Күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: дүниетану

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

5-бөлім. «Табиғат құбылыстары»

Күні:

Сыныбы: 4

Мектеп:

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-жасанды ортаның не екенін және ондағы қауіпқатерлер туралы біледі;

-қауіп-қатерлердің зардабын түсінеді және оны болдырмау жолын ойластырады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-жасанды ортаға анықтама бере алады;

-жасанды ортадағы қауіп қатерлерді атай алады;

- қауіп-қатерлердің зардабын түсіндіреді;

-жасанды ортада төтенше жағдайларды болдырмау жолдарын көрсете алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- жасанды ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлайды.

Терминология:

  • жасанды орта

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Күнделікті өмірде қауіпті жағдайлардың болу себебі неде: табиғат құбылыстары немесе адамның іс-әрекеттері?

- Төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін алдын ала қандай шаралар қабылдау керек?

Жазуға арналған сұрақтар:

  • Жасанды ортада қауіпсіздік жоспары.

Құндылықтарды дарыту

Әр түрлі мамандық иелеріне құрмет көрсету, қоршаған ортаға және жақын адамдарға ұқыпты және мұқият қарауға тәрбиелеу, өз өмірі мен жақындарының өміріне жауапты азаматтық ұстанымды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың ауа-райының қолайсыз жағдайларында өзін-өзі ұстау ережелері туралы, табиғи апат түрлері жайлы білімдерін қамтиды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

  • «Миға шабуыл» әдісі (жұппен)
  • Табиғи апаттар туралы не білесіңдер?
  • «Фишбоун» әдісін қолдана отырып, барлық ақпараттарды ортаға салыңдар.

Оқушылар жұппен жұмыс істейді, негізгі ұғымдарды бекітеді, өткен сабақтың білімін жандандырады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-жасанды ортаның не екенін және ондағы қауіпқатерлер туралы білу;

-қауіп-қатерлердің зардабын түсіну және оны болдырмау жолын ойластыру.

Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

9-12

13-18

19-24

25-31

32-38

  • Анықта (фронтальды жұмыс)

-Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

- Табиғи орта дегеніміз не?

-Суреттегі нысандар табиғи ортаға жата ма?

-Бұл нысандарды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Бұл ортада қандай қауіп-қатерлер кездесуі мүмкін?

-Жасанды орта туралы ақпаратты оқыңдар.

Оқушылар өз бетінше жұмыс істейді, оқулықтағы ақпаратпен танысады, сұрақтарға жауап береді, табиғи ортаны жасанды ортадан ажыратуды үйренеді.

Бағалау критерийлері:

-жасанды ортаға анықтама бере алады;

-жасанды ортадағы қауіп қатерлерді атай алады;

  • Ойлан (жұппен)

-Кестедегі ақпаратты оқыңдар.

Төтенше апаттардың шығу себептері

Табиғи құбылыстар

Адамдардың әрекеті

Жер сілкінісі, су тасқыны, дауылдардың әсерінен электр желілерінің үзілуі, өрттің шығуы, жол жиегіндегі ағаштардың құлауы және тағы басқа апаттар.

Ғимараттарда, өндіріс орындарында қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, жарылыстардың болуы, өрттің шығуы, қоғамдық көліктерде жол апаттарының орын алуы және тағы басқалар.

- Төтенше жағдайлардың шығу себептері қандай?

- Өздерің естіген төтенше жағдайларға мысалдар келтіріңдер.

-Бұл төтенше жағдайлар неліктен болды?

Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Тапсырманы орындау кезінде олар ақпаратты кесте деректерінен және жеке тәжірибе негізінде алады.Қабілеті төмен оқушыларға ірі ТЖ туралы ақпараты бар карточкаларды ұсынуға болады. Әрбір жұп бір төтенше жағдайдың мысалын және оның пайда болу себептерін келтіреді.

5. Талқыла (топпен)

-Өрт туралы ақпаратты оқыңдар.

- Ғимаратта өрт неден пайда болуы мүмкін деп ойлайсың?

- Өртті болдырмау үшін алдын ала қандай шаралар қолдану керек?

Оқушылар топта жұмыс істейді. Ақпаратты талқылайды, белгілі бір тұжырымдарға келеді. Содан кейін бұл қорытындыларды сынықахабарлайды.

Бағалау критерийлері

- қауіп-қатерлердің зардабын түсінеді.

-жасанды ортада төтенше жағдайларды болдырмау жолдарын көрсете алады;

6. Зертте (жеке)

-Қарапайым бір күніңді есіңе түсір.

-Бір күнде болған оқиғаларды тізіп шық

-Бір күн ішінде кездесуі мүмкін қауіп-қатерлерді болжа.

-Кездесуі мүмкін қолайсыз немесе қауіпті жағдайлардан сақтану үшін не істеу керектігін ойлан

- Кестені толтырыңдар.

Оқушылар өз бетінше жұмыс істейді, мүмкін болатын қауіптерді және олардың алдын алу тәсілдерін белгілей отырып, өз күн тәртібін құрайды. Жұпта бір-бірінің жұмысын бағалайды

Бағалау критерийлері::

-жасанды ортада төтенше жағдайларды болдырмау жолдарын көрсете алады;

7. Байқап көр (топпен)

-Мектепте қандай қауіптер кездесетінін болжап, ескерту тақтайшасын дайында.

-Оны тиісті тұратын орынға апарып бекіт.

Оқушылар топтарда белгі, жазулар түрінде ескерту тақтайшаларын жасайды. Дайын тақтайшаларды тиісті орындарға орналастырады.

Фотосуреттер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №4

Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №5

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №6

Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

А4 парағы, маркерлер, фломастерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз).

Слайд №8

Сабақтың соңы

39-40

«Табыс ағашы» стратегиясы

-Бүгінгі сабақтың тақырыбын қаншалықты жақсы түсінгенің туралы ойлан.

- Стикеріңді "табыс ағашына" орналастыр: тақырыпты жақсы түсінген сайын-ағаштың шыңына жақын боласың.

Оқушылар өз іс-әрекетін және материалды меңгеру деңгейін өз бетімен бағалайды, ағаш суретіне өз атын жазыпстикерді бекітеді.

Ағаштың суреті, стикерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №9

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға "Зертте" айдарына байланысты мәтін түрінде тапсырманы орындауды ұсыну. Қабілеті төмен оқушыларға "Зертте"тапсырмасында жұмыс істеу кезінде нақты төтенше жағдайлар туралы деректерді ұсынуға болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Табыс ағашы" стратегиясы сабақта алған білімдерін жинақтауға, оқушылардың өзін-өзі бағалауын жүргізуге мүмкіндік береді. Сабақ адамның шаруашылық қызметі мен табиғи құбылыстарға байланысты төтенше жағдайлардың пайда болу себептерін талдай білуді, себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді дамытады.

Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз:

- Жасанды орта дегеніміз не?

- Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері қандай?

- Төтенше жағдай туындаған кезде адам өзін қалай ұстау керек?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу