Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және түінді оқиғалары қандай? Дүние жүзі тарихы. 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екінші дүниежүзілік соғыс

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Әлжан Бахыт Әмірбекқызы

Сыныбы: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері және түінді оқиғалары қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.7. - Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы халықаралық қарым -қатынастарының сипатын талдау ;

8.3.2.3. - Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипатын мен салдарын талдау;

8.2.4.3. – тарихи оқиғаларға түсіндірме бере отырып, әскери ғылым мен техниканың және соғыс стратегиялардың рөлін бағалау.

 Сабақ мақсаттары

Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен негізгі оқиғаларын анықтау

- тарихи оқиғаны қысқа сөйлемдер негізінде түсіндіру (опоралық схемалар);

- өз көзқарастарын бір немесе бірнеше дерекке сүйеніп тұрғызу;

- тарихи оқиғаларды талдау және өткен шақпен салыстыра отырып өзгерістің мәнін анықтау;

- Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін, сипатын және салдарын талдау

Бағалау критерийлері

  • соғыстың басталуының 3 себебін атайды;
  • өз көзқарасын түсіндіреді
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі оқиғаларын атайды

 Тілдік мақсаттар

 

сөйлеу және тыңдау (өз нұсқаларын таныстырады)

Пәнге тән лексика және терминология:

оқшаулану, «ымыраластыру саясаты», Ұлттар Лигасы, Маньчжурия, Абиссиния, аншлюс, Судет облысы, Мюнхен келісімі, Германия мен Кеңес Одағы арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісім - «Молотов- Риббентроп пактісі», «Барбаросса жоспары», Ленинградты қоршау, Сталинград шайқасы, Курск шайқасы, ұжымдық қауіпсіздік, әскери міндеткерлік, Жеңіс күні, Қырғи-қабақ соғыс, сателлит мемлекеттер, одақтастар, ықпал ету аймағы, ірі держава, аралық аймақ

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі себептері…

Ұлттар Лигасы бейбітшілікті сақтай алмады, өйткені…

Гитлерді Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғандығы үшін келесідей себептермен айыптауға болады…

Құндылықтарды дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: нацистердің саясаты әлеуметтік-экономикалық сфераға әсер етті)

АКТ қолдану дағдылары

поисковикте жұмыс жасау; Google-картаны пайдалану

Бастапқы білім

фашистердің билікке қалай келгендігі туралы және соғыстың себептері туралы біледі

Жаһандық азаматтықты дарыту

оқушылардың бойында жаһандық азаматтықты (басқаларға аяушылықпен қарау) дамыту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

«Жылыну». Жапонияның Манчжурияға басып кіруі туралы видео көрсету (3 минут).

Оқушылардан бұл видеода не айтылғандығы туралы сұрау (1 минут).

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту (1 минут).

Видео

Сабақтың ортасы

(30 минут)

1. Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы оқиғалар хроникасын көрсету, оқушылардың назарын соғыс алдындағы халықаралық жағдайға аудару (10 минут).

2. Презентациямен жұмыс. Соғыс туралы фактілермен таныстыру (10 минут).

3. Жеке жұмыс.

Тапсырма - Екінші дүниежүзілік соғыстың себептерін бағалаңыз және маңыздылығы бойынша орналастырыңыз:

А. Версаль бітімінің шарттары.

В. Милитаристік жоспардағы қатаң шектерулерге орнатылған әлсіз бақылау.

С. Ықпал ету аймағын бөлісу, капиталистік елдердің өткізу аймағы мен шикізат көздері үшін таласуы.

4. Кесте толтыру бойынша жұптық жұмыс: «Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі оқиғалары» (презентацияны, дидактикалық және таратпа материалды қолданады)

Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі оқиғалары

Мерзімі

Тарихи маңызы

Егер оқушылар тапсырманы істеп үлгермесе, үй жұмысы ретінде беруге болады.

Презентация, дидактикалық, таратпа материал

Сабақтың соңы

(5минут)

Тақырыпты бекіту. Екінші дүниежүзілік соғыстың шынайы себептерін және негізгі оқиғаларын көрсету. Оқушылардың жазба жұмысын бағалау (3 минут).

Үй жұмысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың басты оқиғаларын және себептерін тереңірек зерттеу;

Екінші дүниежүзілік соғыстың 6 әскери қимыл театры бойынша дүние жүзі картасын зерттеу.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды (2 минут).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жасырын дифференциация әдісін қолдану: ресурстармен жұмыс кезінде деңгейі төмен оқушылардың жанына барып, оларға қолдау көрсету. Қабілетті оқушылар нақтырақ жауап береді

Ауызша мақтау, визуалды бағалау (тақтаға кесте сызып, оқушыларға қойылған бағаларды көрсету)

Талқылау кезінде оқушылардың бір-біріне тиіспеуін қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл орынды сабақты бағалау үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу