Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 8.1

IV бөлім. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі

Сабақ тақырыбы: Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?

Оқу мақсаттары:

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.3.2.4 - империалистік соғыстардың әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалау (Наполеон соғыстары мысалында);

7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау

Тарихи концепт: Себеп пен салдар

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 1 Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көңіл-күйде болударына көз жеткізіңіз.

 2. Сабақтын тақырыбын анықтау үшін оқушыларға келесі мәтіңді оқып берініз: “Жасыл китель, ақ галифе, ботфорты және екі бұрышты фирмалық бас киімі. Құлшыныс пен батылдыққа толы көзін тастап, үлкен тасты баспалдақтарынан бастап, бүкіл Францияның Мәртебелі Императоры .... керемет жері таспен төселген замоктың ауласына көптен күткен мыңдағын жұртқа көрінді. Императордың артынан сәнді киінген, қауырсындармен безендірілген калпақтарымен және белбеулеріне байланған қылыштарымен генералдары тұрды. Төменде – өздерінің элиталық құрылымның мәртебесін айқындайтын аю терісінен жасалған киверлермен алтын сырғалар кийген ат үстіндегі Императорлық Гвардиясы сапта тұрды.

 Император Гвардия ардагерлерін өте жақсы көрді. Ол оларды «мазасыздар» деп атады, себебі олар императорға батылдық пен қорықпаушылықпен шағымдана алатындары үшін. Олардың артында, барлық алаң мен оған жақын көшелерді толтырып, императорды 40 мың қарапайым француздар қарсы алды.

 «Кішкентай корсикандық» 15 жыл бойы Францияны басқарып, оның 10 жылын «бүкіл Францияның императоры» ретінде өткізді, Еуропаның жартысынан көб аймағын жаулап алды. Енді, еуропалық коалициясынан жойқын жеңіліске ұшырағаннан кейін, Париждің оккупациясы мен биліктен бас тартқанынан, Наполеон қиын жағдайға тап болды – осы сәтке дейін оған адал болып қалғандарымен қоштасу”.

 (Дереккөз: Posted in Мәдениет, Қоғам).

 Оқушылардаң осы мәтінде айтылған «кішкентай корсикандықтын» атын атауын сұраңыз. Наполеон Бонарапт - Францияның алғашқы императоры туралы не айта алатындарын сұраңыз.

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін оларды толықтырып, бұл сабақ оқушыларға әлемдік тарихтағы осы тұлғаның рөлі мен орнын бағалауға көмектесетінін айтыңыз.

 Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттары анықталады:

 - Наполеон Бонапарттың билікке келу себептерін анықтау;

 - тарихи тұлғалардың өмірбаянымен танысу;

 - Наполеон империясының құлдырау себептерін анықтау;

 - сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 

 3. Уақыт сызығымен жұмыс. Оқушыларға оқулық мәтінімен және Наполеон Бонапарттың өмірбаянын сипаттайтын таратпа материалдармен танысуға уақыт беріңіз. Содан кейін Наполеонның өмірінен 10 маңызды оқиғаларды таңдап, уақыт сызығына белгілеуді тапсырыңыз.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

  •  Оқушы тарихи тұлғаның өмірбаянында кемінде 7 маңызды оқиғағаны уақыт сызығына белгілейді.

 - Оқушы өзінің пікірін топтың пікірімен сәйкестендіре отырып, жұппен өзара әрекеттесе алады.

 Тапсырманың соңында тақтада көрсетілген үлгіге сай жұптар өз жұмыстарын тексереді.

 Осы тапсырманың орындалуын тексеруге арналған мұғалімге қажет мәліметтер:

 1769 жылғы 15 тамызда - Наполеон Корсика аралында, Аяччо қаласында дүниеге келді.

 1791-1815 жж. - Наполеонға қарсы 7 коалиция (Англия, Ресей, Австрия, Пруссия және т.б.) құрылды

 1796 - 1799 жж. - Италиядағы әскери операциялар.

 1797 ж.Австрия мен Швейцариядағы әскери операциялар.

 1798-1799 жж. – Египетке қарсы жаулап алу жорықты басқарды.

 9 қараша (18 брюмер) 1799 ж. - Францияда төңкеріс жасап, бірінші консул лауазымын алды.

 1801 ж. – Рим Папасы VII Пиймен бірге Конкордат (келісім) жасалды.

 1803 ж. – өмірлік консулдың атағын алды.

 1804 жылы - Франция императоры деп жарияланды.

 1804-1811 жж. - Наполеон Кодексі құрастырылды

 1805 жылғы 21 қазанда - Франция мен Испания британдық флотынан Трафальгар шайқасында жеңіліске ұшырады.

 1805 ж. желтоқсан - Австрия мен Ресей Аустерлиц маңындағы шайқаста Наполеон әскерлерінен жеңілді.

 1806-1812 жж. Континентальдық блокада - барлық еуропалық елдерге Франциямен сауда жасауға тыйым салынды.

 1806 ж. - Рейн одағы жасалды - Наполеонның қысымымен 16 неміс мемлекеті Қасиетті Рим империясының құрамынан шыгарылды.

 1806 ж. – Польша мен Пруссияны Наполеон басып алды.

 1807 ж. - Пруссия жеңіліске ұшырады.

 1807 ж. - Пруссияның одақтасы болған Ресеймен Тильзит бейбітшілік келісім шарт жасалды.

 1808-1813 жж. - Испанияда Наполеон билігіне қарсы көтеріліс.

 1812 ж. 8 қыркүйек - Бородино шайқасы.

 1812 ж. 14 қыркүйек - 18 қазан - Наполеон әскерімен Мәскеуде болды.

 1812 жылдың қараша-желтоқсан айлары - француз армиясының шегінісі.

 16 -19 қазан 1813 ж. - Халықтар шайқасы (Лейпциг шайқасы), Наполеон жеңіліске ұшырап, тақтаң бас тартты.

 1814 ж. мамыр айы - Италия жағалауындағы Эльба аралдарына айдалды.

 1815 жылғы 1 наурыз - Наполеоның қайта оралуы, биліктегі 100 күні.

 1815 жылғы 18 мамыр - Ватерлоо шайқасы, Наполеонның жақтастарының түпкілікті жеңіліске ұшырады.

 22 маусым 1815 жыл - Атлант мұхитындағы Әулие Еленаға аралына жер аударылды.

 1821 ж. 5 мамыр - Әулие Елена аралында Наполеон қайтыс болды.

 

 4. Тарихи құжат мәтінімен жұмыс. Оқушыларға Наполеон өмірінін соңында ол өзінің әскери жеңістерімен емес, Азаматтық Кодексі арқасында болашақ ұрпақтарының есінде қалытындығын айтты. Бұл Кодекс барлық кейінгі еуропалық заңнаманың негізін құрайған заңдвр жинағы болды.

 Оқушыларға жұппен жұмыс жасай отыра, Наполеон Кодексінің үзінділерін оқып, келесі сұраққа жауап беруді ұсыныныз: Неліктен Наполеонның заңдары Франция мен ол жаулап алған Еуропа елдерінде капитализмнің дамуына ықпал етті?

 Оқушылар тарихи құжат мәтінінен көбірек дәлел келтірулері қажет.

 Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:

  •  Наполеон Кодексінің Еуропадағы капитализмнің дамуына ықпал еткені туралы кем дегенде 7 дәлел келтіреді;
  •  Тарихи дереккөздің мәтінінен қажетті ақпаратты ала алады.

 

 5. Рефлексия сәтін өткізу үшін «Бағдаршам» әдісін қолданыңыз.

 Әр оқушыға үш түсті карточкалар таратыңыз: қызыл, сары және жасыл. Әр түстің мәнін түсіндіретін слайдты пайдаланып, оқушының көңіл-күйіне сәйкес келетін түсті таңдап, сол түсті шеңберді көтереді.

 Жасыл түсті карточка: «Сабақпен қанағаттанамын, сабақ маған пайдалы болды, сабақта жақсы жұмыс істедім, жұмысымның оң бағасын алдым, сабақта айтылған, жасалған нәрселердің барлығын түсіндім».

 Сары түсті карточка: «Сабақ қызықты өтті, мен сабаққа белсенді қатыстым, сабақ маған белгілі бір деңгейде пайдалы болды, мен өз орнымнан жауап бердім, бірнеше тапсырманы орындадым, сабақта өзімді қолайлы сезіндім».

 Қызыл түсті карточка: «Сабақтан аз пайда алдым, тапсымаларды түсінбедім, айтылған ақпарат маған қажет емес болып көрінді, тапсырманы қалай орындауды білмедім және сұрақтарға жауап беру алмадым».

 6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақтың тақырыптары бойынша

Қосымша көркем әдебиет туындыларды оқуды ұсыныныз, мысалы:

  •  Лас Каз «Әулие Еленаның тұтқынының максимымен мен ойлары»
  •  Наполеон Бонапарт «Жозефинаға хат”.

 

 Сабақтың тақырыбына қосымша теориялық материалдары:

 Наполеон Бонапарттың пікірлері, мәлімдемелері, афоризмдері

 

  • Құдай жақсы артиллериясы бар әскердің жағында.
  • Саясаттың жүрегі жоқ, тек басы ғана бар.
  • Сәттілік ұлы адамның артынан ереді.
  • Әркімнің өзінің шындығы бар.
  • Бородино шайқасы ең әсемдік және ең қаһарлы болды, француздар өздерін жеңіске лайықты екендігін көрсетті, ал орыстар жеңілмейтін атаққа лайық болды.
  • Мені тек жаман жаңалықтар болса ғана оятыңдар; ал егер жақсы жаңалық болса - ешқандай жағдайда оятпаңдар.
  • Байлық сол байлыққа ие болуда емес, сол байлықтың бере алатындығынан тұрады.
  • Мемлекеттің мүддесі үшін шенеуніктер үнемі ауыстырып тұру керек.
  • Соғыс кенеттен болатын оқиғалардан тұрады.
  • Әлемді қиялдау басқарады.
  • Достарыңыздың сенімді екенін білгіңіз келеді ме? Бұл үшін бақытсыздықта ұшырауыңыз керек.
  • Данышпан адамдар - өз заманын жарықтандыру үшін жанып кететін метеорлар.
  • Халық шынайы бостандыққа ие болуы үшін, билеушілер данышпан болу, ал оның көмекшілері құдайдай болулары керек.
  • Журналист - қаламмен жұмыс істеп көшені тазалаушылар.
  • Шынайы батырлық - өмірдің бақытсыздықтарынан жоғары бола білу.
  • Нағыз қаһарман шайқаста шахмат партиясын, нәтижесіне қарамастан, ойнайды.
  • Егер халық корольдің мейірімді болғанын айтса, бұл оның билігінің сәтсіз болмағандығын хабарлайды.
  • Кім сөйлей білмейді, сол мансапқа жете алмайды.
  • Кім жағымпаздана алса, сол жала жауды да біледі.
  • Отанға деген сүйіспеншілік - мәдениетті тұлғаның ең маңызды күші.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу