Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, 2 САБАҒЫ

Бөлім: 1-бөлім. Жаңа заманның басталуы

Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті

Оқыту мақсаттары:

7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

7.1.1.2 - мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;

7.4.1.2 - Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау;

7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау

Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық.

Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды..

2. Оқушыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында «БЫM» - бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушылармен «Неліктен Ұлыбританиядағы Айронбридж әлемдік мұра нысаны болып табылады ?» талқылаңыз

3. Жаңа тақырыпты проблемалық тапсырмадан бастаңыз. Оқушыларға ХІХ ғасырдың басындағы Колбрукдейл(Айронбридж орналасқан жер) суретін көрсетіңіз. Оқушыларға ойларына келген ассоциацияларды айтуын сұраңыз.

4. Содан кейін оқытушы сабақтың тақырыбын хабардар етеді, оқушыларға оқытудың мақсаттарын айтады, тарихи тұжырымдамамен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар алдағы сабақтың мақсаттарын түсінетініне көз жеткізіңіз.

5.7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру; 7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру; 7.1.1.2 - мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;, 7.4.1.2 - Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау; 7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау. Аталмыш мақсаттарға қол жеткізу үшін түрлі деңгейдегі тапсырмалар қолданылуы мүкін.

6. Жұппен жұмыс істеу. Оқушыларға ескі және жаңа заман фотоларында тұрған бір кездерде британия өнеркәсіп төңкерісінің нысаны болған ең маңызды жер екендігін түсіндіріңіз.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға шойын көпірдің фотосын көрсетіңіз. Сонымен қатар ол көпірдің 1779 жылы өнеркәсіпші Абрахам Дерби салдырғанын және оның отбасының шойын өндірісінде көмірді отын ретінде қолданып өндіргенін түсіндіріңіз.

Сондай ақ 1986 жылы БҰҰ Айронбриджді Дүниежүзі мәдени нысандар тізіміне енгендігін айтыңыз.

Оқушылармен тарихи маңыздылық критерийлерін талқылаңыз. Оқушыларға көпірдің толық тарихи сипатамасымен карточкалар комплектісін беріңіз. Оқушылар топта карточкаларды оқиды және критерийлерге сәкес анықтап топтастырады. Оқушылар тақырыптарға комментарилар жасайды

7.Топтық жұмыс.

Оқушыларға көпірдің толық тарихи сипатамасымен карточкалар комплектісін беріңіз. Оқушылар топта карточкаларды оқиды және критерийлерге сәкес анықтап топтастырады. Оқушылар тақырыптарға комментарилар жасайды. Топтар өз карточкаларын тақырыптар тұсына қояды(бұл жұмысты үлкен қағазға әр тақырыпшаға арнайы колонналар жасап өткізуге болады. Топтар өздерінің пікірлері бойынша тақырыптарға мүлдем сәкес келмейтін мәліметті артық деп тапса карточканы бөлек алып қояды .

Оқушылар карточкалады қалай және неліктен осылай реттеп орналастырғандықтарын түсіндіреді. Топтар өздерінің пікірлерінше Айронбридж неліктен әлемдік мәдени мұраларының нысанына ең лайықты деп тапқан дәлелдерін анықтайды.

8. Рефлексия. Оқушылардан өз пікірін білдіруін сұраңыз:

- Неліктен бүкіл Англия, кейінрек Европаның барлық аймақтарында көптеп осындай көпірлер салына бастады?

- Неліктен кәсіпкерлер өнертапқыштарға көптеп қаржы жұмсай бастады?

9. Үй тапсырмасы:

 «18 ғасырдың техника мен өнеркәсіптегі жаңалықтары мен жетістіктері» кестесін толтыру.

Дифференциация

2-ші және 3- сабаққа арналған материалдар : Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

Қабілеті жоғары студенттерге арналған тапсырма.

Ресурс 1. Тарихи маңыздылық критерйилеріне карай Айронбридж туралы карточкаларды бөліңіз. Маңыздыңлық деңгейіне қарай: өте маңызды, маңызды, маңызды емес.

 

1. « Әлемдегі тұңғыш рет 1779 жылы салынған шойын көпір»

2. « Қазіргі таңда Айронбриджді «өнеркәсіп төңкерісінің өрбіген жері» деп атайды (термин, жаппай көлемді өнім өндіретін фабрикалардың салыну үдерісі)»

3. «Шойынды қолданудың ескерткіші ретінде құрылысшылар Шойын көпірдің тұрақты қалғанын қалады»

4. «Шойын көпір салынғаннан кейін, шойынды көпірлер, акведуктар мен ғимараттар құрылысында қолдана бастады»

5. «Шойын көпір 150 жыл бойы жүк тасмалдау үшін қолданылды»

6. «Шойын көпірді салушылар құрылыстың танымалдылығын қалады және шойынның көп салада қолдануға болатындығын көрсеткісі келді. Олар суретшілерге ақша төлеп көпірдің суретін салдырды. Ол суреттер көпшілікке сатылды»

7. «Шойын көпірдің құрылысына үш ақ ай уақыт кетті»

17. « 1986 жылы БҰҰ Айронбридж бен Колбрукдейлді Дүниежүзілік мәдени мұра нысаны ретінде таңдады»

8. «Колбрукдейл Ұлыбританияда ХVIII ғасырда жалғыз ғана фабрикалар салынған жер емес еді»

9. «Көпір салынғанға дейін өзен арқылы жүк тасмалдау өте қиын еді. Өйткені бір де бір көпір жоқ еді. Көпір салынғанан кейін тауар айналымы артты.

10. « Шойын көпірдің құрылыс кезіндегі гравюрасы бірнеше рет сатылды»

11.«1802 жылы «Колбрукдейл» компаниясы (шойын көпірді салған) әлемде тұңғыш рет паровозды салды

12. «Он тоғызыншы ғасырда шойыннан кәдімгі тіреуіш, жүн тарауыш, қоңыраулар сияқты күнделікті тауарлар жасала бастады»

13. «Шойын көпір салынғанан кейін британдық тауарлар бүкіл әлемге экспорттала бастады( сол кездегі қазандар Африканың кейбір елдерінде осы күнге дейін қолданады!)»

14. «АҚШ перезитенті Томас Джефферсон 1786 ж Шойын көпірдің гравюрасын сатып алған

15.

«Жиырмасыншы ғасырдың ортасында Колбрукдейлдегі фабрикалардың көпшілігі жабылды»

16. «1980 жылдары Колбрукдейлдағы ескі нысандар өнеркәсіп төңкерісі туралы еске түсіретін туристерге арналған музейлерге айналды»

Көпшілік студенттерге арналған тапсырма:

Ресурс 2. Ұсақ өндіріс пен Өнеркәсіптің кем дегенде екі ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыздар.

Мануфактура мен фабриканың ұқсастығы

Айырмашылығы

Мануфактура

Фабрика

Қорытынды: неліктен фабрикалық жүйе ұсақ өндірушіге қарағанда тиімді болды??____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ресурс 3. Кестені толтырыңдар:

Феодализм

Бағыты

Капитализм

Мүлік иелерінің табы

Өндіріушілер

Табыстар

Бас еркіндігі

Өндірушінің жеке мүлкі

Шаруашылық типі

Ресурс 4. Өнеркәсіп төңкерісінің салдары

  • Еңбек өнімдімділігінің артуы (тауар бағаларының төмендеуіне әсер етті).
  • Капиталистік экономиканың орнығуы.
  • Әлеуметтің құрылымдағы өзгеріс. Өнеркәсіп буржуазиясы мен жалдамалы жұмысшылар(прелетариат) табының қалыптасуы.
  • Сауданың дамуы және байланыс жүйесінің жетілуі.
  • Жұмысшылардың еңбек жағдайының төмендеуі.
  • Ғылым мен білімнің дамуы.
  • Ағылшын тауарына сұраныстың артуы.

Сабақтың қосымша теориялық материалы.

Өнекәсіп төңкерісі кезіндегі оқиғалар.

1733 ж . – Джон Кей шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап тапты. 

1735 ж. – Абрахам Дерби- шойынды кокс арқылы домнада балғыту әдісін енгізді .

1765 ж . – Джеймс Харгривс  «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапты.  Бір уақытта 15 - 18 ұршыық иіреді 

1767 ж. – Су доңғалақтары арқылы машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма станогі ойлап табылды.

1771 ж. – Өнеркәсіпші  Ричард .Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты.

1784 ж. –  Джейймс Уатт бу машинасын ойлап тапты, 1784 жылы оны жетілдірді.

1784 ж. – Генри Модсли жону станогін ойлап тапты.

1785 ж. – Эдмунд Картрайттың жаңа тоқыма станогі еңбек өнімділігін 40 есеге арттырды.

Өндіріске машиналарды еңгізу қол еңбегін ығыстырды. Өзіне еңбек ететін ұсақ өндірушілер қатары азайды. Жалдамалы еңбекті пайдаланушылар саны артты. Жұмыс барлығына жетіспеді. Еңбек жағдайлары ауыр болды. Жұмыс күнінің ұзақтығы 12 сағаттан астам болды.

1811–1813 жж. – Луддиттер – Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс үдерісінде машиналарды қолдануға қарсы стихиялық бас көтерілерге қатысушылар.. Термин алғашқы болып станокты қиратушы аңызға айналған шебердің көмекшісі - Нед Лудд есіміне байланысты пайда болған. Үкімет луддиттерге қарсы жазалаушы әскер және өлім жазасын қолданды.

1825 ж. – Англияда жолаушы тасмалдаушы поезд алғаш рет жүрді.

XIX ғасырдың ортасында в. – Англиядағы темір жол көлемі 50 мың шақырымнан асты.

1689 - «Билл құқықтары туралы» қабылдау, революция аяқтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу