Матада кезеңді бейнелейміз (жобалау). Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Матада уақытты_басып_шығамыз (жобалау) тақырыбына арналған сабақта 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құрал-дарды қолдану, эксперимент жүргізу және 3.2.4.1 Материалдар мен техниканы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қолдану.оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру аясында оқушылар көркемдік құралдармен және түрлі техникаларда жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытады (мысалы, батик бояулары арқылы матаны безендіру, резерв құрамымен жұс істеу).

 Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар қауіпсіздік ережесімен тансады, жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударады..

 Қажетті материалдар

 Батик техникасына қажетті материалдар: Жақтау - бұл айла бұйымды сатып алуға немесе қажет өлшемде қолдан жасап алуға болады.

 Батик жасауға пайдаланатын маталар. Мақта мата (бөз, шыт, шифон) маталары. Біз бүгінгі «суық» батигімізде мақта матасын қолданамыз. Бояулар. Матаға арналған акрил бояулары.

 Қылқаламдар: қатты қылқаламдар және жұмсақ қылқаламдар.

 Балауыз: дайын балауыз (резерв).

 Үтік: дайын бұйымда үтіктеу үшін.

 Қорғаныш киімдері: химиялық қоспаларды қолданғанда қолыңның терісін сақтау үшін резеңке бес саусақ қолғап. Әр түрлі бояуларды қолданғанда алжапқыш кию міндетті, олар бояулардан дақ түспеу үшін киіледі. Қылқаламдарды сүртіп отыру үшін қиық маталар.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Қазіргі кезде халық арасында əсемдігімен елді қызықтыратын қолөнердің бір түрі батик өнері. Батик өнері ғасырда Индонезия елінде Ява жəне Бали араларында дамып, бүкіл əлемге тараған өнер. Батиктің үш түрі бар: ыстық батик, суық батик жəне түйінді батик. Негізі «Батик» - сөзінің аудармасы (ыстық балауызбен сурет салу) Яғни матаға суретті түсіру үшін ерітілген балауызды қолдану.

 Ежелгі матаны əрлеудің əдісінің тəсілі – батик. Батик сөзі Яван тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің арқасында ыстық батик техникасының атауы шығады. Ыстық батик техникасы жеткілікті күрделі жəне көп еңбекті қажет етеді, сондықтан да қысқа тоқталып жатырмыз. Рамаға керілген матаға балауызды пайдалана отырып, əртүрлі өрнек элементтерін саламыз. Балауыздың толық кебуінен кейін ашық қалған жерлерді түрлі түсті бояулармен бояп шығамыз. Осы əдісті бірнеше рет қайталауға болады түстердің қалай шығуына байланысты. Соңғы рет матаны кептіргеннен кейін үтіктің көмгімен балауызды алып тастаймыз.

  Бүгінде балауыздың жағылуына пайда болған жаңа тəсілдердің арқасында ыстық батик көп еңбекті қажет етпейтін болды. Сонда да бұрынғысынша жоғары көркемдік түрінде қалады.

 Батиктің технологиясы.

 Түйінді батик техникасы.

 Түйінді батик техникасы Үндіқытайдағы ең ежелгі болып есептелінеді. Балалуызбен үріліп өтеді, бояудың бір-біріне тиюінен сақтайды, бірақ – құрамында əртүрлі шырақтар, арқандар болады. Матаны тығыз орап алып, жіпппен байлайды краскаға салынады немесе красканы қылқаламмен жүріп өтеді. Содан соң матадан жіпті алып тастағаннан кейін жіп тұрған жер боялмай қалады. Матада пайда болған сурет матаны орауына жіпті байлауына байланысты болады. Түйіншектер тоқылып немесе қолмен істелетін қаттап салулар ине мен бізбен жасалынады.

 Түйінді батиктің əртүрлі аттары көп тараған: лахерия, тритик, жұқа тақтайшалар, бандхани жəне т.б.

 Ең танымал батик түрлері – ыстық жəне суық батик. Батиктің негізі əр түрлі техникада қаланған, негіздің матаға түсірілуі жəне осы резервтің жүргізілуі суық пен ыстық батиктің арасын ашып тұрады.

 Егер суық батик пен ыстық батикті салыстырсақ, онда суық батик бояуға көбірек ұқсас болып келеді, ал ыстық батикте жұыс əлдеқайда тереңірек, тірілеу жəне көлемді келеді.

 Ыстық батик жазуға жиірек мақта матаны қолданады. Ал мақта күнделікті өмірде ауыстырғысыз бұйым. Ыстық зығыр тіпті балуызды сіңдіріп алады. Бұл жұмыстың нəтижесі өте жақсы бірақ процесі өте көп еңбекті қажет етеді. Ыстық батик – көбірек уақыт алады жəне құны қымбат бағалы. Ыстық батикте тəжірибелік орындалмайтын жұмыстар бар. Пайдаланатын түстері шектеулі. Жұмысты айқын талап етеді. Түрлі түсті гамммаларды жарықтан қараңғыға қарай салу керек. Ыстық батик парасатпен, жұмбақталған алдын ала болжамсыз. Оның түстері терең қандай да бір шарммен көздің жауын алады, ұсақ жіңішке түріндегі кракелюралармен, салынған сурет.

 Сабақ барысы

 Оқушылардың сабаққа дайындығы -құралдардың толықтығын тексерініз.

 Сабақ басында оқушыларға киімді түрлі технология арқылы алуға болатындығын айту. Ол үшін өткен сабақта өткен материалдар туралы сұрақтар қойып, батик техникасы арқылы киім, қажет заттар безендірілетіні туралы еске салу. Оқушыларды киімді дайындау технологиясымен және оны безендіру түрлерімен таныстырыныздар. Киімдер мен матаны безендіру бір түрі батик өнері екендігіне тоқталыныз. оқушылардың батик өнері туралы не білетіндігі туралы сұраныз.

 Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

 Тапсырма №1

 Жақтауға керілген мата үлгілерін көрсетініз. Суретте мата кескінін тек қана сызықтар емес, уақыт сияқты да бейнелеуге болатынын айтыныз. Қазақша оюлар бұрын ойлап табылған, мың жыл бұрын. Әсіресе танымал «қошқар мүйіз». Ою адам баласымен бұрын ойлап табылғандықтан, біз матаға өтіп кеткен уақытты түсіреміз. Оқушыларға, өткен сабақта өздері ойлап тапқан өрнектерді салу қажеттігін айтыныз.

 Кейбір оқушыларға дайын үлгілерді (шаблондарды) беруге болады.

 Тапсырма №2

 Тәжірибелік жұмыс

 Оюды қарындашпен матада салып, резервпен басу. Суретті матаға, қарындашпен салу қажет. Кейін қолымызды алмай, матаға резерв толы шприц арқылы суретті басып шығу. Сонымен қатар резервтік сурет жабық болуы қажет, әйтсе ондағы бояу ағып кетуі мүмкін. Матаның екінші жағынан суретті тағы басып өтуге болады. Шприц инесімен жұмыс жасаған кезде абай болу қажет. Жаңалыспау керек.

 Тапсырманы орындамас бұрын, бағалау критерийлерімен таныстырыныз.

 Эмоционалды көңіл күй тудыру үшін, Құрманғазы күйін қосып қоюға болады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу