Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал 3.
Әдістемелік нұсқаулық
2 Бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік өнерімен танысу.
Оқу мақсаты: 6.1.2.1-Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету
Сабаққа ескерту
Екінші бөлімнің бірінші сабағы сәндік-қолданбалы өнердің қызықты тақырыбы зергерлік өнеріне арналған. Оқушылар зергерлік өнерді зерттеу арқылы әлемдік және қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен танысып, ісмерлердің еңбектері және халықтың дәстүрлерімен танысады. Себебі зергерлік бұйымдардың қолдануындағы мақсаы, міндеті оның иесінің әлеуметтік жағдайы мен сол халықтың салт-дәстүрі, өмір тұрмысымен тікелей байланысты.
Сабақ барысы
Сабақ басталмас бұрын кішігірім активити өткізу ұсынылады.
Ойынның атауы: «Атомдар-молекулалар». Оқушылардың әрбіреуі атомдар сияқты сыныпта абыл-сабыл жүреді. «Молекулалар – 2!» дегенде оқушылар екі адамнан біріге кетеді. «Атомдар» дегенде оқушылар қайтадан сынып бойымен абыл-сабыл жүре береді. «Молекулалар -3!» дегенде оқушылар қайтадан үшеуден топқа бірігеді. «Атомдар!» дегенде қайтадан бейберекет жүре бастайды. «Молекулалар-4!» дегенде қайтадан төрт адамнан топ құрайды.
Ойынды ойнау арқылы сабақты өткізу үшін қажетті топты құрастырып алуға болады.
Оқушылар әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі зергерлік бұйымдармен танысады.
Сұрақтарға жауап бер.
Оқушылар презентацияда Қазақстан, Кения, Ауғаныстан, Түркия, Индия және Украин елдеріне тән зергерлік бұйымдардың суреттерін тамашалайды. Бұл фотосуреттерге қарап оқушылар төменде берілген сұрақтарға жауап беруі керек. Сұрақтар әрқилы. Сол себепті өз тарапыңыздан оқушылардың осы тақырыпқа қатысты білім мен таным түсініктеріне сай қосымша сұрақтар қою ұсынылады.
Сұрақтарға жауап бер.
Келесі сұрақтар тізбегі қазақ халқының зергерлік бұйымдарына арналған. Қазақ халқында зергерлік бұйымдардың әртүрлілігіне бай. Олардың материалдар мен қолданылатын тастарының пішініне, түрлеріне, ою-өрнектеріне мән беру ұсынылады. Сұрақтарға жауап берген соң, зергерлік бұйымдар туралы бейнематериал тамашалайды. Бейнематериал тамашалап болған соң, қосымша сұрақтар қойып, қазақ халқының зергерлік бұйымдары туралы оқушылардың қосымша мәлімет алғаны қажет.
Топтық жұмыс.
Зерттеу жұмысы.
Оқушылар түрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, топтық жұмыста берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бірнеше топтарға бөлу ұсынылады. Егер де сыныптарыңызда 4 топқа жететіндей оқушылар болмаса, тапсырманы біріктіріп беру ұсынылады. Немесе тапсырманың бір нұсқасын мұғалімге таныстырылым жасау ұсынылады.
Зерттеуге ұсынылатын тақырыптар:
№1 топ – қазақ халқының ежелгі зергерлік бұйымдары зерттейді.
№2 топ – қазақ халқының қыз-келіншектер арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.
№3 топ – заманауи зергерлік бұйымдарды зерттейді.
№4 топ – қазақ халқының ерлерге арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.
Егерде топқа бөлінетін сыныпта оқушылар саны аздау болса, онда бірінші және үшінші нөмірлі тақырыптарды біріктіріп, қазақ халқының ежелгі және заманауи зергерлік бұйымдарын өзара айырмашылығын анықтауға болады. Оқушылар зерттеу жұмысын толыққанды жасау үшін тапсырманың орындауға арналған критерийлерін белгілеп алған жөн. Олар:
- Мәліметті тақырыпқа сай анықтайды;
- Ақпаратты постерге түсінікті етіп орналастырады;
- Топ мүшелері арасында тапсырма теңдей бөлінген;
- Тапсырма берілген уақытта орындалды;
- Постерді сыныптастарына түсіндіреді;
- Бірін-бірі бағалайды.
Таныстырылым.
Оқушыларға жұмыстарын таныстыру үшін 2 минуттан беру ұсынылады. Және берілген уақыттан аспауын қадағалау қажет. Оқушылар сол арықылы тайм-менеджментке үйренеді.
Кері байланыс.
- «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түсіндіру.
Мысалы,
Зергер бұйымдарды өзінің шеберханасында ежелгі дәуірлерде әсемдік үшін түрлі материалдарды қолдана отырып жасаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру