Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.3

Тоқыма материалдары мен бұйымдарының қасиеттері мен фактурасын анықтау және зерделеу.

6.1.6.2

Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • Мата қасиеттері мен фактураларын анықтау және зерделеу;
  • Матаны қасиетіне қарай ажырата білу;
  • Тігін машинасымен жұмыс жасау.

 Жетістік критерийлері

  • Бақылау, зерделеу арқылы мата қасиеттерін анықтай алады;
  • Матаны талшық құрамына және қасиеттеріне қарай ажырата алады;
  • Тігін машинасымен жұмыс жасай алады;
  • Техника қауіпсіздігін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәннің лексикасы мен терминологиясы:

  • Фактура – texture
  • Мата қасиеті – свойства ткани - tissue properties
  • Талшық – волокна – fiber
  • Тігін машинасы – швейная машинка - sewing machine

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Бұл матаның ... қасиеттері анықталды. Бұл матаны ... қолдануға болады.
  • Гигиеналық қасиеті бойынша .... айтуға болады.
  • Жасанды және табиғи материалдарды ... ажыратуға болады. Себебі, ...

 Құндылықтарды дарыту

  • Бір-бірімен жұмыс істей алу;
  • Топта жұмыс істеуде шыншылдықты дәріптеу.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Бейнелеу өнері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

1-2 мин

Сабақты ұйымдастыру.

Ойын.

«Білек арқылы амандас»

Оқушылар өздерінің аттарын айтып, білектерінің көмегімен бір-бірімен амандасулары қажет. Бұл ойын жылдам өтіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін қажет.

Электрондық

презентация

Сабақтың ортасы

2-3 мин

2-3 мин

15-20 мин

Қасиеттері мен фактурасы әртүрлі тоқыма материалдарын зерттеу.

Сұрақтар қою:

- Мата қандай шикізаттан жасалған?

- Бұл матаның табиғи немесе жасанды екенін анықтай аласыңдар ма?

Оқушыларды топтарға біріктіру. Үстел бетіне түрлі мата қиындыларын (жасанды және табиғи), тоқыма жіптерін қойып, таңдау ұсынылады. Осы арқылы топқа бірігеді:

1.Табиғи маталар: мақта, жүн, тері, үлбір т.б.

2.Жасанды маталар: полиэстер, эластан, лайкра т.б.

(Т) Тапсырма 1. Таңдаған мата, жіп түрлеріне қарап шығып, қасиеттері мен ерекшелігін сипаттау, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау және постер орындау.

(Э) Оқушылар топта әртүрлі мата түрлеріне эксперимент жасайды. Өз зерттеулерін кестеге жазады:

- мата үлгілерін анықтап қарап, олардың қайсысының беті жылтыр, қайсысының беті күңгірт екенін анықтайды;

- мата үлгілерінің бетінің тегістігі мен жұмсақтығын сипап көру арқылы салыстырады;

- матаның қыртысталу деңгейін анықтайды және т.б. қасиеттерін оқушылардың өздері анықтауы мүмкін.

Дескрипторлар:

1.Мата түрін таңдайды;

2.Матаны талшығына қарай ажыратады;

3.Қасиеттерін анықтайды және қолдану аясын атайды;

4.Топта өз пікірін еркін айтып, талқылау жүргізеді;

5.Постер орындауда бейнелеу өнері техникаларын қолданады;

6.Постерді сыныпқа таныстыра алады.

Аяқталған постерді сыныпқа таныстыру.

Топтарға біріктіру

Слайд 3-4

Қосымша1. Кесте

А3 формат, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш, желім, қайшы т.б.

http://www.znaytovar.ru/s/Volokna-rastitelnogo-i-zhivogo.html

http://tildes.ru/master-klassy/

Сабақтың соңы

1-2 мин

Өзара бағалау жүргізу.

Топтар бір-бірінің постерін «екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалайды, кері байланыс береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Бірін – бірі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу