алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Костюмдерді әсемдейміз. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С - Бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні, сынып: 2

«А» 20.02.2018 «В» 21.02.2018

Мұғалім аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Костюмдерді әсемдейміз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.1

Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

2.1.5.1

Бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсініп, материалдар мен оларды байланыстыру тәсілдерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

 Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, ұлттық костюмдерді әсемдейді.

Бағалау дескрипторлары

  • қарапайым әдістерді қолдана алады;
  • костюмдерді әзірлей алады;
  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

ою, қамзол, тақия, саукеле, бөрік, шапан.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қандай киімнің суреті салынған, айта аласыз ба?Оның ерекшелігі неде?

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады, шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгенің шығармашылық жұмыста қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

Оқушылар сыныпқа кірген кезде, оларды тапсырма орындауға дайындау үшін дәстүрлі қазақ музыкасын қосу. «Қобыз», «Домбыра».

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

22 минут

2 минут

  • Зерттеу жұмысы.

Тапсырма №1. Оқыту әдісі – көрнекілік, топтық жұмыс түрі, зерттеу жұмысы.

 Қазақтың ұлттық киімдерін қарастырамыз. Ол үшін сыныпты бірнеше топқа бөлемін. Әр топқа қазақтың ұлттық киімдері мен бас киімдерінің суреттері беріледі. Оқушылар бұл киімдердің жасалуын және қолданылатын материалын зерделеп, айтып беруі керек. Мысалы: қамзол, тақия, көйлек, бөрік, шапан, сәукеле және т.б

Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Қандай киімнің суреті салынған, айта аласыз ба?
  • Оның ерекшелігі неде? Қазырғы уақытта, ол қай кезде қиіледі?
  •  Қазақ ұлттық костюм қандай және неден тұрады?Ұлттық костюмде адамдардың өмір салтын көрсетеді. Бұрын қазақ халқы көшпелі өмір жүргізген, сондықтан барлық киім ыңғайлы болды. Ол қыста жылы, жазда ыстықтан қорғайды. Қазақ ұлттық киімдерінің қарапайымдылығымен сипатталады. Ол аң терісімен, кестемен безендірілген. Қазақтың ұлттық киім дәстүрлі материалдар былғары, тері, жұқа киіз болып табылады.

Кері байланыс: Презентация бойынша мына сұрақтар қатарын қоюға болады:

  • Қазақ ұлттық киімінде қандай оюларды көріп тұрсыз? Олар қайда орналасқан?
  • Қандай оюлармен сіз өз киімінізді безендіресіз?
  • Сізге қандай үлгілері ұнайды?
  •  Шығармашылық жұмыс. Жекеше жұмыс. Оқушылар презентациядан көрген оюлары бар киімдерді жасайтындарын түсіндіру. Олар келесі кезеңдер бойынша картон немесе желімді және безендіру заттарын пайдалана отырып, қағаздан қиып жасайды.

Желімнің тым көп мөлшерін қосудың алдын алу үшін картонның бетіне желімді пайдалану кезінде мұқият болу қажет. Оқушылардың осы кезеңді дұрыс орындауын бақылау.

Дескрипторлар:

  • бұйым суреті А4 форматына сай;
  • контур бойымен ұқыпты қиды;
  • ою- өрнектері бұйымға сай салынған;
  • ою- өрнекті қосымша заттармен безендірді.

Кері байланыс:

- Сіздер бүгін сабақта қандай жаңа қолөнер түрімен таныстыныздар?- қандай қиындықтар болды?- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?

АКТ

Қайшылар, жіп, картон, қарындаштар, желім, безендіру заттары, мысалы: паетки, таспалар, моншақ және т/б.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

«Алма ағашы»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.Толығырақ қабілетті оқушылар белсендірек жұмыс істейтін болады.Қабілеті бар оқушылар өз бетімен жұмыс істейді, қиналып отырған оқушыларға көмектесу.

Дескрипторлар арқылы өзін- өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Қайшымен байқап жұмыс жасау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Г.Г. Дюсенова


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы