Күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар
- «Миға шабуыл» әдісі.
Сабақтың кіріспе тапсырмасын орындай отырып, оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін өзектендіре алады. Тапсырманы орындау үшін "Миға шабуыл" және "Фишбоун" әдістері қолданылады. Оқушылар жұппен жұмыс істейді, өткен сабақта табиғи апаттар туралы білгендерін еске алады, ақпаратты құрастырады. Дайын жұмыстарды тақтаға орналастыруға болады, кейбір оқушылардан өз қорытындылары туралы айтып беруін сұрай аласыз. Жұмысты бағалауды "үш шапалақ" әдісі арқылы жүргізуге болады.
- Сабақ мақсатын анықтау. Орындалған тапсырма негізінде оқушылар сабақ тақырыбын анықтап және оның мақсаттарын болжай алады
- Анықта. Келесі тапсырма "табиғи орта" және "жасанды орта"ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс фронтальды түрде жүргізіледі, оқушылар иллюстрацияларды оқып, жауап бере отырып, өз пікірін айтуға үйренеді. Жасанды орта нысандарын атай отырып, оқушылар болуы мүмкін қауіптерді түсінуге үйренеді. Жұмысты мұғалімнің түсініктемесімен бағалауға болады: "сен тапсырманы жақсы орындап,…»
- Ойлан.Тапсырма жұппен орындалады. Оқушылар кесте мәліметтерін оқып, төтенше жағдайлардың пайда болу себептерін анықтайды. Олар теледидардан, ата-аналарынан естіген немесе оқыған ТЖ мысалдарын келтіреді. Жұмыс барысында оқушылар төтенше жағдайлардың көпшілігі адамның шаруашылық қызметімен байланысты екенін түсінуі тиіс. Сондықтан тұрмыста және өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтау маңызды. Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалай алады: "жұмыс үшін рахмет!"Бұл тапсырманы орындау үшін қабілеті төмен оқушыларға нақты ТЖ және олардың себептері туралы ақпаратты ұсынуға болады.
- Талқыла.Оқушылар топта жұмыс істейді, топқа бөлу үшін сыныптағы орындарын қолдануға болады. Алдымен оқушылар Алматы сауда орталығындағы өрт туралы жаңалықтармен танысады. Ақпаратты ұқсас оқиғамен алмастыруға болады. Оқушылар өрттің ықтимал себептерін және осындай төтенше оқиғадан қалай құтылуға болатынын талқылайды. Топтарда оқушылар бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, қорытындыға келеді. Топ ТЖ алдын алудың ықтимал тәсілдері туралы қорытындыларын сыныпқа баяндайды. Осы тапсырманы орындай отырып, оқушылар төтенше жағдай кез-келген уақытта және кез-келген жерде туындауы мүмкін деген түсініктерді бекітеді, оның себебі көбінесе адам факторы болып табылады, сондықтан мұндай жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін білу қажет. Топ жұмысын бағалау "Бас бармақ"әдісі арқылы жүргізіледі.
- Зертте.Алған білімдерін бекіте отырып, оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Әрбір адам өзінің әдеттегі күні туралы кестені толтырады, қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін, не болуы мүмкін және егер жағымсыз нәрсе орын алса, өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Оқушылар сабақ барысында алған білімі мен жеке өмірлік тәжірибесіне сүйенуі мүмкін. Дайын кестелерді оқушылар өзара тексеру үшін бір-біріне береді. Кейбір оқушылар "мен келісемін..." немесе "Мен келіспеймін..." деп өз ойларын білдіреді. Қабілеті жоғары оқушыларға берілген тапсырманы орындау үшін эссе жазуды да ұсынуға болады.
- Байқап көр. Оқушылар жасанды ортада әртүрлі төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін екенін түсінгеннен кейін топтардан ықтимал қауіптілік туралы ескертетін кесте/көрсеткіш/белгі әзірлеуді сұраңыз. Бұл кесте нақты мектеп ғимараты үшін жасалсын, онда оқушылар қауіпсіздік тұрғысынан өз мектебі мен сипатын талдай алады. Оқушылардың жасаған белгілерін тікелей мектеп ғимаратында, қауіпті жерлерде орналастыруға болады. Оқушылар белгінің жарқын, қысқа және барлығына түсінікті, аз мәтін - көп сурет болу керек екендігін түсінуі тиіс. Жұмыс критерийлерін алдын ала айту керек.
- «Табыс ағашы» стратегиясы. Сабақта өз жұмысын қорытындылай келе, оқушылар "Табыс ағашын"қолдана отырып өзін-өзі бағалайды. Әр оқушы ағашта өз аттары жазылған стикерлер бар: сабақ тақырыбын неғұрлым жақсы түсінсе – ағаштың жоғары жағына қарай бекіту керек. Өзін өте жоғары және өте төмен бағалаған оқушыларға назар аудару керек.
Теориялық материал
«Фишбоун» әдісінің тиімділігі берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қолданылуы: Жар қағазға балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы сызбаларға сұрақтарын, төменгі жағына сызбаларға жауабы жазылады. Балық қабырғасының саны жетіден кем болмауы керек, түйінді ой құйрығына жазылады. Қосымша сұрақ туындайтын болса үстінгі және астынғы қабыршақтарға жазады.
Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.Берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
http://www.zkoipk.kz/kz/2017seminar/2section/3454-conf.html
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апатсалдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс. Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала. Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
http://flatik.ru/i-ttenshe-jadajlardi-trleri-men-sipattamalari-ttenshe-jadaj
Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде және жер сілкінісінен кейін не істеу керек
Жер сілкінісіне дейін: өзіңізге үлгі жасап шығарыңыз: күшті жер сілкінісі болды делік, сіздің құтқару бағытыңыз қандай болады, егер сіз мысалы жұмыста, үйде болсаңыз, ал сіздің балаларыңыз мектепте немесе балабақшада болса?
Өзіңіз және өз жанұяңыз үшін мүмкін нұсқаларды әзірлеңіз: жасырыну үшін қауіпсіз орындар қайда бар, жер сілкінісінен кейін қай жерде кездескен жақсы және т.б. Сіздің «сценарийіңіз» авариялық ахуалда абыржымастан әрекет жасауға көмектеседі.
Мыналарды:
Құжаттар;
Үш күнге тамақ және су қоры;
Бірінші медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен;
Электр шамы және сіріңке;
Жылы киім және аяқ киім салынған сөмке немесе рюкзакты алдын-ала дайындаңыз және дайын етіп ұстаңыз.
Жер сілкінісінің бірінші дүмпуі кезінде:
Ең бастысы есте сақтаңыз: егер жер сілкінісі басталса, үрейленбеңіз және басқалардың үрейіне берілмеңіз. Газды, суды және электрді сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күшті аз болса, қорықпаңыз және дұрысы өзіңіз тұрған жерде күте тұрыңыз.
Екінші және одан жоғары қабатта болсаңыз үй-жайды тастап кетпеңіз. Ішкі қабырғадағы қауіпсіз жерде, бұрышта, есік ойығында, тірек бағанасының қасында тұрыңыз, ваннаға жатыңыз. Кереуеттің, үстелдің астына жатыңыз – олар сізді құлайтын заттардан немесе сынықтардан сақтайды. Терезелерден және ауыр жиһаздан алысырақ тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз:
Ғимараттардан және электр беру желілерінен алыс ашық жерге барыңыз, жұлынған электр әуе желілеріне жақындамаңыз. Ғимарат бойымен жүрмеңіз және олардың ішіне кірмеңіз.
Егер сіз автокмобильде болсаңыз:
Дүмпу тоқтағанша, автомобильді тастамай, ашық жерде тұрыңыз. Жер сілкінісі кезінде топырақтың қозғалысынан адам құрбандары өте сирек болатынын есте сақтаңыз. Жер сілкінісі кезіндегі жазатайым оқиғалардың басты себептері:
Ғимараттың жеке бөліктерінің құлауы
Сынған әйнектердің құлауы
Жұлынуы электр желілері
Пәтердегі ауыр заттардың құлауы
Өрттер
Үрей кезінде адамдардың бақылаусыз мінез-құлқы
Егер сіз барлық қажетті сақтық шараларын сақтайтын болсаңыз, құрбандар санын азайтуға болады
Жер сілкінісінен кейін:
Мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз
Егер қосымша қару-жарақ қажет болмаса, үйіндіден зардап шеккендерді шығарыңыз
Радиоқабылдағышты қосыңыз
Мүмкіндікке қарай су құбырын, газды және энергожабдығын сөндіріңіз
Ашық отты пайдаланбаңыз
Жер сілкінісі болған кезде болған жеріңізді тастап бара жатқанда абай болыңызНазар аударыңыз!
Радионы қосып жүріңіз!
Төтенше жағдайлар бойынша қызметтердің сигналдарын тыңдаңыз
"Баршаның назарына!"
Айқын бұзылған ғимараттарға бармаңыз және олардың ішіне кірмеңіз. Қайта дүмпулерге әзір болыңыз, олар бірнеше тәуліктен, аптадан немесе айдан кейін болуы мүмкін болса да, жер сілкінісінен кейінгі бірінші 2-3 сағат ең қауіпті болып саналады. Жер сілкінісінен кейін көп уақыт өтсе, қайта дүмпулердің ықтималдығы аз екені мәлім.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ қысылу синдромы – ең қауіпті жарақаттардың бірі. Құрылыс конструкцияларының сынықтарынан, құлаған ағаштар діңдерінен, ауқымды жиһаз және соған ұқсас ауыр заттардың адамның қолына немесе аяғына ұзақ әсерінен қан жүру тоқтайды. Крэш-синдромның салдарлары ампутациямен жиі байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ қысылу синдромын анықтағаннан кейін барлық дененің сыртқы байқауын жасаңыз; ауруды басатын заттарды міндетті түрде беріңіз; қысылу орынның үстіне жгут салыңыз, зардап шегушіні босатып, жылытыңыз. Бір минутты жоғалтпау қажеттігін есте сақтаңыз. Адамды ауруханаға дереу апарыңыз, оған мамандардың көмегі қажет. Сіз қолыңыздан келгеннің барлығын істедіңіз.
Сел
Сел - бұл таулы аудандарда тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен үлкен қарқынмен құлай ағауымен сипатталатын құбылыс.
Селдің пайда болу себептері - ол мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болады. Сел кенеттен пайда болып, жоғары жылдамдықпен (секундына 10 метр және одан да артық) жүреді және он минуттан бірнеше сағатқа дейінгі аралықта бірнеше рет орын алады. Селдің алдыңғы толқынының биіктігі 15 метрге дейін жетуі және одан да асуы мүмкін. Селдің күрілі алыстан естіледі.
Селге қалай дайындалу керек?
Әдетте сел жүретін жерлер белгілі. Тауға шығар алдында өз жол бағытыңызды зерттеңіз, әрі сел қаупі бар жерлерге, әсіресе қатты нөсерден кейін, бармаңыз. Селге тап болсаңыз, аман қалу мүмкіндігіңіз аз екенін есте сақтаңыз. Селден оған жоламай ғана құтылуға болады. Қауіпсіз жерге кету кезінде үйден шықпас бұрын электр, газ және су желілерін сөндіріңіз. Есіктерді, терезелер мен вентиляциялық саңылауларды мықтап жабыңыз.
Сел кезінде не істеу керек?
Сел дауысын естігенде сайдың етегінен өрге қарай кем дегенде 50-100 м биіктікке көтерілген жөн. Селдің қарқынымен адам өміріне қауіп төндіретін үлкен тастар алыс жерлерге ұшуы мүмкін екендігін ескерген абзал.
Селден кейінгі іс әрекет
Селден жапа шеккендерге көмектесіп, сел жолындағы үйінділерді жинауға жәрдемдесіңіз. Егер сіз зардап шексеңіз - өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысыңыз. Жарақаттанған жерлерді сәл биіктеу ұстап. Оған мұз (суланған мата) басып, таңып байлаңыз. Кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
Қар көшкіні– бұл таудың құламалы беткейлерінен құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30 метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны. Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады. Ресейдің көшкін қаупі бар аймақтары: Кольск жартылай аралы, Орал, Солтүстік Кавказ, Шығыс және Батыс Сібір, Алыс Шығыс болып табылады. Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті. Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың қардың астында қалуы мүмкін.
Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?
Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:
- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін бақылаңыз;
- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді біліңіз;
Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде 30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық құламадан түседі. 45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.
Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.
Алдын-алу шаралары
Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады, көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады.
Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.
Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері.
Егер сізге қар көшкіні құласа не істеу керек?
Аузыңыз бен мұрыныңызды қолғаппен, бөкебаймен, жеңмен жауып, көшкінмен келе жатып, қолыңызбен жүзу қимылымен көшкіннің бет жағында, шет жағына жылжып жылдамдығы аздау жерде болуға тырысыңыз. Көшкін тоқтаған уақытта бетіңіз бен кеудеңіз тұсынан ашық жер жасаңыз, бұл дем алуға көмектеседі. Егер мүмкіндік болса жоғары қарай жылжыңыз. Көшкін арасында жатып айғайламаңыз, себебі қар дауысты жібермейді, айғай мен бос қимылдар сізді күшіңізден, ауа мен жылудан айырады. Өзіңізге ие болыңыз, ұйықтауға жол бермеңіз, есіңізде болсын сізді іздеп жатыр (көшкін астынан бесінші, тіпті он үшінші күні адамдарды құтқарған оқиғалар белгілі)
Көшкін түскеннен кейін не істеу керек
Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз, болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.
Су тасқыны
Су тасқыны- бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады.
Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
- Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
- Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
- Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немесе рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
- ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз орынға апарыңыз;
- өз үйіңізді апат соққысына дайындаңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, жатын жаймалары мен дәретханаға қажеті заттарды сонымен қатар үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.
№ | Тақырыбы | Сілтемелер | Ұзақтығы |
1 | Жер сілкінісі кезіндегі іс әрекет | 1:45 2:48 | |
2 | Су тасқыны кезіндегі халықтың жасайтын іс-қимылдары | 2:04 | |
4 | ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ресми интернет-ресурс | 5:00 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру