Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Экспорт - тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету.
Импорт - ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Экспансия - монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі
Фактория - көпестердің, миссионерлердің әрекеті нәтижесінде отар елдерде пайда болған қоныстар, олар отарлық жаулаушылықты одан әрі кеңейтудің тірекетрі болды.
Контрибуция - жеңген елдің жеңілген елден бітім шарты бойынша алатын салығы.
№1 тапсырма Терминмен жұмыс. (жұптық жұмыс)
- Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгіле.
- Берілген терминді 5 сөзге дейін қысқарт.
- Терминдер арасындағы 5 өзара тәуелділікті қалыптастыр.
- Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңда.
- Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықта
Қосымша 2
№2 тапсырма Апиын соғыстарынан кейін Қытай экономикасында болған өзгерістер жайлы ақпараты бар кеспе қағаздар негізінде төменде берілген тапсырманы орында.
Әлеуметтік құрылымда болған өзгерістерді анықтауға қажетті кеспе қағаздар топтамасы
Циндық Қытайда сауда-өсімқор буржуазия капиталын шоғырландырды. |
1882-1894 жж. – жеке қаражатқа жеңіл өнеркәсіп орындары салынды |
Ли Хунчжан Англия мен АҚШ-пен бірлесе отырып, Шанхайда әскери кемелерді құрастыра бастаған машина жасау шеберханаларын ашты. 1866 жылы Цзэн Гофань Францияның көмегімен Фуцзянь қаласында кеме құрастыру зауытының негізін қалады. |
Қытайда бу машинасының жеке өндірісі басталды, 1868 жылы Шанхайда алғашқы кеме, 1881 жылы - алғашқы локомотив құрастырылды. |
Темір жол белсенді түрде салына бастады. |
Табиғи ауыл шаруашылығының жойылуы. Шаруалардың сыртқы нарық қажеттіліктеріне бағдарлануы |
- Әр кеспе қағаздағы кілтті сөзді белгіле.
- Кеспе қағаздағы ақпаратты екі есе қысқарт.
- Жетпейтін кеспе қағаздарды құрастыр.
- Өзгерістер әсер еткен әлеуметік топ өкілдерін анықта.
Қосымша 3
№3 тапсырма Суретші карикатурасына сұрақтар бойынша талдау жаса.
https://www.google.kz/search?q=апиын+соғысы&rlz=1C1NDCM_ruKZ769KZ769&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwja_aXzsIPeAhWkposKHW7RCZAQ_AUIDygC&biw=1231
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру