Матада кезеңді бейнелейміз (жобалау). Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі :

4 Бөлім:Уақыт

Мектеп:

Күн:

Мұғалім АЖТ:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Матада кезеңді бейнелейміз (жобалау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу

3.2.4.1 Материалдар мен техниканы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қолдану.

Сабақ мақсаты

  • Мата бетіне батик техникасы арқылы түрлі өрнектер салу;
  • Түрлі материал, құралдармен эксперимент жасау;
  • Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау.

Бағалау критерийлері

  • Жаңа құралдармен эксперимент жасайды, практикалық дағдыларын көрсетеді;
  • Қауіпсіздік техника ережелерін біледі және сақтайды.

Тілдік мақсаты

Лексика және терминология, пәндер спецификасы: бұйымды жасаудың балама түрі, эксперимент, батик, резерв, резерв үшін шыны түтік, акрилды бояулар, палитра, жібек мата, мақта мата, қылқылам.

Диалог пен хат үшін пайдалы, тіркестер: мен матада салдым…,менің резервім шеттен шықты…,менің ойымша, бұйымды…

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Құрмет және ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, музыка

АКТ дағдыларын пайдалану

АКТ дағдылары бұл сабақта қаралмайды

Бастапқы білім

Батик техникасы туралы біледі: қай жерде пайда болғаның, қандай материалдар қолдану керектігін.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

6 минут

Амандасу.

Оқушылардың сабаққа дайындығы -құралдардың толықтығын тексеру.

Сабақ басында оқушыларға киімді түрлі технология арқылы алуға болатындығын айту. Ол үшін өткен сабақта өткен материалдар туралы сұрақтар қойып, батик техникасы–адамға қажет киім, қажет заттар жасалатындығы туралы еске салу.

Индонезияның эститикалық әні орындалады. Тақтаға адам мен табиғат көрінісі бейнеленген суреттер ілінеді. Мұғалімнің сұрақ қояды:

  • Слайдтта не көрдіңіздер?
  • Адамдар не істейді?
  • Қаңдай жарқын үлгілер?,
  • Оюлар қайда салынуда?
  • Матада сурет салу техникасы қандай?
  • Бұл адамдар немен айналысады?
  • Қаңдай матадан киім жасауға болады?
  • Адам өзі бояулармен безендірген матадан киім жасауға болады ма?
  • Ал сурет салынған матаны сурет ретінде қабырғаға іліп қоюға болады ма?

Киім жасаудың технологиясы көрсетіледі. Осы жерде киімді дайын матадан, тоқу арқылы дайындауға болатындығын айту. Кейде киімге әуелде сурет салып, сосын тігуге болады: көйлектер, кеудеше, көйлек, шәлілер, бөкебайлар. Немесе сурет салынған матаны, сурет ретінде қабырғаға іліп қоюға болады. Балалармен бірге қандай материалдармен құралдар батик техникасында қолданылатынын еске түсіру.

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Батик технологиясының пайда болған жері, батик техникасымен жасалатын бұйымдар, киім, заттарды осы техника арқылы жасауға болатының көрсететін слайд. Индонезияның халық әні.

Сабақ ортасы

31 минут

Жақтауға керілген мата үлгілерін ұстаз көрсетеді. Суретте мата кескінін тек қана сызықтар емес, уақыт сияқты да бейнелеуге болатынын айту. Қазақша оюлар бұрын ойлап табылған, мың жыл бұрын. Әсіресе танымал «қошқар мүйіз». Ою адам баласымен бұрын ойлап табылғандықтан, біз матаға өтіп кеткен уақытты түсіреміз. Мұғалім оқушыларға, өткен сабақта өздері ойлап тапқан өрнектерді салу қажеттігін айтады.

Дифференциация. Кейбір оқушыларға дайын шаблон ретінде үлгілерді беру арқылы көмектесу.

Тапсырма. Оқыту әдісі– практикалық, қабылдау –алынған білімді практикада қолдану, жұмыс формасы– жекеше.

Оюды қарындашпен матада салып, резервпен басу. Суретті матаға, қарындашпен салу қажет. Кейін қолымызды алмай, матаға резерв толы шприц арқылы суретті басып шығу. Сонымен қатар резервтік сурет жабық болуы қажет, әйтсе ондағы бояу ағып кетуі мүмкін. Матаның екінші жағынан суретті тағы басып өтуге болады. Шприц инесімен жұмыс жасаған кезде абай болу қажет. Жаңалыспау.

Тапсырманы орындамас бұрын, мұғалім тақтада жазылған бағалау критерийлерін айтады.

Дескрипторлар:

  • ою ортасында бейнеленген;
  • резерв толық түзумен басылған;
  • резерв ұқыпты жағылған.

Тапсырманы орындауда кері байланыс алынады. Жұмысты жақсы аяқтау үшін көмек қажет оқушыларға мұғалім өз көмегін ұсынады. Мұғалімнің көңілі әрқашан балаларда, олардың шприц инесінен зақым алмауын қадағалайды. (Эмоционалды көңіл күй тудыру үшін, Құрманғазы күйін қосып қояды).

Жұпта бір- бірі бағалау. Бағалау парағы арқылы.

Кері байланыс. Мұғалімнің сұрағы: «Не жасадыңыздар?», «Жұмыс жасауда қандай қиындықтар болды?». «Әры қарай не істейміз?»

Бармаққа тартылған мата,резервке арналған шприц, резерв, акрил бояулары, майлық, палитра, қылқылыам,қарапайым қарындаш, қара фломастер.

Жұмыс барысында қазақша күй орындалады. Домбыра үні, Құрманғазы

АКТ

Құрманғазы кұйі – Ақсақ киік

https://www.youtube.com/watch?v=XmjcH1YENFQ

Сабақ соңы

3 минут

Сабақ соңында мұғалім оқушылармен : «Екі жұлдыз, бір тілек» рефлексиясын өткізеді.

Үй тапсырмасы - мата, кіші және үлкен қылқалам, палитра, су төгілмейтін ыдыс, жеңдер, майлық, мата сурет әкеледі.

Оқушылар жұмыс орындарын жинайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сараптау тапсырмалар жиынтығында көрсетілген

  • Бірін- бірі бағалау парағы арқылы бағалау;
  • Ұстаздар қарауы

Осы сабақтағы қауіпсіздік техникасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу