Тоқыманың түрлі фактурасы мен түсін зерттеу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Тоқыманың түрлі фактурасы мен түсін зерттеу

Жұмсақ, түкті, ұсақ тігісті, бұдыр, жылтырақ. Беткі фактура көлемді ұлғайтады.

Түссіз, тегіс бет фактурасы жеңілдік беріп, көлемді кішірейтіп көрсетеді.

Суретті де ескеру керек. Әсіресе, оның өлшемін. Үлкен сурет көлемді үлкейтіп, ұсақ суреттер кішірейтіп көрсетеді.

Маталар. Фактура.

Киіз немесе жұқа киіз жүнді түту, басу арқылы дайындалған материал. Материал қолмен басылып, машина арқылы дайындалған орама түрінде емес, қолмен басылған бөлшектер түрінде болады.

Құрамына қарай:

Зығыр маталары негіз ретінде қолдану үшін таптырмайтын материал, себебі олар мықты, жақсы жуылады, созылуы сирек кездеседі, бірақ тез мыжылады.

Флис.  Қуыршақ-ойыншықтар жасау ісінде қоянның, тышқандар мен мысықтардың ноқаттарын жасау үшін кеңінен қолданылады.

Тыңыздығы мен икемділігі әртүрлі болады. Тігу алдында ескеретін бір жайтбұл мата неғұрлым көп тартылған сайын, ойыншықты толтыру кезінде көптеген күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін (созылып кету). Сондықтан қатты тартылмайтын, жуандығы орташа флис матасын таңдаған дұрыс.  

Жүн маталар аз мыжылады, ұзаққа шыдайды, үтіктегеннен кейін қалпын жақсы сақтайды.

Габардин жеңіл жүн, жартылай жүн, жібек немесе мақта мата түрінде келетін материал. Габардиннің айрықша ерекшелігіжіптерінің ерекше тоқылуы, беткі беті көлденең жолақты ұсақ тігістермен ерекшеленсе, керісінше, ішкі беті тегіс келеді. Қуыршақтар үшін  габардин-стрейч матасын таңдаған дұрыс.

Қуыршақты корей зығыр матасынан тігуге де болады.

 Трикотаж.  Бұл матадан жасалған қар кесектері көзге жақсы көрінеді.  Басында басқа матадан тігіп, кейін трикотажбен қаптауға болады. Қуыршақтар үшін трикотаж матаның ақ түсін таңдап, кейін бір түске бояған тиімді.

Мақта.  Қуыршаққа арналған корей мақталарының екі түсі болады: дене түсіне ұқсас және одан қоюырақ. Бұл мата тығыз, мықты.

Түрлі-түсті маталарәртүрлі түсті жіптерден жасалған мата.

Баспа суретті маталарқұрақ құрауда танымал әрі жиі қолданылатын маталар. Олар бірнеше топқа бөлінеді.

Гүлді сурет кең таралған.  

Тақырыптық суреттер, мысалы, балаларға арналғанойыншықтар, аңдар және т.б.

Геометриялық суреттер (жолақ, шаршы және т.б.), олармен жұмыс істеу барысында суреттің орналасуына мән беру қажет.

Бір элементін жеке алып қарастыру қиынға соғатын абстрактілі суреттер. Бұл маталар панноға арналған пейзаж элементтерін жасау үшін тиімді.

Әрлеу материалдары

Құрақ құрау, қиық бұйымдар жасау ісінде қосымша әрлеу үшін жиек, шілтер, таспа, бахрома, моншақтар т.б. жиі қолданылады.

Түсті таңдау

Түсті дұрыс таңдаутігудің негізі. Правильный выбор цвета — основа шитья. Сондықтан жұмысты бастамас бұрын өз туындыңызды қандай түсте көргіңіз келетінін елестетіңіз. Егер сіз бұйымды белгілі бір интерьер үшін жасасаңыз, маталардың соған сәйкес түсін таңдаңыз.

 

Түс қатарлары:

Хроматикалық: қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін

Ахроматикалық: яғни түссіз, ақтан қараға дейін

Хроматикалықтан ахроматикалыққа дейін: мысалықызылдан аққа, қызылдан сұрға, қызылдан қараға

Негізгі түстер:

қызыл;

сары;

көк.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу