Қанатты жәндіктер. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Тірі табиғат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қанатты жәндіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1

Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

3.1.3.1

Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу;
  • Практикалық дағдыларын пайдаланып шығармашылық жұмыс орындау: өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру;
  • Бір жануар бейнесін әртүрлі материалдарды қолдана отырып салу (жасау);

 Жетістік критерийлері

  • Әртүрлі қанатты жәндіктердің өздеріне тәң ерекшеліктерін анықтайды;
  • Өздеріне тән ерекшеліктерін көрсете отыра қанатты жәндіктердің бейнелерін жасайды;
  • Практикалық дағдыларын көрсете отырып (өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру) шығармашылық жұмысты орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі жәндіктердің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Бұл жәндіктерді олар неге осылай бейнеледі?
  • Бірден көзге түсетін жәндіктердің сыртқы қасиеттері қандай?
  • Суретші жәндіктің бөлшектерің жасау үшін қандай материалдар қолданған?
  • Суретші жануарлардың өзіне тән қасиетін көрсету үшін, сәндеу үшін өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған?

 Құндылықтарды дарыту

Азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Табиғат әлемімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

2-3 минут

Ұшатын жәндіктер бейнесін көрсетіңіз, олардың ұшқандағы көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.).

  • Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Жәндіктер қалай ұшады

https://www.youtube.com/watch?v=ED9jwEkuDtc

Сабақтың ортасы

5 минут

7 минут

22 минут

Әнгімелесу. Сұрақтар:

Оқушыларды топқа бөліңіздер және әр түрлі салада қолданылған және бейнеленген жәндіктердің кескіндерін қарастыруды ұсыныңыз (мысалы: суретшілер жұмыстарында, текстиль бұйымдарын сәндеуде, интерьерді безендіруде, мүсіндерде және т.б.).

Үлестірмелі материалдарды әр топқа бөліп берініз:

1-топ, жәндіктер бейнесін интерьерді безендіру кезінде қолдану;

2-топ, жәндіктер бейнесін тоқыма бұйымдары мен киімді безендіру кезінде қолдану;

3-топ- суретшілер жұмыстарындағы жәндіктер бейнесі (мысалы Нориюки Саито (Noriyuki Saitoh), Alex Konahins, Нестерова В. А., Аминова К. және т.б. жұмыстары).

Сұрақ:

  • Жәндіктердің қандай бейнелері сіздерге ұнады? Неліктен?
  • Суретшілердің туындылары бойыңызда қандай сезім тудырады?
  • Әртүрлі саладағы мамандар жәндіктердің формалары мен ерекшеліктерің өз жұмыстарында қалай пайдаланады?

Әр топ өз ойларымен бөліседі, сынып алдында өз ойларын таныстырады.

Суретші жұмыстарын талдау

Суретші-дизайнерлер шығармашылық идеялерын көрсету үшін әртүрлі материалдар мен тәсілдерді қолданады. Әртүрлі материалдармен және техникалардың көмегімен орындалған жұмыстарды қарастырындар, мысалы:

1 нұсқа. Табиғи материалды (күзгі жапырақ) пайдаланып көбелек немесе шегірткені бейнелеу (осенние листья).

2 нұсқа. Гуашь бояулармен жемістерден (сәбіз, картоп) кесілген матрицаларды пайдаланып бастыру. Түрлі пішіндегі матрицаларды қолданып, көбелектер, шегірткелерден өрнек жасау немесе күрделі композиция құрастыру.

3 нұсқа. Қаты қағаздың бетінде көбелектерден тұратын композиция құрастыру. Көбелектердің бейнесімен шаблонды пайдаланып, пастельмен, карандашпен, түрлі түсті бормен бояп алып табиғи формалардан өрнек құрастыру.

4 нұсқа. Журналдың түрлі түсті суретін негізге алып коллаж жасау. Басып алынған дайын көбелектерді пайдалануды ұсыныңыз: қиып алу және желімдеу, суретін салу және көркем материалдармен безендіруге болады.

5 нұсқа. Тастың бетінде жәндікті акрил бояумен орындау (қоңыздар, қызыл қоңыз, ара, көбелек).

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар өздері қарастырған техникалардын ішінен бір техниканы тандайды.

Қажетті материалдар мен құралдарды дайындайды.

Қанатты жәндіктің кескінің жасайды.

Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Жапон суретшісі Нориюки Саито жұмыстары:

https://www.yaplakal.com/forum3/topic1674663.html

Латыш сурешісі Alex Konahins жұмыстары:

https://kulturologia.ru/blogs/030614/20618/

Күзгі жапырақтардан жасалған апликациялар (жәндіктер суреті):

https://www.pinterest.com/pin/586030970231296754/

http://katiebrownhomeworkshop.com/let-the-leaves-fall/

Көбелектерден құралған өрнектер

https://ru.123rf.com/photo_78856616_stock-vector-vector-round-ornament-pattern-spiritual-and-ritual-symbol-of-islam-arabic-indian-religions-geometric.html

Коллаж техникасында орындалған қоңыз

https://www.pinterest.nz/pin/205758276711013099/

Сабақтың соңы

3 минут

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу