Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • «Адасқан әріптер» ойыны

"Қатер" ұғымын талқылау кезінде оқушылардың жауаптарының барлық нұсқалары қабылданады. "Табиғи ортадағы қатерлер" ұғымына алып келіңіз. Ұғымды енгізіңіз.

Қатер - адамның өмір сүру ортасындағы қауіпті жағдайдың туындау мүмкіндігі.

  • «Еске түсіреміз» тапсырмасы

Жағдайларды шешу жолдарын табу тапсырмасы табиғи катаклизмдер, табиғи катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері, адамның табиғи және жасанды тіршілік ету ортасы туралы білімдерін қайталауға мүмкіндік береді.

  • «6 НЕГЕ» стратегиясы

Сұрақтардың сапасына назар аударыңыз. Сұрақтар тек мәтін бойынша ғана емес, одан тыс та болуы мүмкін. Оқушыларға сұрақтардың қайталануына жол берілмейтіні туралы ескертіңіз.

Сұрақ үлгісі:

Неге көптеген қауіпті жағдайлар адам қызметімен байланысты?

  • "Табиғат аясындағы демалыс" қызықты оқиғалар байқауы тапсырмасын оқушылар жеке орындайды. Оқушылармен алдын ала алгоритм мен бағалау критерийлері талқыланады.
  • «Үлкен және кіші шеңбер" дидактикалық ойыны

Оқушылар 2 шеңберде — ішкі және сыртқы болып тұрғызылады. Екі шеңбердегі оқушылар саны бірдей болуы керек. Ішкі шеңбер мүшелері сабақ тақырыбы бойынша ғана емес, сонымен қатар "Су-тіршілік көзі" бөлімі бойынша сыртқы шеңбер мүшелеріне сұрақтар қояды. Содан кейін ішкі шеңбердің мүшелері серіктесін өзгерте отырып қозғалады. Ойын ішкі шеңбердің әрбір мүшесі сыртқы шеңбердің әрбір мүшесімен бетпе-бет келгенге дейін жалғасады. Белгі бойынша қозғала отырып, әрбір оқушыда сұрақ қою және жауап беру мүмкіндігі болады.

Үлгі сұрақтар:

  • Қолайлы және қолайсыз табиғат жағдайларын ата, мысалдар келтір.
  • Адам өмірі үшін қандай табиғи жағдайлар қажет?
  • Неге адамдар шаруашылық қызметтің әр түрімен айналысады? Бұл олардың қоныстану орындарымен қалай байланысты?
  • Табиғи катаклизмдердің салдары қандай?
  • Табиғи катаклизмдердің қалай алдын алуға болады?
  • Төтенше жағдай дегеніміз не?
  • Төтенше жағдайлар кезінде сенің іс-әрекетің? Мысал келтір.
  • Зауыттағы жарылыс табиғи катаклизм бе? Неліктен?
  • Өз сұрағың.
  • Қосымша:

«Мен – зерттеушімін» тапсырмасы

Әрбір топ газет материалдарында басылған ақпаратты зерделейді және табиғи ортадағы қатерлер мен қауіптерді анықтайды. Оларды шешу жолдарын жоспарлайды. Тапсырма соңында оқушылар бір-біріне кері байланыс береді, онда оң сәттерді көрсетіп, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

  • Теориялық материал:

Төтенше жағдайлардағы өзін – өзі ұстау ережелерінің алгоритмі

  • Кез келген апаттық жағдайларда үрейленбеу және басқалардың үрейленуіне жол бермеу;
  • Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты тыңдау;
  • Газ, су және жарықты сөндіру;
  • Құжаттар салынған рюкзак немесе сөмкені әзірлеу;
  • Үш күнге жететін тамақ пен су алу;
  • Жылжымалы электр фонарды салу;
  • Алғашқы медициналық көмек дәрідорбасы мен медикаменттер алу;
  • Жылы киім мен аяқ киім алу;
  • Радио немесе теледидардан келесі ақпаратты күту.

  • Пайдалы сілтемелер
  • Мультфильм

Қауіпсіздік әліппесі

https://www.youtube.com/watch?v=5sLJO6RBTE0

  • Мультфильм

Балаларға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау

https://www.youtube.com/watch?v=6lF11yEKOWQ

  • Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелері

https://www.youtube.com/watch?v=rds7mfvClC0

  • Суға шомылу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелері

https://www.youtube.com/watch?v=-DucHjSX9Xw



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу