Елімді әлемге танытамын. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәнібойыншақысқамерзімдіжоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім. "Болашаққа саяхат»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Елімді әлемге танытамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1ақпараттың қолжетімді көздерін (интернет, кітаптар, БАҚ) пайдалана отырып, Қазақстан мен Нұр-Сұлтан бойынша туристік маршрут құру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

-Қазақстанның туристік нысандарымен танысады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Қазақстанның туристік нысандары туралы айтады;

-негізгі нысандарды көрсете отырып, Нұр-сұлтан бойынша туристік бағыт құрады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақстанның туристік нысандары туралы айтып береді.

Терминология:

  • туристік бағыт

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қандай туристік көрнекі жерлерді білесіңдер?

- Бұл жерде туристерді не қызықтырады?

Жазуға арналған сұрақтар:

- Өңірдің туристік бағыттары туралы әкімге хат жазу

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм Қазақстанның туристік бизнесін дамыту мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін түсіну арқылы дамиды. Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениеттелігін қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Экология негіздері Туризм саласы

Жаратылыстану: туризмге қолайлы аймақтар. Еліміздің түрлі аймақтарындағы климаттық жағдай.

Алдыңғы меңгерілген білім

Туризм, туристік бағыттар және ел экономикасын дамыту үшін туризмнің маңыздылығы, Қазақстан өңірлерінің климаттық жағдайлары туралы білімді қамтиды.

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

  • "Мен біздің елді…үшін мақтан етемін" кіріспе тапсырмасы

-Шеңберге тұрыңдар.

-Осы сөз тіркесін жалғастырыңдар.

Оқушылар шеңберге тұрады, әр оқушы сөз тіркесін аяқтайды.

2.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- Қазақстанның туристік нысандарымен танысу.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақтың ортасы

9-17

18-21

22-35

  • Картаны зертте(топпен)

- Қазақстанның физикалық картасын қарастырыңдар.

- Еліміздің түрлі аймақтарындағы климаттық жағдайды есте түсіріңдер.

- Еліміздің түрлі аймақтарында туризмнің қандай түрлерін дамытуға болатынын болжаңдар.

- Туристерге бару үшін қызықты орындар тізімін жасаңдар.

-Осы орындар туралы айтып беріңдер.

- Біздің өңірдің туристік нысандарын атаңдар. Оларға қалай баруға болады?

Оқушылар Қазақстан өңірлерінің климаттық жағдайлары туралы білгендерін еске алады. Осы ақпараттың негізінде онда туризмнің қандай түрлерін дамытуға болатынын болжайды. Туристерге бару үшін қызықты орындар тізімін жасайды, осы орындар туралы ақпаратты зерделейді, осындай бір орын туралы айтады.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар Қазақстанның туристік нысандары туралы айтып бере алады.

  • Сен білесің бе? (жұппен)

-Айдардың ақпаратын оқыңдар.

- "Туристік бағыттың анықтамасын беріңдер.

- Туристер карталардың қандай түрін пайдаланады? Неліктен?

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, Айдардың ақпаратын зерделейді, бір-біріне анықтама береді, карта түрін талқылайды, қорытынды жасайды.

  • Байқап көр (топпен)

-Суретті таңдаңдар.

-Суреттегі адамдар үшін Нұр-Сұлтан бойынша бір күндік туристік маршрутты құрыңдар.

- Сендердің туристік топтарың баратын нысандардың суреттерін таңдаңдар.

- Бағытты жасаңдар.

- Бағытты сыныпқа ұсыныңдар.

-Топтардың жұмыстарын критерий бойынша бағалаңдар:

  • Таңдалған топтың қажеттіліктеріне сәйкестігі;
  • Мерзімге сәйкестігі-1 күн;
  • Безендіру ұқыптылығы

Оқушылар әр түрлі қызығушылық танытқан адамдармен суреттерді таңдай отырып топтарға бөлінеді. Содан кейін осы топ үшін қажетті Нұр-Сұлтан нысандарын таңдап, осы нысандардың бейнелерін табады. А3 парағында туристік бағытты құрады, оны сыныбына ұсынады. Топтар бір-бірінің жұмысын критерийлер бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар негізгі нысандарды көрсете отырып, Нұр-Сұлтан бойынша туристік бағыт жасай алады.

ҚР физикалық картасы

Елдің туристік объектілері туралы ақпараты бар карточкалар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №4

Туристік карта

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №5

Топтарға бөлуге арналған карточкалар

Нұр-Сұлтан туристік картасы

Нұр-Сұлтан нысандарының бейнесі

А3 парақтары

Желім, қайшы, маркерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

Қараңыз

Слайд №6-8

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия «Әкімге хат»

- Облыс әкіміне хат жазыңдар. Мүмкін болатын туристік бағыттарды және олардың өңірдің дамуы үшін маңызы туралы жазып көріңдер.

Оқушылар туристік нысандар және өңірдің дамуы үшін туризмнің экономикалық маңызы туралы білімдерін жинақтап хат жазады.

А4 парақтар, конверттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №9

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға топ ақпаратына қосымша ретінде оқулықта берілген аймақтар үшін туризм түрлерін анықтауды ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Әкімге хат" әдісі оқушылардың сабақ тақырыбын меңгеруін бағалауға, тақырып бойынша білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақ талдау, жалпылау, картамен жұмыс дағдыларын дамытады.

Сабақ тақырыбының меңгерілуін бағалау:

- Туристер үшін Қазақстанның қандай орындары қызықты болуы мүмкін?

- Елімізде туризмнің қандай түрлерін дамытуға болады?

Топтық жұмыс кезінде, желіммен және қайшымен жұмыс кезінде оқушылардың қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу