Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, презентация.


Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері қандай?

ЕУРОПАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ​​

Екінші дүниежүзілік соғыстың тәлімі, Еуропаның жалпы драмалық тарихи тәжірибесі  ​

Экономикалық алғышарттар, Батыс Еуропа елдерінің экономикалық орнықтылығын қалпына келтіруге деген ұмтылысы 

Қырғи қабақ соғыстың басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген елдердің беделін қалпына келтіру қажеттілігі​

Еуропалық интеграцияның себептері:

елдер арасындағы, әсіресе Франция мен Германия арасындағы өзара түсінісудің қажеттілігі;

Еуропа мемлекеттері үшін бейбітшілік пен қауіпсіздіктің қажеттілігі;

жаңа Еуропа мен осы Еуропа елдері сұрапыл соғыстың ешқашан қайталанбауын қамтамасыз етуі керек;

тығыз ынтымақтастық АҚШ-тың Еуропадағы экспансиясына кедергі болуы керек;

біріккен Еуропа шекараларындағы ынтымақтастық оның тұрғындарына экономикалық тұрақтылықты,

ортақ нарық құруды, адамдардың, капиталдың, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуі керек; халықаралық аренада экономикалық маңыздылықты қолдау

УИНСТОН ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ 1946 Ж. 19 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЦЮРИХТЕ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Біріккен Еуропаны құру жолындағы алғашқы қадамдар 1946 ж. 19 қыркүйекте жасалды У. Черчилль Цюрихте Еуропа Құрама Штаттарын құру туралы ұсынысын көпшіліктің талқысына салды. 1950 жылы 9 мамырда Францияның Сыртқы істер Министрі Роберт Шуман көмір өндіру және болат өнеркәсібінде күш біріктіруді ұсынды. Идеяны алты мемлекет іліа әкетті: Бельгия, Франция, Германия, Италия, Люксембург және Нидерланд. Бұл бірлестіктің жаңалығы сол -елдердің үкіметтерінен тәуелсіз еуропалық басқару органын құру керек болды. Бірлестіктің астанасы ретінде Брюссель қаласы таңдалды.

РОБЕРТ ШУМАН МЕН КОНРАД АДЕНАУЭР - ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ТАНДЕМІН ҚҰРҒАН САЯСАТКЕРЛЕР​

1951ж. - Еуропалық көмір және болат бірлестігін құру туралы Париж келісіміне қол қойылды.

25 наурыз 1957 ж. - Бельгия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Франция, Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Еуроатом құру туралы Рим келісіміне қол қойды (ЕЭҚ немесе "Ортақ нарық" 1965 ж. — бірігу туралы келісімге қол қойылды, нәтижесінде еуропалық үш қоғамдастық үшін бірыңғай Кеңес және бірыңғай Комиссия құрылды). 1967 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. ЕЭҚ жаңа мүшелерді қуана қабылдап отырды және оның жетістіктеріне басқа еуропалық мемлекеттер қызыға қарады.

1957 жылғы Рим келісімдері.

Шарттарды құрушылар:

- Еуропа мемлекеттерін одан әрі экономикалық жақындастыру және ортақ нарық құру мақсатында - Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЭЕҚ)

Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Қоғамдастық (Еуроатом) -ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мақсатында. Шартта саяси интеграция туралы нақты ұсыныстар болған жоқ. ​

Жалпы сыртқы саяси мақсат ретінде бұрынғы колониялармен ынтымақтастықты нығайту ұсынылды ​

Еуропалық көмір және болат бірлестігі (КБЕБ)

Тарихтағы алғашқы интеграциялық шарт -Халықаралық ұйым Еуропаның алты елінің көмір және болат өнеркәсібін біріктірді. Көмір мен болаттың ортақ нарығы құрылды. Франк-германдық бітім нығая түсті. Қатысушылар: Франция, ГФР, Бельгия, Нидерланд, Люксембург және Италия. КБЕБ 2002 жылы мерзімінің аяқталуына байланысты әрекетін тоқтатты.

1992 ж.

ЕО-ға мүше елдер

Сыртқы саясаттың этникалық компоненті:

Әмбебап құндылықтарға сүйену: бейбітшілік, демократия, бостандық, теңдік, адам құқықтары, адамның қадір-қасиеті, заңның үстемдігі

Бейбітшілікке қол жеткізу -сыртқы саясаттағы еуропалық интеграцияның басты себебі: қақтығыстар бар аймақтарда бейбітшілікке қол жеткізу, қақтығыстарды шешуге қатысу, саясатта әскери құралдарды қолдануға жол бермеу.

Еуропада демократиялық жүйелерді дамыту және шоғырландыру. Демократиялық саяси жүйенің болуы ЕО мүшелігінің басты өлшемі болып табылады. Сыртқы саясатта: үшінші елдерде демократияның дамуына жәрдемдесу

Заңдылықтың негіз қалаушы қағидасы. Ешкім де заңнан жоғары емес, заң алдында бәрі тең  Халықаралық саясатта: ЕО-ның халықаралық және еуропалық құқықты ұстануға бейілділігі.

Рефлексия

Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар

Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропалық интеграцияның себептері................

Еуропалық интеграцияның мақсаты……

Адам құқықтарын қорғаудағы қазіргі халықаралық құқық қорғау ұйымдары қызметі тиімді/ тиімді емес, өйткені .........



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу