Қазақстанда жасалған. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 -бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 4-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанда жасалған

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну

 Сабақ мақсаттары

• зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.

 Жетістік критерийлері

өз аймағының экономикалық қызметін атқаратын субъектілеріне сипаттама береді

 Тілдік мақсаттар

 ұлттық бренд

 Құндылықтарды дарыту

құндылықтарын анықтау.

 Пәнаралық байланыстар

География, ғылымға кіріспе пәндерімен байланысады.

 АКТ

туралы ақпараттар іздейді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өз өңірінде қандай өндіріс орындары бар екендігін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Балалар бүгін сабақта ұлттық бренд ұғымымен танысасыңдар

(Ұ)(Т) Миға шабуыл стратегиясы

Оқушылар «ұлттық бренд» деген ұғым бойынша ойларын ортаға салады.

Келесі сұрақтарға жауап береді:

-Бренд дегеніміз не?

-Ұлттық бренд дегенді қалай түсінесіңдер?

-Нені ұлттық бренд ретінде алар едіңдер?

-Неліктен?

(МК)

«Бренд» ұғымының негізі ағылшын тілінен аударғанда «таңба», «таңбалау», «ен салу» дегенді білдіреді

Бренд дегеніміз – елдің, тұтас бір ұлттың келбеті, жарнамасы. Ол сәулет немесе киім үлгісі, туризм немесе халық мәдениеті болуы мүмкін. Ең бастысы – олар өтімді, сұранысқа ие болу керек. Яғни, ел экономикасына қомақты қаржы түсіруі тиіс

Ал енді Қазақстанның әр өңіріндегі брендтерді атап көрейік. Мысалы: Алматыны апорты, Қызылорданың күріші, Маңғыстаудың мұнайы, Қостанай жылқысы, Қарағандының көмірі, Жезқазғанның мысы, Талдықорғанның қанты, Өскеменнің балы, Петропавлдың бидайы, Көкшетаудың көрікті табиғаты, Шымкенттің ақ мақтасы, Жаңарқаның қымызы, Аралдың тұзы т.б. осылай жалғастыра беруге болады. Бұлар ішкі бренд.

Әуелі қазақтың ұлттық бренді болуға татитын, өзге елдер өндірмейтін екі түрлі тағам бар. Оның бірі – шұбат, екіншісі – қазы. Осы екі тағамның бірі ұлттық бренд болуына әбден негіз бар. Себебі екеуін де басқа ешбір ұлт жасамайды. Қазақтың қазысының құнарын әлемдік медицина мойындаған. Шұбаттың сан түрлі сырқатқа дауа екенін де әлем мойындады. Қазақ ұлтының ұлттық брендін қалыптастырғысы келген жан осы екі тағамның халықаралық деңгейге көтерілуіне күш салуы керек.

Жұптас, ойлан, талқыла.

Өзіңнің тұратын жеріңде қандай өндіріс орындары бар?

Ол жерде не өндіріледі?

Анықта.

Біздің елімізде қандай тауарлардың ұлттық брендке айналған?

Ғаламтор желісінен ізденіп тап.

Жұмыс нәтижесі ретінде оқушылар ұлттық брендтер тізімін ұсынады.

Жауаптары «KazMeat»,«QazaqOrganicFood»,

«HalalKazakhstan» ет өнімдері, «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдері, «Alageum Electric» трансформаторлар өндірісі, «Қайнар» аккумуляторлар өндірісі, «Ақсай нан» нан өнімдері, «Hyundai Trans Auto» «Азия авто» автокөліктер т. б.

(Бағдаршам арқылы бағалаланады)

Критерий

Ғаламтор желісінен ұлттық бренд тауарларды анықтайды;

Ұлттық тауар туралы мәлімет айтады

Жауаптары Ұлттық бренд ретінде ұсынылатын тауар сол мемлекеттің тарихи тұрғыдан қалыптасқан және қазіргі бет-бейнесін әлемде ерекшелейтін сипатқа ие болуы тиіс.

(Т) Диаграммамен жұмыс шапалақ арқылы бағалау

Оқушылардың жауаптарын тыңдалады, ортасында «Қазақстан» деген жазуы бар өрмекші түрінде жасалған диаграммадағы сөздерді оқиды.

(Ө) «Сөйлемді аяқта» әдісі

Рахат кондитер фабрикасы, Кайнар аккумулятор заводы, Шұбат, қымыз

Оқушыларға келесі сөйлемді аяқтау тапсырмасы ұсынылады:

«Қазақстандық бренді деп ......... есептеймін, себебі…

 • Қазақстанда өндірілетін тауарлар, олардың суреттері, этикеткалары;

 • ғаламтор желісі бар компьютер немесе ғаламтордан алынып, өңделген мақала;

 • компьютер

Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы ролик

https://www.youtube.com/watch?v=wjJwkGftvcg

Сабақ ортасы

33 минут

 

Орында

Болашақта сен кәсіпкер болып, өз тауарыңды нарыққа ұсынғың келеді

дейік. Тауарыңды ұлттық брендке айналдыру үшін оның сапасын сипаттап,

мына жоспар бойынша жарнама

жаса:

• Ол қандай өнім?

• Оның сапасы қандай?

• Оны адамдар не үшін және қандай мақсатта сатып алады?

Суретін салып, сыныптастарыңа жұмысыңды таныстыр.

Өзге оқушылар критерийлерге сай бағалайды.

Бағалау критерийлері алдын ала оқушылармен ақылдасып, анықталады және таратылады.

ұлттық сипатқа ие;

– қазіргі уақытта аса қажетті,

  • сұраныс жоғары;

– көп шығынды жұмсамайды;

– тасымалға жеңіл әрі қауіпсіз;

(«Екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау» )

Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы ролик

https://www.youtube.com/watch?v=wjJwkGftvcg

ҚБ тапсырмасы

/

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия Оқушыларға тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін сұрақтар қою.

Бүгінгі сабақтан не білдің?

Өзің үшін қандай жаңа ақпараттар алдың?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар ереже құрастыруды басшылыққа алады.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу