Кәсіп болмай, нәсіп болмас. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәнібойыншақысқамерзімдіжоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім. "Болашаққа саяхат»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады;

4.1.3.2түрлі дереккөздерге негізделе отырып, өз аймағының экономикалық қызмет атқаратын субъектілеріне сипаттама беру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • отбасылық кәсіпкерлік жайлы біледі;
  • кәсіби мерекені атап өту бағдарламасын жасайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- отбасылық кәсіпкерлік деген не екенін айта алады;

- отбасы кәсіпкерлігінің дамуы неғұрлым дамыған 4 саланы атай алады;

-жаңа кәсіби мереке ойлап таба алады;

- жаңа мереке бағдарламасын құра алады;

- кәсіби мерекеге шақыру билетін әзірлей алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- кәсіби мерекелер тарихын сипаттап береді.

Терминология:

  • кәсіпкерлік;
  • отбасылық кәсіпкерлік.

Талқылауғаарналғансұрақтар:

-Халықаралық Кәсіпкерлік күні мерекесі қалай атап өтіледі?

- Кәсіби мерекелерді қандай мақсатпен атап өтеді?

Жазуғаарналғансұрақтар:

- Кәсіпкерліктің бір бағыты бойынша кәсіби мереке ойлап табу

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм біздің елімізде өз бизнесін дамыту мүмкіндіктерінің алуан түрлілігін түсіну арқылы дамып келеді. Өмірді жақсарту үшін адал өнімді еңбекке ұмтылысты тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: монолог тілінің дамуы, синквейн құрылымы

Алдыңғы меңгерілген білім

Кәсіптік мерекелер туралы білімді қамтиды, оқушылар кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылықпен көрсете алады.

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7-9

  • Синквейнкіріспе тапсырмасы

- "Кәсіпкер"сөзіне синквейн жаз.

- Синквейнді сыныпқа оқы.

Оқушылар бар білімдерін еске түсіріп, синквейн жазады, өздерінің синквейндерін оқиды.

2.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • отбасылық кәсіпкерлік жайлы біледі;
  • кәсіби мерекені атап өту бағдарламасын жасайды.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақтың ортасы

10-17

8-24

25-28

29-36

3.Ойлан (топпен)

-Суретті жинаңдар – пазл жасау арқылы топтарыңды табыңдар.

- Бұл кәсіпорынның қандай екенін және не өндіретінін анықтаңдар.

- Кәсіпорындар өңірді дамытуға қандай үлес қосады?

- Оқулықтағы ақпаратты оқыңдар.

- "Бота" айдарындағы ақпаратты оқыңдар.

- "Кәсіпкерлік", "отбасылық кәсіпкерлік" анықтамаларын тұжырымдаңдар.

-Айырмашылығы неде және бұл кәсіпкерліктің түрлері қандай?

- Елімізде отбасылық кәсіпкерлік дамыған салаларды атаңдар.

Оқушылар топтарға бірігеді, сурет құрастырады, кәсіпорынды, оның өнімін, кәсіпорынның өңірді дамытуға қосқан үлесін анықтайды. Әр топ өз кәсіпорындары туралы сыныпқа әңгімелейді. Оқулықтың материалдарын оқығаннан кейін оқушылар оқулықтың суреттерін пайдалана отырып, терминдердің анықтамасын құрастырады, отбасы кәсіпкерлігі дамыған 4 саланы атайды. Оқушылар кәсіпкерлік пен отбасылық кәсіпкерлік арасындағы айырмашылықты түсіне алады.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар отбасылық кәсіпкерлік деген не екенін айта алады;

- оқушылар отбасы кәсіпкерлігі дамыған 4 саланы атай алады.

  • Болашаққа жоспар (жеке)

-"Сен білесің бе?” айдарының ақпаратын оқып шығыңдар.

- Болашақта кәсіпкерліктің қандай түрімен айналыса аламын деп ойлайсың.

- Өз таңдауыңды түсіндір.

- Эссе жазыңдар.

Оқушылар ақпаратты оқып, қажетті күш-жігері мен қалауы болса кез-келген адам табысқа жететінін түсінеді. Содан кейін олар қандай кәсіпкерлік түрімен айналысқысы келеді және неге екенін ойластырып жеке эссе жазады. Өз идеяларын жұпта талқылайды.

  • Анықта (жұппен)

- Ата-аналарың мен жақын туыстарыңның жұмыс орындарының тізімін құрыңдар.

-Олардың қайсысы мемлекеттік ұйымдарда, ал кім жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтінін анықтаңдар.

- Олардың жұмысы қоғамға қандай пайда әкеледі?

Оқушылар кәсіпорындардың тізімін құрайды, М - Мемлекеттік, Ж– жеке деп белгілейді. Ата-аналар мен туыстарының қоғамға қандай пайда әкелетінін талқылайды.

  • Байқап көр (топпен)

-Кәсіби мереке - Халықаралық кәсіпкер күні туралы оқулықтан ақпаратты оқыңдар.

- Кәсіпкерліктің бір бағытын таңдап, оған кәсіби мереке ойлап табыңдар.

- Мереке бағдарламасын жасаңдар.

-Осы мерекеге шақыру билетін дайындаңдар.

- Өз мерекелеріңе басқа топтардан оқушыларды шақырыңдар.

Оқушылар оқулықтағы ақпаратпен танысады,жаңа кәсіби мереке үшін бағдарлама әзірлейді, шақыру билетін жасайды және басқа топқа береді. Оқушылар оларды қандай мерекеге шақырғанын анықтау керек.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар жаңа кәсіби мерекені ойлап табады;

- оқушылар жаңа мереке бағдарламасын жасай алады;

- оқушылар кәсіби мерекеге шақыру билетін әзірлей алады.

Пазл суреттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №4-5

А4 парағы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №7

Ақ және түрлі-түсті қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, желім, қайшы

А4 парағы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №8

Сабақтың соңы

36-40

Логикалық тізбекті құру (жеке)

-Ұсынылған терминдердің логикалық тізбегін құрыңдар: отбасы-отбасылық кәсіпкерлік-өнім/қызмет-пайда-қоғам үшін пайда.

- Дайын жұмысты тақтаға орналастырыңдар.

Оқушылар сабақта алған білімдерін жинақтап логикалық тізбекті құрайды.

Карточкадағы сөздер жиынтығы, желім, А4парағы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №9

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға жаңа кәсіби мерекені тойлауға арналған іс-шараның фрагментін дайындауды ұсынуға болады. Қысқа мерзім ішінде/жас кездерде табысқа жеткен өз өңірінің кәсіпкерлері туралы ақпарат дайындау.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Логикалық тізбек" әдісі тақырып бойынша білімді жинақтауға және сабақ тақырыбын түсінуді анықтауға мүмкіндік береді. Сабақ талдау, ақпаратпен жұмыс дағдыларын дамытады.

Сабақ тақырыбының меңгерілуін бағалау:

- Кәсіпкерлікті отбасылық кәсіпкерліктен не ажыратады?

- Біздің елімізге отбасылық кәсіпкерлік қандай пайда әкеледі?

Топтық жұмыс кезінде, желіммен және қайшымен жұмыс кезінде оқушылардың қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу