Қазіргіден болашаққа. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазіргіден болашаққа

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1

Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау.

 Сабақ мақсаттары

  • Шығармашылық жұмысын аяқтау- болашақ ғимаратының макеті;
  • Шығармашылық жұмысын таныстыру;
  • Шығармашылық жұмысын бағалау.

  Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Шығармашылық жұмысына таныстырылым жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: ғимарат макеті, құрылым, ғимарат бөліктері, жел диірмендері, күн панельдері.
  • Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: құрылымды қимыл- қозғалысты беру үшін, мен … қолдандым.

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Ғимарат бөліктерін өңдеу әдістері, макетте энергия көздерін қолдану туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1 Ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Шығармашылық жұмысын аяқтау- болашақ ғимаратының макеті;
  • Шығармашылық жұмысын таныстыру;
  • Шығармашылық жұмысын бағалау.

Сабақтың ортасы

36 минут

18 минут

10 минут

8 минут

2 Ғимарат макетін аяқтау кезеңдері:

А) Терезе мен есіктерін жасап, ғимарат макетіне бекіту (құрылымда ғимаратқа тән ерекшеліктері болуы үшін);

Б) Ғимарат бөліктерін біріктіру мықтылығын тексеру (ыстық желімді қолдана отырып, оларды мықты жабыстыру);

Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиыншылықтар болды?

3 Жұмыстарының таныстырылымы:

А) Аяқталған жұмыстарының көрмесі;

Б) Өз құрылымына түсініктеме беруге арналған жоспар:

  • Ғимараттың қолданылу мақсаты;
  • Құрылымдағы осы немесе басқа пішін дегеніміз не?
  • Ғимаратыңыз болашақтағы ғимараттарға жатады ма. Жауабыңызды түсіндіріңіз;
  • Құрылым қандай материалдардан жасалған;
  • Құрылымды жетілдіруге болады ма? Қалай?

4 Жұмыстарын бағалау. Өзара бағалау.

Дескрипторлар:

- жұмысын аяқтайды;

- жұмыстарына таныстырылым жасайды;

- құрылымның бөліктерін сапалы өңдейді;

- құрылымның бөліктерін берік біріктіреді;

- жасыл энергия көзін қолданады;

- құрылымда терезе мен есіктерін көрсетеді;

- құрылым қызықты және креативті.

Түрлі қолданыстан қалған материалдар, пластикалық бөтелкелер, қорабтар, таяқшалар, қайшы, сызғыш, қарындаш, гуашь, қылқаламдар, сұйық сабын, палитра, сулықтар, ыстық желім.

Тарату материалы

АКТ. Презентация немесе тарату материалы.

Сабақ соңы

3 минуты

5. Рефлексия:

Сабақта не қолдарыңыздан келді?

Сабақта не қолдарыңыздан келмеді?

Жұмысыңызды жақсарту үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау.

Кейбір оқушылар өздерінің даму ерекшеліктеріне байланысты өз іс- әрекеттеріне лайықты талдау береді.

Кейбір оқушылар өздерінің макеттеріне түсіндірме беру үшін тарату материалын қолданады.

Мұғалімнің бақылауы.

Дескрипторлар бойынша өзара бағалау.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары іске асырылатындай болды.

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді.

Саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Уақыт кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұмыстарын аяқтау.

2: Жұмыстарына таныстырылым жасау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу