілерінің Нобай суреттері бар.

Сабақ барысы

«Қызықты тапсырмалар» ойыны.

Сабақ басталмас бұрын сыныптың әр бұрышына қағазға жазылған сұрақтарды жабыстырып қою қажет. Сұрақтар оқушылардың үш деңгейлеріне сай болуы тиіс. Сұрақтарды өткен тақырыптарды қамту қажет. Оқушылар сынып бойынша жүріп, қолдарына тиген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне сай құрастыру ұсынылады.

Бейнематериал тамашалау.

Роботты салудың нобайын тамашалау ұсынылады. Оқушылар нобай салардың алдында нобай неліктен жасалынатындығы жөнінде әңгімелесу қажет.

Бейнематериалды тамашалаған соң, презентацияда берілген сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Сабақ тақырыбы, сабақ тақырыбы мен мақсатын және бағалау критерийлерді айту қажет.

Термин сөздерді атап өтіңіз. Немесе бұл сөздерді тақтаға жазып қойып, сабақ бойы қолдану маңызды.

Бейнематериал тамашала

Бейнематериалда қолданыстан шыққан материалдарды пайдалану арқылы робот моделін істеу туралы көрсетіледі. Қолданыстан шыққан материалдардан роботты жасау барысында оқушыларда логикалық, креативті, сыни тұрғыда ойлау дағдылары дами түседі. Бір-біріне пішіні, материалы бойынша ұқсас емес заттардан бір бұйымды жасап шығару креативтілікті талап етеді. Нобай жасау барысын екі сабақ бойы қарастыру ұсынылады. Оқушылар бірнеше сабаққа созылатын жобаны орындау үшін жобалық жұмысты жасаудың кезеңдеріне жоспар құруы қажет.

  • Зерттеу, ақпараттарды жинау;
  • Идеяларды ойластыру (эскиз, нобайлар, суреттер);
  • Жоспарлау;
  • Материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау;
  • Идеяларды іске асыру (бұйымды жасау);
  • Бұйымды тестілеу(қажет болған жағдайда);
  • Шығармашылық жобаны таныстыру(көрме, бейне роликтер, дефиле);
  • Шығармашылық жұмысты анализдеу.

Роботты жасау осындай кезеңдерден тұруы қажет. Бұл оқушылардың жобалау, жоспарлау, болжам жасау, проблемаларды шешу сынды дағдыларын дамытуға септеседі.

Эксперимент жүргізу

Жобаны топта немесе жұпта орындауға болады. Бұл тапсырма эксперимент ретінде жүргізілуі мүмкін. Оқушылардың роботтың нобайын жасау барысында бір-бірінен идея ойластыру кезіндегі ойлау жүйесін көріп, үйренеді. Коммуникациялық дағдылары дамиды.

  • Робот дизайн үлгісінің нобайын постерде орындау.
  • Робот үлгісінде қажетті материалдарды таңдау барысында олардың әртүрлі физикалық , механикалық, және технологиялық қасиеттерін , өңделуін, беріктілігін, жапыстырылуын анықтау.
  • Роботтың негізгі бөліктерін, қозғалмалы бөлшектерін, бекітілетін әдіс-тәсілдерін сипаттау.

Таныстырылым

Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. (Топтық бағалау жүргізу мүмкіндігі бар). Топ оқушылары өз жұмыстарын қорғап болған соң, әртүрлі деңгейдегі оқушыларға тақырып төңірегінде сұрақтар қойылады.

Жоғары деңгейдегі оқушыларға:

2-3 ашық сұрақтар қойылады (түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді талап етеді).

Мысалы; Роботтың физикалық , механикалық және технологиялық қасиеттерінің ерекшеліктері неде?

Орта деңгейдегі оқушыларға:

2-3 жабық сұрақтар қойылады (қысқа жауапты талап етеді).

Кері байланыс

Мақсаты: оқушылардың бүгінгі сабақ тақырыбын қаншалықты меңгергенін және келесі сабақта қай оқушымен, қандай сұрақ төңірегінде жұмыс жасауды жоспарлау мақсатында кері байланыс жүргізу

Бүгінгі сабақта үйрендім _____________________________________________________

Сабақта маған ұнағаны _____________________________________________________

Бүгінгі сабақтың ең қызықты сәті (тұсы) _____________________________________________________

Мен үшін ең қиын болғаны _____________________________________________________

Мысалы; Роботтардың бөлшектері (анатомиясы) қандай материалдардан жасалынады

Үй тапсырма: келесі сабаққа желім, шеге, бұрама шеге, бұрандама, бұрама, степлер, тойтармалар, дәнекерлегіш құралдарын алып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу