Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім. А:Сәндік- қолданбалы өнер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дуйсембаев Б.Ш.

Сынып: 6-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандр саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1-Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдениетіндегі дизайн, қолөнер мен өнер туындыларының ерекшеліктерін түсіну мен білімін көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Әлемдік және қазақ халқының зергерлік өнер туындыларын зертеу;
  • Зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктері мен орындау технологияларын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • әлемдік және қазақтың ұлттық қолөнері мен өнер туындыларының ерекшеліктерін біледі.
  • зергерлік өнер туралы біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Бұйым туралы ауызша және жазбаша түрде баяндама жасап ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Зергер, білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек, алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы.

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

............. әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?

Мен бұл.........таңдау себебім, ...

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... ........пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұйым мынадай ............. тұрады

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Қазақстанда тұратын басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, музыка,сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде зергерлік бұйымдардың ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі. Тиісті материалдарды қолданып, әртүрлі көркем техникамен қарапайым бұйымды жасай алады. Қазақтың ұлттық және басқа да этностардың сәндік - қолданбалы өнер түрлері туралы білімдерін кеңейтті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Ойын: «Атомдар-молекулалар». Оқушылардың әрбіреуі атомдар сияқты сыныпта абыл-сабыл жүреді. «Молекулалар – 2!» дегенде оқушылар екі адамнан біріге кетеді. «Атомдар» дегенде оқушылар қайтадан сынып бойымен абыл-сабыл жүре береді. «Молекулалар -3!» дегенде оқушылар қайтадан үшеуден топқа бірігеді. «Атомдар!» дегенде қайтадан бейберекет жүре бастайды. «Молекулалар-4!» дегенде қайтадан төрт адамнан топ құрайды.

Ойынды ойнау арқылы сабақты өткізу үшін қажетті топты құрастырып алуға болады.

Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

5 мин

РР.Оқушыларға әлемдік және қазақ халқының зергерлік бұйымдарымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қандай туындыларды тамашалап тұрсыздар?
  • Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
  • Қандай ұқсастықтары бар?
  • Қандай материалдардан жасалған?
  • Бұйымдардың функционалдық қызметі қандай?

(Т)Оқушылар қазақ халқының зергерлік өнер туындыларымен танысады, мысалы; білезік, жүзік, сақина, сырға, өңір жиек және алқа, бойтұмар, шашбау, шолпы т. б.

Оқушыларға сұрақ қойыңыз. Мысалы:

Қазақ халқының зергерлік бұйымдарының қандай түрлерін білесіздер?

Зергерлік бұйымдар қайда және қандай жерде қолданылуы мүмкін?

Зергерлік бұйымдар неден және қалай жасайды?

Бұл өнер түрінің қандай ерекшеліктері бар?

Бейнематериал тамашала.

Топтық жұмыс.

Зерттеу жұмысы.

Оқушылар шағын топтарда АКТ технологияларын қолдана отырып, зергерлік өнерін зерттеп, зергерлік бұйымдарының шығу тарихын, ерекшеліктері мен орындау технологияларын анықтайды. Оқушылар алынған мәліметтерге сүйене отырып, шағын топтарда талқылап, постер орындайды. Жұмыс нәтижесін аудиторияға ұсынады. Ұсынылған жұмыстарына баға беріледі.

№1 топ – қазақ халқының ежелгі зергерлік бұйымдары зерттейді.

№2 топ – қазақ халқының қыз-келіншектер арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.

№3 топ – заманауи зергерлік бұйымдарды зерттейді.

№4 топ – қазақ халқының ерлерге арналған зергерлік бұйымдарын зерттейді.

Таныстырылым:

  • Бір-бірін бағалау.
  • Сұрақтар қою.

Зергерлік өнер

№1 Үлестірмелі материал

http://juvelirum.ru/tehniki-obrabotki-yuvelirnyh-izdelij/ukrasheniya-v-natsionalnom-stile-krasota-kak-traditsiya/

(әлемдік зергерлік өнері)

Зергерлік өнер сыры

https://www.youtube.com/watch?v=T9FXY7_J3_c

Зергерлік өнер https://www.youtube.com

/watch?v=L7XETvuL0Nc

Тапсырманы орындауға арналған үлестірмелі материалдарды қолдану ұсынылады.

Сабақтың соңы

Оқушылардың шағын топтағы орындалған жұмыстарының нәтижелерін түрлі тәсілдер арқылы бағалау.

  • «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түсіндіру.

Жазбаша немесе ауызша түрде кері байланыс беруді ұсыну.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

  • Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.
  • Сынып бағалауы.
  • «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Қалай?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты түсіндіру.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу